47. Органикалық молекулалардың абиогендік синтезі. Тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар. Қазіргі кезде Жерде тіршіліктің пайда болуы мүмкін бе?
48. Криптозойда тіршіліктің дамуы. Архей. Протерозой. Жануарлардың алуан түрлілігің күрт жоғарылауы. Палеозой заманында тіршіліктің дамуы. Кембрий, Силур, Ордовик, Девон, Тас көмір, Пермь.
49. Мезозой заманында тіршіліктің дамуы. Триас. Юра. Бор. Кайнозой заманында тіршіліктің дамуы.
50. Органикалық дүниенің алуан түрлілігі.
Биология 9 сынып
Сабақтың тақырыбы:§ 46 Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастардың дамуы. Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы теориялар. Л. Пастердің тәжірибесі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларға тіршіліктің пайда болуы туралы түсінік беру.
Дамытушылық. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Ұқыптылыққа, тазалыққа баули отырып, гигиеналық, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақты өткізу әдісі: түсіндірмелі көрнекілік, нұсқаушы ойға түсіруші, сұрақ, жауап.
Сабақтың көрнекілігі: биосфера
Сабақтың барысы.
а) сәлемдесу;
ә) оқушыларды түгелдеу;
б) сынып тазалығына көңіл бөлу.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
1. Бейімделгіштік деген не?
2. Бейімделгіштік қандай күштердің әсерінен пайда болады
3. Ароморфоз бен ортаға көндігу арасындағы айырмашылық неде?
4. Морфологиялық алға басудың себептері
5. Ароморфоздан соң үнемі ортаға бейімделгіштік бола бере ме?
6. Азғындау мен ортаға көндігу арасындағы айырмашылық неде?
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Ғылыми деректер бойынша Күн жүйесіне жататын Жер ғаламшары бұдан 4, 5 — 5 млрд жыл бұрын газды - шаңды тұманнан пайда болған. Мұндай газды - шаңды материя қазіргі кезде жұлдызаралық кеңістікте де кездеседі. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы үшін ғарыштық және ғаламшарлық кейбір алғышарттар қажет. Ол үшін ғаламшардың өзіне тән мөлшері болу шарт. Ғаламшардың мөлшері тым үлкен болса, табиғи радиоактивті заттардың атомдық ыдырауынан бөлінген энергияның әсерінен ғаламшар өте қызып кетуі мүмкін. Ғаламшардың тым қызып кетуі қоршаған ортаның радиоактивті заттармен ластануына жағдай жасайды. Ал ғаламшардың мөлшері тым кіші болса, ол өз айналасындағы атмосфераны ұстап тұра алмайды. Ғаламшарлар жұлдыздарды орбита бойынша айнала қозғалуы арқылы тұрақты түрде және біркелкі мөлшерде өзіне қажетті энергия алып тұруы тиіс. Ғаламшарға энергия ағысы бір қалыпты түспесе тіршіліктің пайда болуы мен дамуы мүмкін емес. Өйткені тірі ағзалардың тіршілігі белгілі бір температуралық жағдайда ғана жүріп отырады. Қорыта айтқанда, Жер ғаламшарында тіршіліктің пайда болуының алғышарттарына — ғаламшардың қажетті мөлшері, энергия және белгілі температуралық жағдайлар жатады. бұл айтылған алғышарттар тек Жер ғаламшарында ғана болғандығы ғылыми дәлелденген. Тіршіліктің пайда болуы, адам баласын өте ерте кездерден бастап - ақ толғандырып келе жатқан күрделі мәселенің бірі. Ол жайында көптеген болжамдармен көзқарастар бар.
Ертеде ғылыми деректердің аздығынан тіршіліктің пайда болуы туралы түрлі көзқарастар қалыптасты. Ежелгі грек философы Аристотель (б. з. д. IV ғ.) бит — еттен, қандала — жануар шырынынан, шұбалшаң — балшықтан пайда болады деген көзқарасты ұстанды.
Грек философиясының негізін салушылар Фалес және т. б., органикалық дүниенің негізін қоршаған ортадағы әр түрлі заттардан іздеді. Фалес ондай негізгі зат су деп есептеді және содан өздігінен тіршілік пайда болды деп қорытынды жасады. Орта ғасырларда да ғылыми деректердің жинақталуына қарамастан тіршіліктің пайда болуы жайлы түрлі көзқарастар орын алды. XVII ғасырдың орта шеніне дейін тіршілік өздігінен өлі табиғаттан пайда болады деген көзқарасты қолдаушылар көп болды. Кейінгі кездегі микроскоптың ашылуына байланысты ағзалардың құрылысы жайындағы деректер нақтылана түсті. Осыған сәйкес тіршіліктің өлі табиғаттан пайда болуына күмән келтіретін тәжірибелер жасала бастады.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Толық нұсқасын қарау