Сайтқа кіру Тіркелу

Тіршілік үшін күрес. Түрішілік күрес. Түраралық күрес. Сұрыптаудың тиімділігі (биологиядан күнделікті сабақ жоспары)

41. Тіршілік үшін күрес. Түрішілік күрес. Түраралық күрес. Сұрыптаудың тиімділігі.
42. Популяциялар ішіндегі табиғи сұрыпталудың формалары. Қозғаушы сұрыптау.
43. Тұрақтандырушы сұрыптау. Гендер дрейфі. Популяциялық толқындар. Оқшаулану.
44. Бейімділік. Қорғаушы рең. Жасырушы рең. Мимикрия. Сақтандырушы рең. Тырмалы Бейімділіктің жетілдірілуі. Және оның салыстырмалы сипаты.
45. Түр түзілу. Эволюциялық процестің негізгі бағыттары. Эволюция бағыттарының арақатынасы


Биология 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: §41Тіршілік үшін күрес. Түрішілік күрес. Түраралық күрес. Сұрыптаудың тиімділігі.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Тіршілік үшін күрестің түрлерімен және олардың жануарлары мен өсімдіктердің арасындағы әртүрлі бағыттарда жүретінін түсіндіру.
2. Дамытушылық: Оқушыларды жұптасып, топтасып жұмыс жасай білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Оқушылар бір – бірін сыйлауға, өз ойларын ашық айтуға
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың түрі: Ішінара ізденіс сабағы.
Сабақтың әдісі: Үлестірме тапсырмалар.
Көрнекілігі: электронды оқулық

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Жаңа материалды түсіндіру
4. Бекіту сұрағы
5. Қорытынды.

Ұйымдастыру кезеңі
а) Сынып оқушыларын түгендеу.
б) сабаққа назарларын аударту.
2. Үй тапсырмасын сұрау
1. Эволюциялық үдерісте тіршілік үшін күрестің рөлі неде?
2. Өсімдіктерде және жануарларда болатын тіршілік үшін күрестің барлық түрлеріне мысал келтіріңдер
3. Оңай кездейсоқтық деген не?
4. Адам жабайы табиғатта қандай сұрыптау жүргізеді?
5. Күрестің қай түрлері барлығынан күштірек өтеді?

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру
Күрестің бұл формасы бір түр дарақтарының арасында өтеді. Мұндай күреске бұғылардың немесе өзге жануарлардың күйлеу бәсекелестігі; қарағайлы немесе шыршалы ормандардағы өсімдіктердің бір түрінің жарық үшін бәсекелестігі мысал бола алады. Күрестің бұл түрі өте шиеленіскен форма, оның барысында көбінесе дарақтар өледі.
Шынында да көптеген сүтқоректілерде күрестің бұл түрі тууға дейін басталып кетеді. Көп ұрпақ беретін андардың (тышқандар, иттер) бір ұяласында салмағы мен мөлшері біркелкі емес күшіктері болады. Бұл ұрықтық деңгейден - ақ туыстас еркек және ұрғашы күшіктер қағанақ арқылы анасының ағзасынан түсетін қоректік заттар үшін бәсекеге түсетінін дәлелдейді. Сөйтіп қоректік заттарды мол пайдаланатын, дамуы тезірек жүретін күшіктердің дені сау, күштірек болады да бірінші болып тууға мүмкіндігі көбірек болады. Туу соңынан бәсекелестік үдерісі күшейе түседі.
Бір ұядағы балапандар ата - енесі әкелген қорек үшін бәсекелеседі. Жануарлардың бір жұбында бір маусымда ұрпақтары неғұрлым көп болса, олардың арасында тіршілік үшін түрішілік күрес соғұрлым күштірек болады. Мәселен, теңіз шошқасының ұяластарындағы елім - жітім мөлшерінің өте кеп болуы туған күшіктер санының көптігіне төуелді болатыны байқалған. Дамудың мұндай тетігі ұрпақ тығыздығын тежейді.
Туған дарақтар саны 2 3 4 5 6
Өлім - жітім %- ы 22% 27% 38% 45% 70%
Мұндай жағдай жануарларда ғана емес, өсімдіктерде де бар.
Мәселен, өсімдіктің бір түрінің тұқымын бірдей мөлшерлі үлескіде өсіруге сынақ тәжірибе қойылған. Егілген тұқымның саны мен сапасы (өнгіштігі) бірдей, бірақ топырақ типтерінде айырмашылық болған. Тыңайтылған топырақтағылардың өлім - жітімі 16, 5% болған. Ал құнарлы заттарға байытылмаған, тыңайтылмаған топырақтағылардың өлім - жітімі 36%- ға жеткен. Өскіндер биіктігінде де айырмашылық байқалған. Тыңайтылған топырақта өскін биіктігі орташа мөлшерден 40 - 50% жоғары болды. Осындай сынақ тәжірибеден түрішілік бәсекелестік қатал болады деп қорытынды жасауға болады. Дәл сол аумақта бір түрдің дарақтар саны көбірек болса, күрес күштірек және өлім - жітім соғұрлым жоғары болады.
Түрішілік күрес негізгі үш бағытта іске асады. Олар:
1. қорек үшін,
2. жыныстас әріптесі үшін,
3. аумақ үшін күрес.
Өсімдіктерде жыныстас әріптесі үшін күрес, әсіресе өздігінен тозаңданатын түрлерде шартты сипатта болады.
Бұдан басқа бүкіл түрішілік және тұраралық күресті тура және жанама деп бөлуге болады. Тура күрес кезінде дарақтар ашық соқтығысады. Мысалы, көптеген түрлердің аталықтары (әтештер, қоңыздар, иттер, мысықтар, морждар) аналықты иелену үшін қақтығыс жарысқа түседі. Жануарлардың көпшілігі (қоңыр аю, арыстандар) аумақ үшін жұлқысады. Қорек жетіспесе (шортандар) немесе өзге себептер әрекетінен (арыстандар тұрақты топ жетекшісі ауысқан кезде) ересек дарақтар өз түріне жататын шабақтар мен күшіктерді жейді.
1. Қызығушылықты ояту сатысы
1. «Күрес» - ұғымы қандай мағынаны білдіреді? Термин сөзге анықтама беріп, тірек сөздерін пайдалану арқылы тақырыппен оқушыларды таныстырып алу. Түрішілік, Түраралық, Абиоздық факторлармен - өлі табиғатпен күрес деген сөздерге анықтама бер. Сұрақ – жауап берген соң оқушыларды жарайсың деп мадақтау.

ІІ. Мағынана тану сатысы
Ойлан – жұптас талқыла
1. Түрішілік күрес қандай жануарлар мен өсімдіктердің арасында не себепті жүреді, нәтижесі немен аяқталады?
2. Күрестің шиленіскен түрі сүтқоректілерде қай кезден басталады? Мысал келтір
3. Теңіз шошқасының өлім – жітім мөлшері

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Толық нұсқасын қарау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бунақденелілер

Бунақденелілер

Бунақденелілердің тіршілік ортасы, даму жолдары, адамға тигізетін пайдасын зиянын түсіндіру, олармен жүргізетін күрес шаралары туралы түсінік беру....

"Тіршіліктің даму тарихы туралы ілім» тарауы бойынша қорытынды сабақ

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы, Абай атындағы орта мектебінің химия және биология пәндерінің мұғалімі Жанханова Тілекші Саясатқызы...
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күрес

Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күрес

Қазақ халқыны жоңғар басқыншыларына қарсы күресі туралы түсінік беру. Туған жерге, туған жердің табиғатына саяхат жасаумен және ел тарихына мағлұмат...
Тіршілік үшін күрес, оның себептері мен түрлері

Тіршілік үшін күрес, оның себептері мен түрлері

Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, М. Әуезов атындағы №6 мектептің биология пәні мұғалімі Сейтімбетова Ботакөз Әбілқызы...
Табиғи сұрыптау – эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші

Табиғи сұрыптау – эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші

Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті №176 орта мектеп Игембаева Гүлнар Ыдырысқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×