Сайтқа кіру Тіркелу

Митоз жыныссыз көбеюдің негізі екендігі, оның фазалары. Митоздың биологиялық мәні (күнделікті сабақ жоспары)

16. Митоз жыныссыз көбеюдің негізі екендігі, оның фазалары. Митоздың биологиялық мәні.
17. Организмдердің көбею формалары. Жыныссыз көбеюдің түрлері. Жынысты көбею.
18. Мейоз және оның биологиялық мәні. Мейоздың фазалары. Сперматогенез. Овогенез
19. Жануарлар мен гүлді өсімдіктердегі ұрықтану. Ұрықтанудың биологиялық маңызы.
20. Организмдердің жеке дамуының элементарлық түсінігі. Жасушалардың бөлінуі, өсуі, жіктелуі, органогенез, даму, қартаю, даралардың өлуі. Ұрықтардың ұқсастығы.

Биология 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Митоз жыныссыз көбеюдің негізі екендігі, оның фазалары. Митоздың биологиялық мәні.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларға жасушаның бөлінуі митоз және мейоз туралы түсінік беру.
Дамытушылық. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Ұқыптылыққа, тазалыққа баули отырып, гигиеналық, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақты өткізу әдісі: түсіндірмелі көрнекілік, нұсқаушы ойға түсіруші, сұрақ, жауап.
Сабақтың көрнекілігі: жасушаның әртүрлі пішіні, өсімдік және жануар жасушалары

Сабақтың барысы.
І Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу;
ә) оқушыларды түгелдеу;
б) сынып тазалығына көңіл бөлу.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
1. Митохондрияда жүретін АТФ синтезі жүреді
а) фоотосинтезде; ә) тыныс алуда; б) көмірсулар синтезінде
2. Митохондрия қызметі
А) әр түрлі заттарды жинайды; ә) жасушаның энергия орталығы; б) рибосома түзеді
3. АТФ синтезі жүреді
А) митохондрияда; Ә) вакуольде; Б) рибосомада
4. 1г көмірсу ыдырағанда бөлінетін энергия
а) 17, 6 кДж; Ә) 38, 9 кДЖ; Б) 15, 2 кДЖ
5. Энергия көзі – АТФ молекуласын және нәруыз, РНҚ молекулаларын синтездеуші органоид
А) гольджи жиынтығы; Ә) митохондриялар; Б) рибосомалар.

ІІІ Жаңа сабақ
Бүкіл тірі ағзалардың көбеюге бейімділігі ажыратылмас бейімділік болып саналады. Олардың бұл ортақ қасиеті жасушалық бөлінумен қамтамасыз етіледі. Жасушаның жарық дүниеге келуінен келесі еншілес жасушалардың түзілуіне дейінгі тіршілігі жасушалық айналым деп аталады. Жасушалық айналым 2 кезеңге: бөлінуге даярлық - интерфаза және бөліну үдерісі - митоз(немесе өзге амалдарға) бөлінеді. Интерфаза немесе өсу фазасы жасушалық айналымның шамамен 80%- ын алады. Бұл цифр әр түрлі ағзаларға тиесі сан алуан жасуша типтерінде барынша өзгерісте болады. Интерфаза кезінде жасушалар өсіп, энергия АТФ және жұғымды заттар түрінде жинақталады, органоидтар саны артады. Пісіп жетілген, бөлінуге даяр жасушаның әдетте ядросы ірі болады. Көптеген жасуша типтерінде бөлінуге даярлық сигналы ядро көлеміне цитоплазма көлемінің қатысы қызмет етеді. Онсыз келесі бөлінудің мүмкіндігі болмайтын маңызды оқиға – еселену (репликация). Егер еселену болмаса, еншілес жасушаларға хромосома жетпей қалады да, қырғынға ұшырайды. Еселену үдерісі шамамен интерфазаның ортасында өтеді. Интерфазаның соңында және бөліне бастаған кезде жасушада хромосомалар болады, олардың әрқайсысында екі - екіден ДНҚ молекулалары орналасады. Бұл молекулалар бірінің - бірі көшірмесі болып есептеледі. Бұл молекулалар кермелену орнында (центромер) қосылып, оны ортақ нәруыз қабықшасы қаптайды. ДНҚ - ның мұндай еселенген молекулалар типі хроматидтер деп аталады. Жасуша бөліне бастаған кезде хромосоманың әрқайсысы екі жартыдан - екі хроматидтен тұрады
Көбеюдің негізі ДНҚ - да жазылған генетикалық ақпаратты сақтау және тасымалдау болғандықтан, митоздың ең басты сипаты — ДНҚ - ның орналасатын жері хромосомалардың күйіне байланысты.
Митоздық беліну кезінде бір диплоидті жасушадан (2п) генетикалық материалы теңдей бөлінген екі диплоидті жасуша түзіледі. Митоз төрт фазадан тұрады:
1. Профаза.
2. Метафаза.
3. Анафаза.
4. Телофаза.
Профаза. Профазада ядро көлемі үлкейіп, хромосомалар ширатыла бастайды, екі центриоль жасуша орталығы жасушаның полюстеріне ажырайды. Хромосомалар ширатылып, жіпшеге айналып, ядрошық бұзылады. Ядро кабықшасы ыдырайды. Жасуша орталығының центриольдері жасуша полюсіне тартылып, олардың арасындағы микротүтікшелері бөліну ұршығын түзеді. Профаза соңында ядро қабықшасы жеке фрагменттерге бөлініп, олардың шеткі ұштары қабысады. Нәтижесінде эндоплазмалық торға ұқсас ұсақ көпіршіктер түзіледі. Профаза кезеңінде хромосоманың ширатылуы тоқтамайды. Соңында қысқа әрі қалың хромосомаларға айналады. Ядро қабықшасы жойылғаннан кейін, хромосомалар цитоплазмада еркін әрі ретсіз орналасады. Бұл — метафазаның басталғанын білдіреді.

Метафазада хромосомалардың ширатылуы күшті жүреді және полюстерден бірдей қашықтықта орналасқан қыскарған хромосомалар жасуша экваторына бағытталады. Бөліну ұршығының түзілуі аяқталады. Хромосомалардың центромерлі бөліктері белгілі тәртіппен бір жазықтық бойына орналасады. Метафазада пентромер аймағында ғана байланыскан екі хроматидтен тұратын хромосома анық көрінеді. Әр хромосома екі хроматидтен тұрады. Экватор жазықтығына жинақталған хромосомалардың әрқайсысы ахроматин (бөліну жіпшесі) жіпшелеріне жабысады. Ахроматин жіпшесі бекінген хроматидтер жасушаның екі жақ полюсіне жылжиды. Бұл процес анафазаның басталғанының белгісі.

Анафазада центромерлер бөлінелі де, осы кезеңнен бастап ахроматин жіпшелеріне бекінген хроматидтер бір - бірінея ажырап, жеке хромосомаларға айналады. Центромерлерге бекітілген жіпшелер хромосомаларды жасуша полюстеріне тартады, ал хромосома иықтары центромерлерге карай енжар түрде ілеседі. Сонымен интерфаза кезеңінде екі еселенген хромосомалар анафазада хроматидтерге айналып, жасушаның полюстеріне ажырайды. Жасушаның әр полюсінде бір хроматидтен тұратын хромосома, яғни бүл кезеңде жасушада екі диплоидті хромосома жиынтығы пайда болады. Анафазаның соңында хромосоманың шиыршығы жазылады, хромосомалар біртіндеп жіңішкеріп ұзарады. Бұл — телефазаның бастамасы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Толық нұсқасын қарау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Биология пәнінен 9 сыныпқа арналған тақырыптық тест жинағы

Биология пәнінен 9 сыныпқа арналған тақырыптық тест жинағы

Жасуша. Жасушаның химиялық құрамы. 1. Жасушаның айналадағы құбылысқа жауабы: А) қозғалу В) өсу С) көбею Д) тітіркенгіштік Е) бөліну 2. Зат алмасу...
Жасуша және оның құрылысы: ядро және цитоплазма, хромосомалар және гендер

Жасуша және оның құрылысы: ядро және цитоплазма, хромосомалар және гендер

Ақмола облысы. Еңбекшілдер ауданы, Аңғал батыр ауылы, Аманкелді орта мектебінің биология және химия пәні мұғалімі Кемалов Абзал Аманкелдіұлы...
Жасушаның құрылысы мен атқаратын қызметі

Жасушаның құрылысы мен атқаратын қызметі

1. Білімділік: Жасуша құрылысы мен атқаратын қызметі тарауын интерактивті тәсілдерді қолдана отырып, оқушыны шығармашылыққа баулу....
Жасушаның құрылысы

Жасушаның құрылысы

Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Амангелді ауылы, Амангелді негізгі мектебінің химия - биология пәні мұғалімі Қуанышбаева Гүлзада Қамбарқызы...
Жасуша ядросы

Жасуша ядросы

Қостанай облысы, Рудный қаласы №15 мектептің биология пәні мұғалімі Өміржанова Сайран Еспайқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×