Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды жапырақтың ішкі құрылысымен таныстырып, жапырақтың ішкі құрылысындағы бөлімдерімен олардың атқаратын қызметтерімен
таныстыру.
Дамытушылық: Жапырақтың қызметіне тоқталып маңызын түсіндіру. Оқушылардың сабақты меңгергендігін пысықтап бекіту.
Тәрбиелік: Өсімдіктердің жапырағының маңызын түсіндіру. Эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың әдісі: Тірексызба
Көрнекілік: Оқулық, плакаттар, суреттер, кесте, биологиялық диктант.
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру бөлімі:
2. Үй тапсырмасын тексеру:
3. Жаңа сабақты түсіндіру:
4. Жаңа сабақты бекіту:
5. Қортынды:
6. Бағалау.
7. Үйге тапсырма беру:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, жоқ оқушыларды түгелдеу, сыныптың дайындығын тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру:
§Сабақтың түрлері мен қызметі
Биологиялық диктант
............. – өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін байланыстырып тұрады.
Сабаққа ......... жапырақ ........., жеміс бекінеді. ............ сабақ арқылы қозғалады. ........... қатысады.
Тік сабақ - ......... .......... ......... ...... .......... өсімдіктерінде кездеседі.
Жатаған сабақ – өте әлсіз, жұмсақ . Жер бауырлап жатады , ..........болады. Асқабақ , қияр, қауын, қарбыз өсімдіктерінде болады.
.......... . ........ - нәзік болғандықтан айналасындағы өсімдіктерге шырмалып өседі, мұртшалары болмайды. ........ ........ өсімдіктерінде
кездеседі.
Қабық – сабақтың ең сыртқы қабаты, ол .... ..... ..... қабаттарынан тұрады. ......– жас сабақтың сыртын қаптайды, ........– беріктік, мықтылық қасиет береді........–жасушалары ұзын болып түтікше құрайды, қоректік заттар қозғалады.
Тамырсабақ – жапырақ шығармайтын көп жылдық жер асты өркені.
........ – түрін өзгерткен шырынды, қысқарған жер асты өркені.
3.Жаңа сабақты түсіндіру:
Қызығушылықты ояту. Жапырақ туралы оқушылар өз білгендерін жазу .
Жаңа тақырып суреттерді пайдалана отырып тірек - сызбалар арқылы түсіндіріледі.
Жапырақ-өсімдіктің өсу мүшесі. Қызметі:
1. Ауадан көмірқышқыл газы мен су сіңіріп, жарықтың әсерінен органикалық зат түзеді;
2. Жасушадағы артық суды буландырады;
3. Газ алмасады;
4. Органикалық заттарды қорға жинайды;
5. Көбеюге қатысады;
Жапырақтың сыртқы құрылысы.
Жапырақ тақтадан, сағақтан тұрады. Жапырақтың кеңейтілген бөлімі – тақтасы, сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі сағағы деп аталады.
Сағағы болмайтын жапырақтарды сағақсыз жапырақ деп атайды. Фотосинтез, су булану, газ алмасу, органикалық заттарды қорға жинау жапырақ тақтасында жүреді. Сағағы жапырақты жұлып түсуден сақтайтын берік тірек қызметін атқарады. Сағақ жапырақ тақтасын жарыққа қарай бағыттап, бұрып қозғалтады. Сабақтан сағақ арқылы қоректік заттар жапырақ тақтасына өтеді.
Болдырев негізгі мектебі
Дайындаған: Р.С.Тлекқабылова
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.