Қостанай облысы, Жангелдин ауданы,
Торғай селосы, Ш. Уәлиханов атындағы Торғай орта мектебі
Биология пәнінің мұғалімі Смайлова Рсалды Кадиржановна
Сабақтың тақырыбы: Гидраның көбеюі, регенерациясы
Сілтемелер: Биология. 7 сынып. Қ. Қайым, Р. Сәтімбеков, Ә. Әметов, Ж. Қожантаева.- Алматы: "Атамұра", 2007 ж.
Биология оқыту әдістемесі. 7сынып. Қ. Қайым, Р. Әлімқұлова, Ж. Қожантаева, Р. Сәтімбеков.- Алматы: "Атамұра", 2003 ж.
Биология жұмыс дәптері. 7 сынып. Қ. Қайым, Р. Әлімқұлова, Ж. Қожантаева, Р. Сәтімбеков.- Алматы: "Атамұра", 2003 ж.
Биология жұмыс дәптері. 7 сынып. 2 - бөлім. Құрманғалиева Ж. Ж.- Алматы: "8&8", 2009ж.
Жалпы мақсаты: • Регенерация құбылысының маңызын, көбею ерекшеліктері туралы ғылыми көзқарастарын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: Гидраның регенерациясы ағзаның өмір бойы өзгерісте бола алатындығын көрсететінін түсіне алады.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Диалогтық әңгімелесу (мұғалім - оқушы)- (оқушы - мұғалім)
АКТ элементтерін қолдану,
Суретпен жұмыс
Сұрақ - жауап
Сөзжұмбақ шешу
Рефлекциялық бағалау
өзін - өзі бағалау
Жеке тұлғамен жұмыс
Ұжымдық жұмыс
Модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; Оқытуда АКТ - ны пайдалану; Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
Жұмыстың ұйымдастыру формасы: Жекелей, ұжымдық
Ресурстар (Қажетті құрал - жабдықтар) Оқулық, интерактивті тақта демонстрациялық материалдар, компьютер, слайдтар, үлестірме материалдар, бағалау парағы.
Сабақ барысы:
II. Үй тапсырмасын сұрау
№1 Билет. Гидраның сыртқы қабатында қандай жасушалар орналасқан? (тері - бұлшықет, жүйке, атпа жасушалары).
№2 Билет. Гидраның денесінде әр түрлі қызмет атқаратын жасушаларды атаңыз және олар қандай қызмет атақарады? (гидра денесінде әр түрлі қызмет атқаратын жабын, асқорыту, тітіркенуді қабылдайтын жасаушалар болады).
№3 Билет. Гидра қалай қозғалады? (бірде табанмен, бірде қармалауыштары болады).
№4 Билет. Гидраның қанша қармалауыштары болады? (5 - 8 салалы қармалауыштары болады).
№5 Билет. Гидра қалай қоректенеді және қорғанады? (гидраның бүкіл денесінде әсіресе, қармалауыштарында атпа жасушалары өте көп. Сол себептен атпа жасушалары арқылы қоректенеді және қорғанады).
III. Жаңа сабақ
Регенерация. Гидраның ерекше бір қасиеті бар - оны екіге бөлсе, сондай - ақ бірнеше бөліктерге бөлшектесе, әрбір бөліктер өз алдына жеке гидра бола алады. мұның негізгі себебі - гидра денесінің сыртқы қабатында ядросы өте үлкен жасушалар болады. Олар аралық жасушалар деп аталады. Гидраның денесі зақымданған кезде аралық жасушалар қауырт өсе бастайды да тері - бұлшықет, жүйке, атпа жасушаларын түзеді. Сөйтіп гидраның зақымданған бөлігіндегі жойылып кеткен жасушалар аралық жасушалардан қайтадан пайда болады. Денедегі зақымданған немесе жойылып кеткен үлескінің бұрынғы қалпына келу құбылысы регенерация деп аталады. Регенерация құбылысы көпжасушалы жануарлардың барлығында белгілі шамада (шұбалшаң екіге бөлінсе - әр бөлігінен жаңа құрт пайда болады, кесірткенің құйрығы үзіліп, қайта өсіп шығады, адамның терісі жарақаттанса, қалпына келеді және т. б.) байқалады.
Гидраның көбеюі. Гидра жыныссыз да, жынысты жолмен де көбейеді. Жазда жақсы қоректенген кезде гидраның денесінен томпайып шыққан бірнеше бүршіктерді көруге болады. Бүршік гидра денесіндегі екі қабаттағы жасушалардан құралады. Бүршік томпақ көлемінің ұлғаюынан түзіледі, ол өсімдіктің бүршігіне ұқсас болғандықтан, гидраның жыныссыз жолмен көбеюі бүршіктену деп аталады. Томпақтан пайда болған бүршік созылады да ұшынан қармалауыштары түзіледі. Бүршік сабағы гидраның денесіне жалғасады, сондықтан ол бастапқы кезде гидра арқылы қоректенеді.
Толық нұсқасын жүктеу
Гидраның көбеюі, регенерациясы
- rsaldu
- 15 ақпан 2016
- 10858
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Гидраның көбеюі, регенерациясы, биология 7 сынып, сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Тест биология, Өсімдік ұлпалары
1.Өсімдіктерді әртүрлі қолайсыз жағдайлардан қорғайтын ұлпа: A. түзуші B. негізгі C. жабын D. бөліп шығарушы E. тірек...Өзен шаяны
Өзен шаяны. Тіршілік ортасы және тіршілік ету дағдысы...Балдырлар туралы жалпы шолу
Алматы облысы, Көксу ауданы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің 8 - сынып оқушысы Сағидолда Назерке Ерланқызы...Жасушалар. Ұлпалар. Мүшелер. Мүшелер жүйесі
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Таурбаева Гулназ Нурланқызы...Деңгейлік тапсырмалар
Қостанай облысы, Рудный қаласы №15 мектептің биология пәнінің мұғалімі Өміржанова Сайран Еспайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.