Сайтқа кіру Тіркелу

Жапырақ

Сабақтың тақырыбы: Жапырақ, Жапырақтың сыртқы құрылысы.
Мақсаты:
Білімділігі Жапырақтың атқаратын қызметі, құрылысы және түрлері туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау және танымдық белсенділігін арттыру, бетінше жұмыс істеуге баулу
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды ұйымшылдыққа, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Зерттеу сабағы.
Сабақтың әдісі: көрнекі баяндау. СТО элементтерін қолдану.
Сабақтың көрнекіліктері: Тірек – сызба, кеппешөптер, жапырақ түрлері, бөлме өсімдіктері.
Сабақтың өтілу барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Ой қозғау.

Оқушылар біздер өткен сабақта өсімдіктердің қандай мүшелерімен таныстық? Сабақ,, тамыр. Тағы қандай мүшесін білесіз? Жапырақ.
Жапырақ қандай қызмет атқарады деп ойлайсыз?
Бүгінгі тақырып Жапырақ, Жапырақтың сыртқы құрылысы.
Жапыраққа зор мән беріп, қаралық,
Жапырақ тұр Күн нұрынан нәр алып,
Жапырақтан бөлінетін оттегі,
Тазартады ауамызға таралып.
Мағынаны ашу.
Оқулықтың 54 бетін ашып, мәтінді оқып шығамыз. Оқушыларды 6 топқа бөліп, кубикті лақтырып қандай тапсырманы орындау керектігін анықтаймыз.
І. Суреттеу. Жапырақтың құрылысы.
ІІ. Салыстыру. Жай және күрделі жапырақтарды салыстыру.
ІІІ. Зерттеу. Жапырақтың жүйкеленуін, орналасуын зерттеу.
ІҮ. Дәлелдеу. Бөлме өсімдігінің жапырағының түрін, жүйкеленуін, орналасуын.
Ү. Ұсыныс. Оқушылар өз ұсыныстарын жазу.
ҮІ Суретін салу. Жапырақтың түрлерінің суретін салу
І. Суреттеу. Жапырақ - өсімдіктің өсу мүшесі. Қызметі: 1) ауадан көмір - қышқыл газы мен су буын сіңіріп, жарықтың әсерінен органикалық ЗАТ түзу (фотосинтез); 2) жасушадағы артық суды буландыру; 3) газ алмастыру; 4) органикалық заттарды қорға жинау; 5) өсімдіктің көбеюіне қатысу. Өркен мен жапырақ бірге дамиды. Алдымен жапырақ тақтасының ұшы, содан соң негізі соңында сағағы өседі. Жапырақ тақтадан [алақаны) және сағақтан тұрады. Жапырақтың кеңейген (жалпақ) бөлімі - тақтасы, сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі сағағы деп аталады.. Фотосинтез, су булану, газ алмасу, органикалық заттарды қорға жинау жапырақ тақтасында жүреді. Сағағы жапырақты жұлынып түсуден сақтайтын берік тірек қызметін атқарады. Сабақтан сағақ арқылы қоректік заттар жапырақ тақтасына өтеді.
Бүршік ашылған соң қурап қалады. Жапырақ тақтасының негізі ұзарып өсіп, сағақтың орнына түтік тәрізді қусырылады. Оны қынап дейді. Қынапты жапырақтар - бидайда, жүгеріде, қамыста, балдырғанда, күріште және т. б. болады.

Жапырақ тақтасының пішіні. Өсімдік түріне қарай жапырақ тақтасының пішіндері әр түрлі Қарағай, шырша және т. б. ине тәрізді; бидай, қарабидай, жүгері, арпада таспа тәрізді; иісті шөпте күрек тәрізді, жөке, гүлшетенде жүрек пішінді; құсшөпте бүйрек пішінді; шырмауықта жебе тәрізді.
Жапырақтың өсуі, тіршілік ету ұзақтығы. Жапырақ ағаштың бір жылдық өркенінде түзіледі. Алдымен жапырақ ұшынан өседі. Өсуі 30 - 40 күнге созылады. Тек қырыққұлақ пен түбіртаспа (вельвичия) өсімдіктерінде тіршілігін жойғанша (қурап қалғанша) өсе береді. Жапырақтың тіршілік ету мерзімі бірнеше айдан 15 жылға дейін созылады. Кәдімгі қарағай қылқанының тіршілік ету ұзақтығы 2 - 4 жыл; Кавказ самырсыны 9 - 13 жыл; Тиса қылқаны 6 - 10 жыл; шыршада 5 - 12 жыл; тозды емен - де 1 - 2 жыл, қаражидекте 1 - 4 жыл.
ІІ. Салыстыру. Жай және күрделі жапырақтар
Бір ғана тақтасы бар жапырақты жай жапырақ дейді (мысалы, терек, қарағай, қайың, жөке ағаштары, т. б.).
Бір сағақта 2, одан да көп майда жапырақшалар болса күрделі жапырақ дейді Жапырақшаларының әрқайсысы өз алдына жеке - жеке түседі. Жапырақшаларының орналасуына қарай: үш құлақты күрделі, саусақ салалы күрделі, қауырсын тәрізді күрделі деп бөлінеді.
1. Үш құлақты күрделі жапырақ сағағында 3 жапырақша болады, мысалы: беде, соя және т. б.
2. Саусақ салалы күрделі сағақта 5 - 7, одан да көп жапырақшалар саусаққа ұқсап бір жерден таралып орналасады, мысалы: атбас талшын, бөрі бұршақ, қарасора.
3. Қауырсын тәрізді күрделі жапырақшалар негізгі сағақты бойлай екі жағына бірдей құс қауырсыны тәрізді орналасады.
Жапырақша саны жұп болса жұп қауырсынды, тақ болса тақ қауырсынды күрделі жапырақ дейді.
Жұп қауырсындылар - асбұршак, сары қараған, чина, қоянбұршақ;
Тақ қауырсындылар — қызыл мия, ақ мия, итмұрын, ақ қараған, шаған, шетен, грек жаңғағы.
Жай жапырақтардың тағы бір ерекшелігі ағаштың күрделі жапырақтары күзде тұтас үзіліп түспейді. Алдымен жапырақшалары, соңынан сағағы үзіліп түседі. Шөптекті өсімдіктердің күрделі жапырақтары тұтас қурап түседі.

ІІІ. Зерттеу. Жапырақтың жүйкеленуі, орналасуы
Жүйкелену деп өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуын айтады Жүйкелер кызметі: 1) жүйкелері арқылы жапырақ қабаттарына су мен онда еріген минералды тұздар жеткізіледі; түзілген органикалық, заттар басқа мүшелеріне таралады; 2) жапыраққа беріктік қасиет береді.
Жүйкелену бірнеше типке бөлінеді:
1) қауырсын тәрізді торлы жүйкелену;
2) саусақ салалы; 3) параллель (қатарласа) жүйкелену; 4) доғалы жүйкелену.
1. Қауырсын тәрізді торлы жүйкелену негізгі орталық жүйкенің жан - жағынан жанама жүйкелер теңдей таралады. Майда жүйкелері торлап жатады (мысалы, тал, терек, алма, алмұрт ағаштарының жапырақтары).
2. Саусақ салалы жүйкелену орталық жүйке бір жерден басталып, жапырақ жиегіне дейін саусақ тәрізді салаланып таралады. Мысалы, үйеңкі, үпілмәлік (кенедән), бегония жапырақтары.
3. Параллель қатарласа) жүйкеленуде жүйкелер жапырақтың ұшына дейін қатарласа созылады (бидай, жүгері өсімдіктері)
4. Доғалы жүйкелену (доға тәрізді) жапырақ тақтасының түбінен қатарласа шыққан жүйкелер біртіндеп доға тәрізді иіледі. Жапырақ ұшына жеткенде бір - бірімен түйіседі (інжугүл, жолжелкен).
Жапырақтардың сабаққа орналасуы
Бұрын шыққан жапырақтары кейінгілеріне көлеңке түсірмейтіндей ретпен бекінеді. Бекінудің 3 түрі бар: кезектесе, қарама - қарсы және топтана орналасу. Сабақтың әр буынында бір жапырақ қана болған жағдайда оны кезектесіп орналасу дейді. Қарама - қарсы орналасу - сабақтың әр буынына екі жапырақтан бір - біріне қарама - қарсы бекінуі (үйеңкі, гүлшетен, қалампыр, жалбыз)
Егер бір буынында 3 немесе одан да көп жапырақтар болса, оны топтанып орналасу дейді (сарыағаш, қызылбояу, талгүл (олеандр), қарғакөз
ІҮ. Дәлелдеу. Бөлме өсімдігі қазтабанның, хлорофитумның жапырағының, түрін, жүйкеленуін, орналасуын анықтау.
Ү. Ұсыныс. Оқушылар өз ұсыныстарын жазу.
ҮІ Суретін салу. Жапырақтың түрлерінің суретін салу
Ой – толғаныс
Семантикалық карта толтыру.
Жапырақ қоймасы ғой таза ауаның,
Таза ауа қазынасы Жан дауаның,
Ағаш егіп, ұрпаққа мирас етсек,
Алармыз бір Алланың мың сауабын.

Бағалау. Үйге тапсырма беру. § 16. Тапсырма №1.
Жапырақтар топтамасын жасап келу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×