Шерипова Молдир Казыбаевна
Сарыкөл орта мектебі
Мақсаты: Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сай оқыта отырып, АКТ - ны қолдана отырып биология ғылымының генетика саласымен алғаш рет таныстыру, сын тұрғысынан ойландыра отырып негізгі генетикалық ұғымдардың мағынасын және Мендельдің гибридологиялық әдісінің қазіргі таңда да негізгі әдіс екенін өз беттерінше ұғынуға мүмкіндік жасау.
Күтілетін нәтиже: Жас ерекшеліктеріне сай ақпаратпен өз бетінше танысады, АКТ - ны, оқулықты пайдалана отырып генетика саласымен танысады, сын тұрғысынан ойлана отырып жаңа ақпараттың маңыздыларын өздері ұғынады.
Түйінді идеялар (кілтті сөздер):
Сырлар бар - ау құпиялы бір шама
Жұмыртқадан шығар жылан сұңқар да
Бір биеден туар ала, құла да
Бір балаңнан бөлек туар бір бала.
Ата – анасы, үлкен – кіші, кәрі де,
Сөздері мен істерінің мәніне.
Сабақ барысы
Кіріспе:
І. Ынтымақтастық атмосферасы немесе психологиялық амандасу тренингі:
«Сиқырлы гүл» тренингі.
Оқушылар ортаға шығып, шеңбер жасап тұрады, қолдарындағы гүлін келесі оқушыға береді де бүгінгі сабаққа сәттілік тілеп, сенімділік білдіреді.( интерактивті тақтада «Гүлдер» бейнекөрсетілімі көрсетіліп тұрады).
ІІ. Топқа бөлу
Оқушыларға «жаңа белгілерге ие болу қасиеті», «белгілердің ұрпақтарына берілуі», «ішкі және сыртқы белгілердің жиынтығы» деген үш сөйлем таратылады, осы сөйлемдердің жауабын тауып, жауап жазылып тұрған партаға барып отырады.
ІІІ. Қызығушылықты ояту мақсатында үй тапсырмасын сөзжұмбақ арқылы тексеремін және осы сөзжұмбақтың кілтті сөзі жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
IV. Тақырып ашылды «ГЕНЕТИКА». Енді оқушылар жаңа сабақтың мақсатын анықтайды. Әр топтан бір оқушы шығып интерактивті тақтаға жазады.
Тұсаукесер: «Мағынаны тану»
V. Топпен жұмыс
Оқушылар жаңа тақырыпты өз бетінше оқиды, топта талқылайды.
«Артық болмас білгенің, көкірекке түйгенің» электронды оқулықпен жаңа сабақ түсіндіріледі. (Электронды оқулық)
Негізгі бөлім:
Сергіту сәті: «Дыбыссыз телефон»
Барлығымыз шеңбер жасап тұрамыз, мен оқушының құлағына бір сөйлем айтам келесі оқушылар да солай қайталайды. Тек соңғы оқушы ғана сөйлемді дауыстап айтады.
Жаңа сабақты бекіту мақсатында «Биологиялық шытырман» ойыны және инноворд «Генетика» тапсырмалары орындалады.
Қорытынды Жаңа сабақ бойынша маңыздыларын әр топ бір сөйлемге сыйғызып айтып шығады.
Бағалау: Үш шапалақ, топтық бағалау.
Үйге тапсырма: «Ғалымдар өмірбаяны» хабарлама.
§22. Генетика.
Рефлексия:«Бес саусақ» әдісі бойынша жүргізіледі.
Не сәтті өтті?
Нені дамыта аласыз? Уақытты оқушылар үнемді пайдаланып, өз белсенділіктерін таныта білді. Сабағым «өте жақсы» деп бағаланды.
Генетика
- Молдир Шерипова
- 18 желтоқсан 2015
- 2634
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Генетика, биология ғылымы, биология сабағынан сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Генетиканың қысқаша даму тарихы
Генетика – тірі организмдердің тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым. Генетиканың негізін салған Г. Мендель. Біздің заманымызға дейін...Генетиканың даму тарихы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Генетика ғылымы, оның даму кезеңдері. Грегор Мендель және тағы басқада генетика ғылымының дамуына үлес қосқан шет ел...Жемістер
Мақсаты: Оқушылардың мәтінмен жұмыс жасау дағдысы дамыту, ақпаратпен жұмыс жасауға ынталандыру, проблеманың қойылуын көрнекі сызбамен көрсетуге,...Генетиканың қысқаша даму тарихы
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ташкеев Ақан...Генетика мен селекция
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға генетика мен селекцияның өзара байланыстарын көрсету арқылы этномәдени, экономикалық, экологиялық білім бере отырып,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.