Сайтқа кіру Тіркелу

Зиянкес бунақденелілер

Биология 7 сынып
Тақырыбы: Бунақденелілер — адам ауруларын тасымалдаушылар. Ауру тасымалдаушылармен күресу.
Мақсаты: оқушыларды зиянкес бунақденелілердің түрлерімен күресуге және қоршаған ортаны қорғауға үйрету.
Міндеттері:
Білімділігі: оқушыларды бунақденелілердің зиянкес және пайдалы түрлерімен таныстыру.
Дамытушылығы: оқушылардың зиянкес жәндіктер туралы алған білімдерін әрі қарай дамыту, қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелілігі: оқушыларды өз бетінше ізденуге, топпен жұмыс жасай білуге және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: тест сұрақтары, сто элементтері, «5»- алғың келсе ойыны.
Құрал - жабдықтар: интерактивті тақта, слайд

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- амандасу
- оқушыларды түгендеу
- құрал - жабдықтарын тексеру

I. Үй тапсырмасын сұрау:
Тест сұрақтары
1. Зауза қоңызы дернәсілінің дамуы жүретін уақыт.
А) 3 жыл.
В) 2 жыл.
С) 4 жыл.
D) 5 жыл.
Е) 1 жыл.
2. Бунақденлілер қандай класс тармақтарына жіктеледі:
А) өрмекшітәріздестер, шаянтәріздестер
В) буынаяқтылар, өрмекшітәріздестер
С) бауыраяқтылар, қанаттылар
Д) басаяқтылар, қосжақтаулылар
Е) туақанатсыздар, қанаттылар
3. Бунақденелілердің қанша мыңға жуық түрі бар?
А) 200000
В) 600000
С) 700000
Д) 800000
Е) 900000
4. Бунақденелілердің барлығы неше аяқты?
А) 8
В) 10
С) 4
Д) 6
Е) 2
5. Адам мен жануарларда паразиттік тіршілік ететін бунақденелі
А) шыбын
В) қоңыз
С) бұзаубас
Д) бит
Е) инелік
6. Латын тілінен аударғанда имаго сөзі
А) тура даму
В) ересек жәндік
С) дернәсіл
Д) қуыршақ
Е) итшабақ
7. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым саласы
А) герпетология
В) гельминтология
С) энтомология
Д) бриология
Е) вирусология
8. Толық түрленіп даму:
А) жұмыртқа - дернәсіл - қуыршақ – имаго
В) жұмыртқа - дернәсіл – имаго
С) жұмыртқа – имаго
Д) имаго - қуыршақ
Е) имаго
9. Толық түрленіп дамитын бунақденелілер.
А) Алабұға, сазан.
В) Кесіртке, жылан.
С) Шұбалшаң, гидра.
D) Шегіртке, тарақан, дәуіттер.
Е) Қоңыз, шыбын, маса
10. Зәр шығару мүшесі
А) демтүтік
В) бүйрек
С) мальпигий түтігі
Д) өкпе
Е) нимфа
II. Жаңа тақырып түсіндіру:
1 - слайд

Колорадо қоңызы. Өте қауіпті және кең тараған картоп зиянкесі. Оларды жою үшін әрбір адам колорадо қоңызын тани білуі керек.
Қанқыз. Сақтандырғыш рең.
Қанқыз және оның личинкасы өсімдік шырынын соратын ұсақ насекомдарды - өсімдік бітесін қорек етеді. Бітелер өте тез көбейіп, ауыл шаруашылығына зиян келтіреді.
Адам кейбір өсімдік бітесімен басқа да өсімдіктерде паразиттік тіршілік ететін насекомдарда қарсы күресте қанқызыды ойдағыдай пайдаланып жүр. Қанқыздарды арнайы лабараторияларда көбейтіп өсіреді де бақтарға жібереді.
Егер қанқызға жанассаң, ол өзінен күйдіргіш сұйықтық бөліп шығарады.
Бұл қоңызды құстардан және басқа жауларынан сақтайды. Қанқызды құстар реңінен таниды да оған жуымайды.
Сондықтан көзге айқын түсетін қанқыздың ашық реңі сақтандырғыш рең деп аталады.
2 - слайд
Өлексеқоңыз және қиқоңыз.
Жазда жерде жатқан шағын құстың, тышқандардың, көртышқандардың және басқа да ұсақ жануарлар өлекселерінің айналасынан қанат үстінде көлденеңінен тартылған қызыл - сары екі жолағы бар қара қоңыздарды көруге болады. Бұл – өлексеқоңыз.
Өлексеқоңыз өте иісшіл болғандықтан өлексеге өте алыстан ұшып келіп, оның астынан ін қазып алады. Олар өлексенің астындағы топырақты кеулеп қаза - қаза, өлексені қазылған шұңқырға түсіреді. Қоңыздар топыраққа жұмыртқалайды. Жұмыртқалардан личинкалар шығады да олар шіріген өлексемен қоректенеді. Өлексеқоңыздар пайдалы жәндіктер деп саналады. Олар болмағанда жануарлардың өлекселері жер бетінде шіріп, айналасындағылардың барлығына зияны тиер еді.
Сондай - ақ личинкалары қоректенетін көңді топыраққа көміп, қиқоңыздары да пайда келтіреді.
Біздің елімізде өте үлкен және залалсыз тамаша бұғы қоңыздың саны сиреп барады, сондықтан оны қорғау қажет.
Қиыр Шығыста дене тұрқы 10 см мөлшеріне жететін өте үлкен уссурий сүгені жойылып барады - оны қорғауымыз керек.

3 - слайд
Үй шыбыны. Жұрттың бәріне таныс. Оның денесі сұрғылт буырыл реңді, алдыңғы қанаттары мөлдір және жақсы жетілген. Алдыңғы екі қанаты насекомдардыкіндей ызылдауыққа - тепе - теңдік сақтау мүшесіне айналған. Шыбынның қимылдағыш басында қысқа мұртшалары мен күрделі көздері бар. Шыбындар қанттың, нанның, пирогтың және басқа да азықтар мен тағамдардың үстінде өте тез жорғалап жүреді. Олардың дәм сезу мүшелері аяқтарының ұштарында болады. Шыбынның төменгі ерні түрін өзгертіп, тұмсыққа айналған. Шыбын тек сұйық азықпен қоректенеді. Бұл кезде шыбын асқорыту сөлін құсады, сөл азықты ерітеді де оны шыбын тұмсығымен сорып алады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×