Сайтқа кіру Тіркелу

Сүйектің құрылысы және құрамы

Сабақтың тақырыбы: «Тірек қимыл жүйесі. Сүйектің құрылысы және құрамы».
Сабақтың мақсаты: Тірек қимыл жүйесінің құрамы мен қызметін ұғындыру, химиялық құрамы, сүйектің құрамы мен құрылысымен қасиеттері.
Күтілетін нәтиже:
Оқушы орындау мүмкіндігі:
Тірек қимыл жүйесінің құрамы мен қызметі жөніндегі білімін, актуалдау (нақтылау), анықтау
Тірек қимыл жүйесінің атқаратын қызметі, сүйектің химиялық құрамын құрылысы мен қасиеттерін анықтау.
Талдау, саралау мүмкіндігін дамыту, қорытындылау, салыстыру; ойлау қабілетін дамыту ( зерттеу берілген пәндік материалға байланысты объектінің (заттың) қасиеттерінің оның құрамы мен құрылысына байланысты екендігін дәлелдеу.
Көрнекіліктер: Микроскоп, түтікше тәріздес сүйектердің кесінділері, дайын микропрепарат «Сүйек ұлпасы», күйдірілген және кальцийсіздендірілген сүйектер,
Сабаққа арналған презентация
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Жұмыстың белсенді формалары Диференциация Бағалау Ресурстары
Ұйымдастыру кезеңі: 1. оқушыларды тренинг бойынша топқа бөлу топ құру Тренинг Барлығы қатысады Үлестірме карточкалар
Қызығушылықты ояту
Ой тұжырымдауы.
Рефлексия
Уй тапсырмасы. Жаңа оқу материалдарын бастамастан бұрын өткен сабақта не туралы айтқандарымызды еске түсірейік.
Біз қандай мүшелер жүйесін оқып жатырмыз?
Біз өткен сабақта бұл жүйенің тірек бөлімін өткенбіз, яғни қаңқа туралы.
Қаңқа қандай қызмет атқарады, еске түсіріңдер.
Неліктен қаңқа тірек және қорғаныш қызметін атқарады?
Бүгінгі сабағымыз осы сұрақтарға жауап беруге арналады.
Сүйектің қандай қасиеті оның қорғаныш
және тірек болуына мүмкіндік береді.
Сөз тақтаға жазылады.
Мықтылық дегенді қалай түсінесіздер?
Сонымен, сүйек ұлпасы тірек және қорғаныш қызметін атқару үшін қатты және серпімді болуы керек екен.
(яғни мықты)
Сүйек ұлпасының мықтылығы, сіздердің ойларыңызша, неге байланысты?
Дұрыс. Бүгінгі сабақта біз сүйектің химиялық құрамы
және құрылысы туралы пікірлесеміз.
Яғни сүйектің мықтылығына нелер әсер ететіндігі туралы.
Тақтаға сабақтың тақырыбын жазу
«Қозғалыс – бұл өмір»,- деген Вольтер.
Біз көптеген қозғалыстар жасаймыз, кеңістікте бір орыннан екінші орынға жылжимыз, жүгіреміз, адымдаймыз, секіреміз, жүземіз.
Мыңдаған түрліше түзелістер, майысулар,
бұрылулар жасаймыз.
Осының бәрін тірек қимыл жүйесі атқарады.
Өз беттеріңмен сабақтың мақсатын баяндауға тырысыңдар.
Сабақтың мақсаты:
Сүйектің химиялық құрамын және құрылысы мен қасиеттерін ұғыну.
Сүйектің химиялық құрамы.
Біздің денемізде сүйек бар екенін кез - келген адам біледі.
Адамның сүйегі көпке дейін бұзылмайды.
Адам бұл өмірден кетсе де оның сүйегі жер астында мыңдаған жылдарға дейін өзгеріске ұшырамай жатады.
Сүйек мықтылығы жөнінде берілген мәліметтерді оқып қорытынды жасаңдар.
Яғни қаңқа адамның «құрылыс материалы».
Сүйектің осындай керемет қасиеттеріне химиялық құрамы мен құрылысының қандай ерекшеліктері бар екенін анықтайық.
Қосымша материалды пайдалана отырып
Сүйектің химиялық құрамының сызбасын жасаңдар. Органикалық және бейорганикалық заттар сүйекке қандай қасиет береді.
Екі бұрын мен 10% тұз қышқылының ертіндісіне тауықтың сүйегін салдым.
Тауықтың сүйегі сиыр сүйегімен салыстырғанда мөлшері кішкентай, оған қышқыл аз кетеді және уақыт үнемделеді.
Тұз қышқылын таңдау себебім ол сүйек ұлпасының органикалық заттарына соншалықты әсер етпейді. 10% тұз
қышқылынан сүйекті аламын, сорғыш қағазбен құрғатамын және сүйектің қасиетін байқаймын. Ол
иіледі, майысады.
Эксперимент, зерттеу нәтижесі нені көрсетті?
Енді сүйектен органикалық заттарды қалай бөлуге болатынын қарастырайық.
Дұрыс. Органикалық заттар жақсы жанады.
(түскен жапырақтар, құрғақ бұтақтар мен сабақтар)
Жанудың соңында күл қалады.
Ол минералдық тұздар яғни
(бейорганикалық заттар) ал, барлық органикалық заттар жанып кетеді.
Сүйек көмірленеді. Бұл органикалық заттардың жанып кеткенін көрсетеді. Сүйек морт сынғыш болады, қолға ұстағанда үгітіледі. Зерттеу нәтижесі нені көрсетті?
Жоғарыдағы сызбаны аяқта қосымша қорытынды жаса.
Тапсырманы орында.
СҮЙЕКТІҢ макроскопиялық құрылысы. Балалар сіздердің алдарыңызда жатқан сүйек кесінділері.
Оқулықтағы суретпен препаратты ұқыпты қарап шығыңдар.
Тапсырманы орындаңдар.
Балалар енді «сүйектің микроскопиялық құрылысы деген зертханалық жұмысты орындау керек.»
Сонымен біздер неге көз жеткіздік?
Сүйектер мықты сонымен қатар жеңіл. Сүйектер қаңқаның құрамында қорғаныш және қозғалу қызметін атқарады.
1. Химиялық құрамы.
2. Макроқұрылысы.
3. Микроқұрылысы.
Осылар сүйек қызметіне әсер тікелей әсер етеді.
Сабақтың қорытынды кезеңіне өтеміз.
Мен сендерге сөзжұмбақты шешуге кеңес беремін. Онда сабақтың негізгі тұжырымы бар.
Вертикальдық бағытта
Қажетті сөздерді жазыңдар.
Горизонтал бағытында сіздер шығарған сөз мағынасын түсіндіріңдер.
Сіздер қалай ойлайсыздар «Остеология»деген не?
Жеңімпаздарға призге сүт беріледі.
Үй тапсырмасы: Сұраққа жауап беріңдер. Тірек қимыл жүйесі туралы «Бұл қызық»деген рубрикамен қосымша мәліметтер жинақтаңдар.
Ал енді білімді бағалау бетін толтырыңдар, өздеріңе баға қойыңдар, және осы сабақ туралы пікірлеріңді жазыңдар.
Болжалды жауап:
Тірек қимыл жүйесі.
Сүйек қаңқасына бұлшық еттер бекітіліп тұрады, сыртқы механикалық әсерден сүйек ішкі мүшелерді қорғап тұрады.
С. Ж. сүйектің қаттылығы, мықтылығы.
С. Ж. Қатты, берік, серпімді.
С. Ж. оның құрамына байланысты.
(Оқушылар сабақтың тақырыбынан, сабақтың мақсатын баяндайды.
Оқушылар таблицалармен жұмыс жасайды:
Қорытынды:
Мықтылығы жөнінен сүйектер болаттың қатты сорттарына ғана жол береді.
Гранит пен бетонның қаттылығынан озып кетеді
Көрсетілімді бақылайды қорытынды шығарады.
Органикалық заттар сүйектің беріктігін және серпімділігін қамтамасыз етеді.
Оларды өртеуге болады.
С. Ж. Бейорганикалық заттар сүйекті қатайтады.(кальций, магний)
Қорытынды: Органикалық заттар (нәруыздар сүйекке беріктік қасиет береді, ал бейорганикалық заттар кальций және магнийдің ерімейтін тұздары Сүйекке қаттылық қасиет береді.)
Қорытынды: Сүйекте бейорганикалық заттар көп болса ол қатты, бірақ үгітілгіш болады. Ал органикалық заттар көп болса сүйектер иілгіш майысқақ болады.
№5 слайдпен жұмыс.
1 топ №7слайд бойынша қорғалады
2топ №8 слайд бойынша қорғалады.
С. Ж. Сүйектер туралы ғылым. Жедел жауап
Барлығы қатысады. Дұрыс жауап 1 баллмен бағаланады.
Топ жұмысында
Сүйектің құрамы мен құрылысының қорытынды схемасы жасалады.
Органикалық және бейорганикалық заттардың пропорциясын білу керек.
СҮЙЕКТІҢ МАКРОСКОПИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ.
Балалар, сіздердің алдарыңызда арамен кесілген нағыз сүйектер жатыр. Препаратқа және оқулықтағы суретке қараңдар тапсырманы орындаңдар. Балалар, бізге сүйектің Микроскопиялық құрылысы деген зертханалық жұмысты атқару міндеті тұр

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сүйектердің типтері және байланысу түрлері

Сүйектердің типтері және байланысу түрлері

Білімділігі: Қаңқадағы әрбір сүйектің өз орны мен маңызы болатын және әрбір сүйектің басқа сүйекпен ерекше байланысуын негіздеп, түсіндіру....
Сүйек типтері және олардың байланысуы

Сүйек типтері және олардың байланысуы

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Қаңқадағы әрбір сүйектің өз орны мен маңызы болатын және әрбір сүйектің басқа сүйекпен ерекше байланысуын негіздеп,...
Сүйек типтері

Сүйек типтері

Сабақ мақсаты Оқушыларға қаңқадағы әрбір сүйектің өз орны мен маңызы болатынын түсіндіру. Қаңқадағы сүйек типтеріне сипаттама беру, адам ағзасындағы...
Қаңқа бөліктері

Қаңқа бөліктері

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларды қаңқаның маңызымен және қаңқа бөлімдерімен таныстыру. Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау және танымдылық...
Тірек-қимыл жүйесі

Тірек-қимыл жүйесі

Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Имангалиева Галия Жумабаевна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×