Сайтқа кіру Тіркелу

Тірек-қимыл жүйесі

Тақырыбы: Тірек - қимыл жүйесі
Сабақтың білімдік мақсаты: Тірек - қимыл жүйесі жайлы меңгерген білімдерін
одан әрі тереңдету, толықтыру.
Сабақтың дамыту мақсаты
а) Оқушылардың өз бетімен, ұжыммен жұмыс істеу бірліктерін дамыту,
ә) Әр оқушының білімділік, ұжымдық қабілетін ояту.
б) есте сақтау, ой - өрісін дамыту;
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: а) көпшіл, ұйымшыл болуға баулу.
Әдіс - тәсілдері: баяндау, дәріс, тірек - сызба
Сабақтың көрнекілігі: Тірек - сызба, кесте
Пәнаралық байланыс: медицина
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
2. 1. Фронтальды сұрақтар «Миға шабуыл»
1. Бұлшық еттің қажуы неге байланысты? « Шыныға білмеген, тыныға да білмейді»,- деп неліктен айтылған?
2.«Тәні саудың, жаны сау»,- деп неліктен айтылған.
3. Тірек - қимыл жүйесінің дамуына әсерін тигізетін қазақтың ұлттық ойындары мен түрлі қозғалыстарын ата. Оның бұлшық еттің шынығуына тигізетін пайдасы қандай?
3. Негізгі бөлім.
Класс 3 топқа бөлінеді.
1 топ. Ізденуші топ. Өткен тақырыптағы мәліметтер бойынша сызбалар құрастырып, айту
2 топ. Зерттеуші топ. Оқулықтағы негізгі суреттерге талдау жасаңыз.
3 топ. Шығармашыл топ. Қосымша мәліметтер туралы баяндау.(Сүйек аурулар, Дене шынықтырудың маңызы)
а) Дидактикалық тапсырмалармен жұмыс
Сөйлемді толықтырыңыздар
1. Сүйек............................ бір түрі болып табылатын сүйек ұлпасынан тұрады.
2. Құрғақ сүйектің негізгі массасын..................... заттар құрайды.
3. Бұлар, негізінен,............. тұздары. Сүйектің қаттылығы соларға байланысты. Сүйектің иілгіштік және созылғыштық қасиеттерін....................... заттар қамтамасыз етеді.
4. Сүйектің қалыңдап өсуі.................................. жасушаларының бөлінуі есебінен жүзеге асады.
б) Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына байланысты тақырыпты қорытындылау мақсатында оқушыларға 20 сұрақ беріледі.
1. Тірек - қимыл жүйесі неден құралады?
2. Шамалы қозғалмалы сүйектер
3. Қысқа сүйектерге қандай сүйектер жатады?
4. Адамның омыртқа жотасы қанша омыртқадан тұрады?
5. Кеуде қуысының қабырғалар саны?
6. Омыртқа жотасы қанша шілімнен тұрады?
7. Сүйек қандай ұлпаға жатады?
8. Бейорганикалық заттар қандай қасиет береді?
9. Органикалық заттар сүйекке қандай қасиет береді?
10. Қолдың сүйектерін ата
11. Сүйектің сынуы дегеніміз не?
12. Адамда қанша сүйек болады?
13. Бұлшық етті зерттейтін ғылым
14. Бұлшық ет қандай топтарға бөлінеді?
15. Дене(тұлға) бұлшық еті қандай топтарға бөлінеді?
16. Бұлшық ет пішініне қарай нешеге бөлінеді?
17. Омыртқа жотасы неше бөлімнен тұрады?
18. Мойын омыртқа саны қанша?
19. Сүйектің байланысу типі нешеге бөлінеді, ата?
20. Қандай дәрумен жетіспесе мешел ауруына шалдығады?
в) Ой толғаныс «Менің болашағым» тақырыбында 5 минуттық эссе жазу.
Қорытынды:
Бағалау
Үй тапсырмасы: Адам мен жануарлардың қаңқасының айырмашылығына Венн диаграммасын құрастыру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сүйектердің типтері және байланысу түрлері

Сүйектердің типтері және байланысу түрлері

Білімділігі: Қаңқадағы әрбір сүйектің өз орны мен маңызы болатын және әрбір сүйектің басқа сүйекпен ерекше байланысуын негіздеп, түсіндіру....
Сүйек типтері және олардың байланысуы

Сүйек типтері және олардың байланысуы

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Қаңқадағы әрбір сүйектің өз орны мен маңызы болатын және әрбір сүйектің басқа сүйекпен ерекше байланысуын негіздеп,...
Қаңқа бөліктері

Қаңқа бөліктері

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларды қаңқаның маңызымен және қаңқа бөлімдерімен таныстыру. Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау және танымдылық...
Тірек-қимыл жүйесі

Тірек-қимыл жүйесі

Мақсаты: Білімді, адамгершілігі мол, жан - жақты тұлга тәрбиелеу. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдана отырып,...
Тірек – қимыл жүйесі

Тірек – қимыл жүйесі

Қостанай облысы, Рудный қаласы №15 мектептің биология пәні мұғалімі Өміржанова Сайран Еспайқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×