Биология
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілердің дамуы.
Сабақтың мақсаты:
а) білімдік: бунақденелілердің сан алуандығын, олардың тіршілік ету ортасы және дауы туралы түсінік беру.
б) дамытушылық: оқушылардың пәнге қызығушылығын ояту. Оқушылардың өзін - өзі дамытуына жетелеу және оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
в) тәрбиелік: тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдістері: талдау, сипаттау, түсіндірмелі, сұрақ - жауап, репродуктивті
Сабақтың көрнекіліктері: графопроектор, плакаттар, кеспе қағаздар, слайдтар
Техникалық құрал: графопроектор, телевизор
Пәнаралық байланыс: сурет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Өткен сабақты қорыту
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру
V. Жаңа сабақты бекіту
VІ. Жаңа сабақты қорыту
ҮІІ. Үйге тапсырма беру
ҮІІІ. Оқушылар білімін бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеп, олардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Көпжасушалы жануарлардың көбеюін оқып келу.
2. Тақырыпшаларды сурет арқылы түйіндеу.
ІІІ. Өткен сабақты қорыту
1. Көбею дегеніміз не?
2. Көбеюдің қандай жолдары бар?
3. Жыныссыз көбею дегеніміз не?
4. Гидраның бүршіктену тәсілімен көбеюі неліктен жыныссыз көбеюге жатады?
5. Шұбалшаңды неліктен гермафродитті дейді?
6. Тілде деген не?
7. Өрмекшінің көбеюінде шұбалшаңнан өзгешілік бар ма? Қандай?
8. Шұбалшаңның жынысты көбеюі қалай жүреді?
9. Ұрықтану қайда жүреді?
10. Көбеюдің биологиялық мәні, маңызы неде?
IV. Жаңа сабақты түсіндіру,
Оқушыларды жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру
Бунақденелілер 2 топқа бөлінеді.
Бунақденелілердің дамуы (сурет)
Бунақденелілер құрылысы жетілген және алуан түрлі жағдайларда – жерде, ауада, суда тіршілік етуге жақсы бейімделген, 1 млн - нан астам түрді қамтитын буынаяқтылардың ең ірі класы. Бунақденелілердің арғы ата - тегі қазіргі буынаяқтылар болуы керек. Мысалы, көптеген бунақденелілердің дернәсілдері – жұлдызқұрттарының құрылысы құрт тәрізді ата - тектерінің құрылысына ұқсас болуы.
Шынында да олардың денесі құрт тәрізді буылтық, ауыз мүшесі кеміруге бейімделген құрсағында 5 жұп жалғанаяқтары болады. Бұлар қырыққабат (орамжапырақ) ақ көбелегінің дернәсілдері. Ал енді осы дернәсілдерді ересек көбелекпен салыстырып көрейік
Көбелек
Дене пішінін айтпағанда, ересек көбелекте үш жұп жүретін аяқтары бар. Ауыз мүшесі - түтік тәрізді ұзын иірілген тұмсықша.Бұл тұмсықшасымен ол гүл шырынын сорады
Дернәсіл:
Дернәсілдін ауыз мүшесі үстіңгі, астынғы тісшелі жақтарымен жапырақты кеміріп, үгітуге бейімделген. Құрсағында бес жұп жалғанаяқтары болады.
Көбелектің дернәсілін жұлдызқұрт деп атайды. Жұлдызқұрттар өсімдіктердің жапырақтарымен қоректенеді де, тез өседі және бірнеше рет түлейді.
Шала түрленіп дамитындардан, мысалы шекшек, шегірткелерде жұмыртқадан ересек организмге ұқсас дернәсіл – имаго шығады. Дернәсіл бірнеше рет түлейді, қуыршақ сатысынан өтпей - ақ ересек организмге айналады. Дамуы 3 сатыдан тұратын дернәсілі ересегіне ұқсайтын бунақденені шала түрленіп даму дейді. Көбелектерге тән толық түрленіп дамығанда жұмыртқадан имагоға мүлдем ұқсамайтын құрт тәрізді дернәсіл шығады. Белгілі бір жасқа жеткен соң, ол қозғалмайтын, қоректенбейтін күйге түсіп, қуыршаққа айналады. Қуыршақ ішінде терең өзгерістер болып, ересек бунақдененің ұлпалары мен мүшелері қалыптасады. Осыдан соң, қуыршақ жабыны жарылып, одан имаго шығады.
Дамуы 4 сатыдан тұратын және дернәсілдері ересегіне ұқсамайтын бунақденелілерді толық түрленіп дамитын бунақденелілер деп атайды.
Бунақденелілердің түріне қарай жұмыртқа салу мерзімі, орын, даму мерзімі әр түрлі болады. Мысалы, зауза қоңыз жұмыртқаларын топыраққа, шыбын ластанған жерлерге, көбелектер өсімдік жапырақтарына, ағаш жемісіне, т. б. жерлерге салады.
Зауза қоңызының дернәсілдерінің дамуы 4 жылға, шыбын дернәсілдерінің дамуы бірнеше тәулікке созылады.
Түрленіп дамудың маңызы.
Түрленіп дамитын, оның ішінде, әсіресе, толық түрленіп дамитын бунақденелілердің табиғатта кеңінен таралып, өз түрлерін сақтауға едәуір мүмкіндігі бар.
1 Дернәсілі ересек жәндіктің қорегіне «ортақтаспайды», әрі тұрағы да басқа болады. Мысалы, зауза не картоп қоңызының дернәсілдері топырақта тіршілік етеді, өсімдік тамырларын, жер асты бөліктерін жеп қоректенеді. Ал ересек қоңыздар ағаш жапырақтарын қорек етеді. Сонымен қатар сырты ортаның қолайсыз жағдайларынан дамуының 4 сатысынан да аман қалатын кездері болады. Мысалы, жеміс ағаштары жапырақ жайған көктем мерзімінде оларды бунақденелілерден және дернәсілдерінен қорғау үшін улы химикаттар себеді. Бұл химикаттардан жер бетінде жүрген бунақденелілер қырылады да, топырақ арасында жүрген немесе әлі қуыршақ күйінде жатқан дернәсілдер аман қалады. Сонымен түрленіп даму тәсілі де – бунақденелілерді жойылып кетуден сақтайтын бейімділіктің бірі.
Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы имаго деп аталады.
V. Жаңа сабақты бекіту.
Үш топқа тапсырма: Суреттеу тест.
Суреттер таратылады осы суреттерге қарап дамудың қай түріне жататынын анықтау және рет - ретімен дұрыс орналастыру.
1. Көбелек тобы
Толық түрленіп дамитын, шала түрленіп дамитын бунақденелілерді айырып орналастыр.
2. Балара тобы
Шала түрленіп дамитын бунақденелілерді сипатта.
3. Дәуіт тобы
Толық түрленіп дамитын бунақденелілерді сипатта
V. жаңа сабақты қорыту.
Үш топқа Блиц - турнир сұрағы қойылды.
І - топ
1. Бунақденелілердің дамуы неше сатыдан тұрады?
2. Көбелектің дернәсілін не деп атайды.?
3. Көбелектің құрсағында неше жұп жалғанаяқтары бар?
4. Дернәсіл қай кезеңде қозғалыссыз қалады?
ІІ - топ
1. Қуыршақтың денесі немен қапталған?
2. Көбелек жұмыртқасын қай жерлерге салады?
3. Қыстап шыққан қуыршақтан көктемде бірден не шығады?
ІІІ - топ
1. Шыбындар қандай жерлерге жұмыртқалайды?
2. Шегіртке қалай түрленіп дамиды?
3. Дернәсілдің құрсағында неше жұп жалғанаяқтылары бар?
4. Зауза қоңыз жұмыртқасын қай жерге салады?
ҮІІ. Үйге тапсырма беру.
«Бунақденелілердің дамуы» тақырыбын оқу.
«Менің сүйікті бунақденем» хабарлама жазу.
Сөзжұмбақ құрастыру.
ҮІІІ. Оқушылар білімін бағалау.
Бунақденелілердің дамуы
- riz
- 16 шілде 2013
- 28360
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ашық сабақ биологиядан, 6 сыныпқа, бунақденелілердің дамуы, дернәсілдер, көбелек
Ұқсас жаңалықтар:
Бунақденелілер
Бунақденелілердің тіршілік ортасы, даму жолдары, адамға тигізетін пайдасын зиянын түсіндіру, олармен жүргізетін күрес шаралары туралы түсінік беру....№ 6 зертханалық жұмыс. "Бау және бақша зиянкестерінің жинақтамасын зерттеп ...
Биология пәнінен 6 сыныпқа арналған зертханалық жұмыс...Бунақденелілер
Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру....Зиянкес бунақденелілер
Бунақденелілер — адам ауруларын тасымалдаушылар. Ауру тасымалдаушылармен күресу...Омыртқалы жануарлардың көбею ерекшеліктері
Мақсаты: А) Омыртқалы жануарлардың көбею ерекшеліктерін балықтар - қосмекенділер - жорғалаушылар - құстар - сүтқоректілер тізбегімен зерделей отырып,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.