Сайтқа кіру Тіркелу

Тамыр және тамыр жүйесі

Биология 8 - сынып
Тақырыбы: Ішкі секреция бездері. Гормондар. Гипофиз.
Мақсаты: Білімділігі – оқушыларды ішкі және сыртқы секреция бездерінің жұмысымен, гормондар, олардың көп бөлінуінен немесе аз бөлінуінен болатын аурулардың түрлерімен таныстыру. Дамытушылығы – ағзадағы зат алмасумен биологиялық заңдылықтарды өмірмен байланыстыра отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелік – салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жүйелі тамақтану, дене шынықтырумен шұғылдануға т. б. жұмыс істеуге дағдыландыру.
Көрнекілігі: кесте, тірек - сызба, суреттер
Сабақ беру әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: медицина
Сабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
2. Жаңа сабақ.

Ішкі секреция бездері деп – бездерде бөлінетін сұйықтықты шығаратын өзек болмағандықтан сұйықтық бірден қанға өтуін байқаймыз. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықты гормондар дейді. Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық – аралық мидағы гипоталамус.

Гипофиз
Гипофиз – безді және жүйке ұлпаларынан тұрады. гипофиз алдыңғы, ортаңғы, артқы бөліктерден тұрады. Қызметі: 1) гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан тұратын өсу гормонын (соматотропин) бөледі. Өсу гормоны дененің, әсіресе ұзын сүйектерінің өсуіне әсер етеді; 2) нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді; 3) жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді; 4) сүт безінен сүттің бөлінуін қамтамасыз етеді; 5) бүйрекүсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше гормондар бөлінуіне, қалқанша бездің дамуына әсер етеді; 6) қандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды.
Гипофиздің ортаңғы бөлігі пигментті жасушалардың мөлшері мен санын ұлғайтады. Тері пигменті - меланиннің түзілуін күшейтеді. Гипофиздің артқы бөлігінен 2 түрлі гормон бөлінеді. Бұл гормондардың біреуі жатыр бұлшықетінің жиырылуын күшейтеді. Екіншісі ұсақ артерия қантамырларының жиырылуын арттырып, артерия қысымын жоғарылатады. Ағзадан зәрдің бөлінуін азайтады.
Орналасқан жері
Пішіні
Салмағы
Бөлінетін
гормондар
Гормон көп бөлінсе пайда бола - тын аурулар
Гормон аз бөлінсе пайда болатын ауру
Аралық мидың астыңғы жағында
Үрме - бұршақ тәрізді
0, 5 - 0, 6 г
25 түрлі гормон, оның 7 - еуі жеке бөлініп алып зерттелген «Өсу гормоны» бөлінеді
Алыптылық бұл ауруды акромегалия дейді
Ергежейлік

Тапсырма №1 Кестені толтыру
Болатын өзгерістер
Ауытқулар
1. Жас кезде сүйектің ұзынынан қарқынды өсуі.
А. Акромегалия ауруына шалдығады
2. Жас кезінде бойының өспей қалуы.
Ә. Алыптылық
3. Дене бітімінің сәйкестілігіне қарамай бойының өспей қалуы.
Б. Гипофизді ергежейлілік

Тапсырма №2 Сөйлемдердегі түсіп қалған сөздерді тауып жазып, толықтырыңдар:
а) Бөлінетін сұйықтықты шығаратын өзегі болмайтын бездерді ------------------ бездері деп атайды. ә) ----------------- ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық. б) Әрі ішкі, әрі сыртқы секрециялық қызмет атқаратын бездерді --------- бездер деп атайды.
в) Гормондардың барлығы -------------- заттарға жатады. г) --------------- безді және жүйке ұлпасынан тұрады. ғ) Гипофиздің гормондары аз бөлінсе, адамның бойы ---------------------.
д) Гипофиздің артқы бөлігі зақымданса, -------- жұмысы бұзылады. е) Гипофиз ------------- астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді.
4. Қорытындылау: Мына ұғымдарға анықтама беріңдер:
1. Ішкі секреция бездері -
2. Гормондар -
3. Гипоталамус –
4. Аралас бездер –
5. Өсу гормоны –
5. Үйге тапсырма: § 9 оқу
6. Бағалау.

Биология 8 - сынып
Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі. Қалқанша маңы және бүйрекүсті бездері.
Мақсаты: Білімділігі – қалқанша, қалқанша маңы, бүйрекүсті бездерінің жұмысымен олардың гормондары, гормондардың бөлінуінен болатын аурулардың түрлерімен таныстыру. Дамытушылығы – ағзадағы зат алмасумен өзін - өзі реттеу туралы жалпы биологиялық заңдылықтарды өмірмен байланыстыра отырып, оқушылардың танымдық ой - өрісін, іс - әрекетін, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, тереңдету. Тәрбиелік – салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жүйелі тамақтану, дене шынықтырумен шұғылдануға т. б. жұмыс істеуге дағдыландыру.
Көрнекілігі: кесте, тірек - сызба, суреттер
Сабақ беру әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: медицина
Сабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
2. Үй жұмысын тексеру.
Биологиялық диктант.
Сөйлемдер
Қажетті сөздер
1. Гипофизден бөлінетін гормондар химиялық құрылысы жағынан тек -------- тұрады. 2. --------- денедегі зат алмасу қарқындылығын өзгертеді. 3. Ішкі секреция бездерінің ------ ұсақ қантамырлар мен лимфа капиллярлары торлайды. 4. Тері пигменті ------ түзілуін күшейтеді. 5. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдарда салмағы -------- жетеді. 6. Мұндай ауруды ------- деп атайды. 7. Бұл ауруды тек ------- ------ емдейді.
Жасушаларын
Нәруыздан
Гормондар
0, 5 - 0, 6 г.
Меланиннің
Рентген сәулесімен
Акромегалия

3. Жаңа сабақ.
Қалқанша безі.
Орналасқан жері
Пішіні
Салмағы
Бөлінетін
гормондар
Безден бөлінетін гормон жетіспесе
Безден гормон көп бөлінсе
Көмекейдің алдыңғы жағына
Таға тәрізді
30 - 60 г, жаңа ту - ған бала - да 1 - 2г.
«Тироксин гормоны» бөлінеді
Адам микседема ауруына шалды - ғады, ал жас балада кретинизм ауруы
Базедов ауруы немесе бадырақ көз
Қызметі: 1) тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады;
2) ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді; 3) жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады.
Егер ішетін су мен тағамда йод жетіспесе, адам алқым ісуі (эндемиялық зоб) ауруымен ауырады. Мұндай ауру әсіресе топырақ пен судың құрамында йодтың аз болуынан пайда болады. Тәулігіне адамның қабылдайтын йод мөлшері 0, 15 - 0, 20 мг болуы керек.
Жас балаларда қалқанша бездің гормоны жетіспесе, бойы өспей, жыныстық жетілуі тоқталады. Ми сыңарлары қыртысының жұмысы бұзылып, ақыл - есі кем болады. Мұндай ауруды кретинизм дейді. Ауру асқынбаса, емдеп жазуға болады.

Қалқанша безі гормоны көп бөлінсе, денеде зат алмасу күшейеді, жүрек соғуы жиілейді, қан қысымы көтеріліп, жүйке жүйесінің қозуы артады, тамақты көп ішкенмен салмақ қоспай, керісінше арықтайды. Тез ашуланады және терлегіш болады. көздері бадырайып, шарасынан шығып тұрады. мұндай ауруды бадырақ көз немесе Базедов ауруы дейді. Бұл ауруда неміс дәрігері К. А. Базедов сипаттап жазған. Бұл ауруды емдеу үшін қалқанша бездің кішкене бөлігін кесіп алып тастайды. Жеке жасушаларын жою үшін рентген сәулесімен де емдейді.
Қалқаншамаңы безі.
Орналасқан жері
Пішіні
Салмағы
Бөлінетін
гормондар
Қалқанша бездің жоғарғы және төменгі жағынан екеуден жанаса орналасады
Үлкендігі асбұршақтай
20 - 50м г
Паратгормоны бөлінеді
Ересек адамда әр бездің ұзындығы 6 - 8мм, ені 3 - 4 мм, қалыңдығы шамамен 2мм. Салмағы ер адамда 30 жасқа дейін, әйелдерде 45 - 50 жасқа дейін өседі.
Қызметі: 1) бездерден бөлінетін гормондар қан мен ұлпа сұйықтығындағы фосфор мен кальцийдің мөлшерін реттейді, 2) тағамның құрамында кальций мен фосфордың ішекке тез сіңуіне әсер етеді, 3) денеден кальций мен фосфордың зәр мен нәжіс арқылы шығарылуын қамтамасыз етеді.
Егер ағзада паратгормон жетіспесе немесе бездерді алып тастаса, кальцийдің деңгейі қанда азаяды, фосфордың мөлшері артады. Орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы жоғарылайды да бұлшықеттер сіресіп қалады. Қалқаншамаңы бездері ісуінен паратгормон шамадан тыс артық бөлінсе, сүйекте кальций мүлдем азаяды. Сүйектер қисайып сынғыш келеді, қантамырда, бауыр мен бүйректе, мида кальций көп жиналады. Мұндай жағдайда қалқаншамаңы бездерінің зақымданған жерін хирургиялық жолмен алып тастайды немесе рентген сәулесімен емдейді. Қалқаншамаңы бездерінің жұмысы бүйрек пен сүйек ұлпасындағы кальций мен фосфордың алмасуымен тығыз байланысты.
Айырша без (тимус) – кеуде қуысында кеңірдектің жоғарғы ұшын жауып тұрады. адамның балалық шағында ірі болады. Жыныстық жетілуден кейін кішірейеді.
Қызметі: бұл без тимозин гормонын бөледі, ол ағзада иммундық жүйенің орталық мүшесі болып саналады. Тимозин гормоны жетіспесе, ағзаның иммундық қасиеті төмендейді. Көкбауырдың мөлшері кішірейіп, қандағы лимфоцит жасушалары азайып, қарсыдене түзілмейді.
Бүйрекүсті бездері.
Орналасқан жері
Пішіні
Салмағы
Бөлінетін
гормондар
Бүйректің ұшына орналасқан жұп бездер
Оң жақтағы - үшбұрыш, сол жақтағы - жарты ай тәрізді
1 - еуінің са - лмағы 6 - 7 г, екеуінікі 12 - 14 г.
Адреналин гормонын бөледі. Көңіл күй гормоны деп те атайды.
Қызметі: 1) бездің қыртыс қабатынан түзілетін гормондар (кортизон) көмірсудың алмасуын және оның нәруыздан түзілуін реттейді, 2) тұз және су алмасуын қамтамасыз етеді, 3) қан мен басқа ұлпалардағы натрий, калий және хлордың қалыпты мөлшерін реттейді, 4) жыныс мүшелерінің дамуына да әсер етеді.
Бүйрекүсті бездерінің қыртысы қабаты жарақаттанса немесе гормондары аз бөлінсе (жетіспесе): 1) қанда натрий мен хлордың мөлшері төмендеп, калийдің

мөлшері артады, 2) су мөлшері азайып, қан қысымы төмендейді, 3) қанда қанттың және ұлпаларда гликогеннің мөлшері азаяды.
Бүйрекүсті бездерінің қыртыс қабатының әр түрлі аурудан және жарақаттан - уынан туатын ауру Аддисон ауруы деп аталады. Бұл ауруды 1855 жылы ағылшын дәрігері Т. Аддисон алғаш рет сипаттаған.
Ішкі секреция бездерінің әсерінен болатын ауруларды емдейтін дәрігерді эндокринолог дейді.
Тапсырма №1 Кесте толтыру.
Ерекшелік белгілері
Ауру түрлері
1. Қалқанша бездің ұлпалары өсіп, салмағы артады.
А. Кретинизм
2. Жас балалардың бойы өспей, жыныстық жетілуі тоқталады
Ә. Базедов ауруы
3. Денеде зат алмасу күшейеді, жүрек соғуы жиілейді, жүйке жүйесінің қозуы артады
Б. Алқым ісуі
4. Қол - аяқ сүйектері ұзарады, тілі аузына сыймайды
Г. Акромегалия

Тапсырма №2 Кесте толтыру
Ауру белгілері
Аурудың аттары
1. Өте әлсіз, тез шаршайды, қан қысымы төмен, асқа тәбеті тартпайды, теріс қола түсті (бозғылт) болып өзгереді.
2. Сүйектердің өсуіне әсер етеді, көп бөлінгенде (жас кезде) сүйек ұзынан қарқынды өседі
3. Терінің астына су жиналады, тері құрғап, дене ісінеді.
4. Бездің ұлпалары өсіп, дене салмағы артады.
5. Жас балалардың бойы өспей, жыныстық жетілуі тоқтайды.
7. Жүйке жүйесінің қозуы артады, тез ашуланады және терлегіш болады.

Тапсырма №3 Сөйлемді толықтырып жазыңдар:
а) Егер ішетін су мен тағамда йод жетіспесе, адам ------------------- ауруымен аурады.
ә) -------------------- көмекейдің алдыңғы жағында орналасқан. б) Ересек адамдарда қалқанша бездің салмағы -----------------. в) ----------------- гормоны барлық зат алмасуға қатысады. г) Тироксин гормонының синтезделуі ағзада ----------- болуына байланысты. ғ) Тәулігіне адамның қабылдайтын ------------------ 0, 15 - 0, 20 мг болуы керек. д) Бұл ауруды 1855 жылы ағылшын дәрігері ------------ алғаш рет сипаттаған. е) --------- жүйке жүйесінің бақылауымен бөлінетін гормон. ж) Бүйрекүсті бездері сыртқы --------- қабаттан және ішкі --------- (---------) қабаттан тұрады. з) ------- гормоны жетіспесе, ағзаның иммундық қабілеті төмендейді. й) Паратгормон ----------- бездерінен бөлінеді. и) Қалқаншамаңы бездерінің салмағы --------------. к) Адамның көңіл күйі күрт өзгерген кезде -------- көп бөлінеді.
Тапсырма №4 Сөзжұмбақтар шешу.
4. Қорытындылау.
1. Қалқанша безіне сипаттама беріңдер?
2. Қалқаншамаңы безіне сипаттама бер?
3. Айрықша, бүйрекүсті, қалқаншамаңы, қалқанша бездерінен бөлінетін гормондарды атаңдар?
5. Үйге тапсырма. § 10, 11 оқу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Емшектің қатерлі ісігі

Емшектің қатерлі ісігі

Емшек безінің қатерлі ісігі - соңғы кезде жиі кездесетін ауру түрі. Емшектің қатерлі ісігі, сүт безінің рагы — сүт безінде болатын қатерлі ісік....
Жүйке жүйесінің маңызы, оның құрылысы және қызметі (күнделікті сабақ жоспар ...

Жүйке жүйесінің маңызы, оның құрылысы және қызметі (күнделікті сабақ жоспар ...

Рефлекс — сыртқы, немесе ішкі орта әсерлеріне организмнің жауап қайтару реакциясы. Жүйке жүйесі мүшелерін негізінен жүйке ұлпасы құрайды. Жүйке...
Жасушалардың бөлінуі, олардың өсуі мен дамуы, мамандануы (биологиядан күнде ...

Жасушалардың бөлінуі, олардың өсуі мен дамуы, мамандануы (биологиядан күнде ...

Жасушалардың бөлінуі, олардың өсуі мен дамуы, мамандануы. Тітіркенгіштік және қозғыштық қасиеттер....
Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі

Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі

Сабақтың тақырыбы: Қалқанша маңы бездері, тимус және бүйрек үсті бездері Сабақтың мақсаты: 1. Қалқанша маңы бездері, тимус және бүйрек үсті бездері...
Ішкі секреция бездері. Гормондар. Гипофиз

Ішкі секреция бездері. Гормондар. Гипофиз

Биология 8-сынып Тақырыбы: Ішкі секреция бездері. Гормондар. Гипофиз...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×