Сынып: 6
Пәні: биология
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің көбею (генеративті) мүшелері тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты: Жалпы өсімдіктер тарауына қорытынды жасау
Сабақтың міндеті:
1. Білімділік: Өсімдіктің тыныс алуын, гүл бөлімдерін, гүлшоғырларды, жемістердің түрлерін қайта еске түсіру.
2. Тәрбиелілік: ұқыптылыққа, сыпайылыққа, әдептілікке, тыныш отыруға баулу.
3. Дамытушылық: осы сабаққа ынтасын арттыра отырып, адам үшін өсімдіктің маңызын айқындау
Сабақтың түрі: Қайталау
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, плакат, жемістер, гүлдер
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, құрал - жабдықтарын тексеру, сынып оқушыларын түгелдеу. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
2. Қамтылатын тақырыптар
1. Гүлдің құрылысы
2. Қос жынысты дара жынысты гүлдер. Гүл формуласы
3. Гүлшоғырлар
4. Өсімдіктің жынысты көбеюі. Тозаңдану мен ұрықтану
5. Жемістер
6. Тұқым. Қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың құрылысы
3. Мыйға шабуыл.
1. Гүл бөлімдерін ата?
2. Қос жынысты гүл дегеніміз не?
3. Гүл формуласы дегеніміз не?
4. Гүлшоғырларды неше топқа бөлеміз?
5. Жынысты көбею дегеніміз не?
6. Тозаңданудың неше түрі бар?
7. Ұрықтану дегеніміз не?
8. Жемістерді неше топқа бөлеміз?
9. Тұқым қайдан дамиды?
10. Қос жарнақты тұқымның құрылысын ата?
11. Дара жарнақты тұқымның құрылысын ата?
12. Дара жынысты гүл дегеніміз не?
4. Сайыс бөлімдері
1. Ұяшықтар сыр шертеді
2. Суреттер сөйлейді
3. ТВ Бинго
4. Тапқырлар сайысы
5. Интернетпен жұмыс
6. Асосация құру
7. Қорытынды тест
1. Ұяшықтар сыр шертеді
1. Алма, алмұрт ағаштарының егу үшін алынатын көшеттерінің биіктігі қанша? 50 - 60 см
2. Алхора, өрік, шие, шабдалы ағаштарын еккендегі ара қашықтығы қанша? 3 м
3. Қарақат қарлыған ағаштарын егу үшін қазылатын шұңқырдың тереңдігі қанша? 30 - 35 см
4. Ағаштар мен бұталарды отырғызу үшін шұңқырды көктемде неше күн бұрын қазады? 5 күн
5. Алхоры, өрік, шие, шабдалы ағаштарының егу үшін алынатын көшеттерінің биіктігі қанша? 40 - 50 см
6. Алма, алмұрт ағаштарын екккендегі қатар ара қашықтығы қанша? 6 м
7. Таңқурайды егудегі қазылатын шұңырдың ені? 30 см
8. Қара қарақат, қарлыған өркендерінің биіктігі? 20 см
9. Жеміс - жидек ағаштарын қандай ағаштар жатады? Алма, алмұрт алхора, шие, шабдалы т. б
10. Қызық және сары қарақаттар егілгенде ағаштардың қатар аралықтарының қашықтығы? 2 м
11. Қарақат, қарлығанның егілуде қазылатын шұңқыр тереңдігі? 30 - 35 см
12. Таңқурай ағашы егілгендегі ағаттың ара қарықтығы? 0, 6 - 0, 7 м
13. Таңқурайдың егілгендегі қазылатнын шұңқырдың терңдігі? 30 см
14. Қара қарақат, қарлыған бұталарының егілгенде ара қашықтығы? 1, 5 м
15. Таңқурайдың егілгендеіг қатар аралығы? 2 - 1, 8 м
16. Қара қарақат, қарлығанныңегу үшін неше жылдық өркенін алады? 2 ж
2. Суреттер сөйлейді (әр топ екі суретке сипаттама береді)
4. Тапқырлар сайысы
6 түрлі қағаз пакеттер ортаға қойыланды, әр пакетте 1 жеміс немес гүл болады оқушылар пакетті таңдау арқылы жеміске немес гүлге сипаттама береді.
1. Алма
2. Апелсин
3. Картоп
4. Гүл
5. Анар
6. Гүл
5. Интернетпен жұмыс
Әр топтың басшысы телефон арқылы интернеттен қызықты материалдар табады және оқиды.
6. Асосация құру
Әр топқа 1 плакат және маркерлер таратылады, тақырып бойынша асосация құрады.
1. Гүл бөлімдері
2. Гүлшоғырлар
3. Жеміс
4. Тұқым
7. Қорытынды тест
1.. Гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлігі:
A) Гүлтабан
B) Гүлсерігі
C) Тостағанша
D) Аналық
2. Бунақденелілер қоректенеді:
A) Аналық жыныс жасушасымен.
B) Аналық түйінімен.
C) Бүршікпен.
D) Гүл шірнесімен.
E) Гүл күлтесімен.
3. Дара жарнақты өсімдік:
A) Қияр.
B) Күнбағыс.
C) Үрмебұршақ.
D) Қарабидай.
E) Асқабақ.
4. Өсімдіктің генеративті мүшелері:
A) Гүл, тұқым, жеміс.
B) Тамыр, жеміс.
C) Сабақ, гүл.
D) Тамыр, сабақ, жапырақ.
E) Жапырақ, тұқым.
5. Гүлдің дәл ортасында орналасқан:
A) Аталық.
B) Тозаңқап.
C) Гүлсағақ.
D) Гүлсерік.
E) Аналық.
6. Тостағанша жапырақшадан кейін орналасады.
А). Күлте
В). Гүл табан
С) Гүл сағағы
D) аталық
Е) аналық
7. Орталық сабаққа бірнеше жай масақша гүлдер топтанады. Әр масақшада 2 - 3 гүлден болады. Бұл гүлшоғырдың қай түрі?
А). Жай масақ
В). Күрделі масақ
С) Күрделі шатыр
D) Жай шатыр
Е) Шашақ
8. Айқас тозаңданудың түрлері?
А). жел арқылы
В). су арқылы
С) бунақдене арқылы
D) бунақденелілер және жел арқылы
Е) өздігінен
9. Қауашаққа жататын жеміс?
А). меңдуана
В). алма
С) картоп
D) күнбағыс
Е) қауын
10. Жинақталған жемістерге жататын жемісті тап?
А). бүлдірген
В). алма
С) картоп
D) күнбағыс
Е) қауын
8. Бағалау.
9. Үйге тапсырма
1. Тарауды қайталау
2. Тест құрап келу.
Өсімдіктердің көбею (генеративті) мүшелері тарауын қайталау
- Тоғжан
- 14 наурыз 2013
- 27312
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Өсімдіктердің көбею мүшелері, биология
Ұқсас жаңалықтар:
Тест биология, Өсімдіктердің генеративті мүшелері
Тест биология 6 сынып 1.Жидек жеміс - ... A) шетенде B) алхорыда C) томатта (қызанақта) D) шиеде E) шабдалыда...Жемістер
Гүлді өсімдіктер жемістері Шырынды жемістер Жидек – қызанақ, қарлыған, алқа, жүзім, қарақат, картоп Жидек тәрізді – Мандарин, апельсин, лимон Сүйекті...Қос жынысты және дара жынысты гүлдер. Гүл формуласы
Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: қос жынысты және дара жынысты гүлдердің ерекшеліктерін, гүл формуласының жазылуын меңгерту; б) тәрбиелілігі: гүлдің...6 сыныпқа арналған биологиядан тест жинағы
Жасуша. 1. Жасушаның көбеюіне қатысады: А) ядро В) цитоплазма С) қабықша Д) вакуоль Е) пластид...Тұқым және жеміс
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна Сабақтың тақырыбы: Тұқым және жеміс. Сабақтың мақсаты: Білімділік:...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.