Сайтқа кіру Тіркелу

Жылқы шаруашылығы

Сынып: 7
Сабақтың тақырыбы: Жылқы шаруашылығы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік - жылқы шаруашылығының адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
2. Тәрбиелілік - оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа, шыдамды болуға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық - оқушылардың пәнге ынтасын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: ИКТ
Пән аралық байланыс: география.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу.
2. Сынып оқушыларын түгелдеу.
3. Оқушылардың құрал - жабдықтарын тексеру.
4. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Логикалық сұрақтар
1. Жер бетінде қандай жануардың төрт тізесі бар?
түйе
2Өкпе ауруымен ауырмайтын үй жануары?
ит
3. Әлемдегі ең биік жануар?
керік
4. Бір жақ қырымен жатып ұйықтайтын жыртқыш сүтқоректі?
ақ аю
5 Жер бетіндегі ең тісі көп жәндік?
Ұлу
Бунақденеқоректілер Кемірушілер Жұптұяқтылар Жыртқыштар

Төменде берілген жеке отрядтардың тұсына сәйкесін жазыңдар

1. Күрек тістері жақсы жетілген.
2. Дене температурасы онша тұрақты емес.
3. Түр құрамы өте көп.
4. Сойдақ және азу тістері жақсы жетілген.
5. Миы жақсы жетілген.
6. Үшінші және төртінші саусақтары жақсы жетілген.
7. Қарақұйрық, ақбөкен, бегемот.
8. Кірпі, жұпартышқан, жертесер.
1. Борсық. күзен, қабылан.
2. Қалқанқұлақ, жайра, көк суыр.
3. Тұмсығы алға қарай шығынқы.
4. Сойдақ тістері өте көп.
5. Тістерінің құрылысы біркелкі.
6. Кей түрі ін қазып тіршілік етеді.
7. Қуысмүйізділер деген тұқымдасы бар.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Түр: Қазақы жылқы
Туыс: Адай жылқысы
Тұқымдас: Жолат, домбай т. б
Отряд: Тақтұяқтылар
Класс: Сүтқоректілер
Тип: Көпжасушалыра
Дүние: Жануарлар
Қазақы жылқы
Қазақстанда ерте кездерден бастап, өсіріп келе жатқан қолтұқымның бірі - қазақы жылқы. Оның негізгі тобын - «жабы» деп атайды. Бұл қолтұқым көлік малы ретінде және еті, сүті үшін де өсіріледі. Дене бітімі шымыр, қатаң ауа райына төзімді. Жыл бойы жайылымда, жемшөп талғамайды, тез қоңданады, салт мінуге ыңғайлы. Ең байырғы тұқымы нашар қазақы жылқы - жабы. Оның шоқтығына дейінгі биіктігі - шамамен 145 см, тұрқы - 150 см, салмағы - 460 - 470 кг. Жайылымда семіртілсе, одан 230 - 250 кг таза ет алынады. Жабы жылқылары Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақмола аймақтарында өсіріледі.

Қостанай жылқысы
Қостанай және Ресейдің Челябі аймақтарында өсіріледі. 1951 жылы өз алдына жеке қолтұқым ретінде бекітілген. Жергілікті қазақы жылқылардың биелерін асыл тұқымды қалмақ, дән, Орлов жылқыларының айғырларымен жұптастыру арқылы шығарылды. Бұл қолтұқым тебінге төзімсіз.
Қазақстанның батыс өңірінде соңғы жылдары жылқының - мувалжар қолтұқымы шығарылды. Ол негізінен етті және сүтті бағытта өсіріледі. Биелері жылына 3000 литрдей сүт береді.
Қазақстанда жоғарыда аталған қолтұқымдардан басқа жон, желғор, қарабайыр, буденный, түрікменнің ахалтекесі жылқылары өсіріледі. Жылқы малын тек көлік ретінде ғана емес, оның дәмді еті, шипалы қымызы үшін де өсіреді.
Жылқы өнімдері
Қымыз
Қымыздың 3 мың жылдық тарихы бар. Қымыз - халқымыздың кәделі әрі киелі сусыны. Қымыздық 40 - қа жуық түрін дайындайды. Оны дайындау тәсілдері де түрліше. Мысалы, уыз қымыз, бал қымыз, бесті қымыз, дөнен қымыз, жуас қымыз, қысырақ қымыз, шырғанақ қымыз және басқа да түрлері бар. Қымыздың шипалық қасиетіне шет елдер де көңіл бөле бастады. Халқымыздың ұлттық мерекесінің бірі «қымызмұрындық» деп аталады

Ет өнімдері
Жылқы етінен өндірілетін өнімдер: жал, жая, қарта және шұжық. Жал - желке шайы, жая - екі жамбастың сырты, яғни сауыр еті. Қазы - қабырғаның майлы сүбе еті. Қарта - тік ішектің майлы бөлігі. Шұжық - туралған ет пен май тығылып, илектен жасалған тағам

IV. Бекіту кезеңі.
ТВ Бинго

V. Бағалау кезеңі.
VI. Үйге тапсырма.
1. Жылқы шаруашылығын оқу.
2. Тест жазу.
3. Сөзжұмбақ құрау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×