Сабақтың мақсаты: 1. Жапырақтың сыртқы құрылысы, қызметі, орналасуы туралы түсінік
қалыптастыру.
2. Жүйкелену туралы түсінік беру, жапырақ туралы ұғымды одан әрі
дамыту.
3. Жасыл өсімдіктерді қорғауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мультимедиялық көрсетулер, жапырақ суреттері, ромб фигурасы т. б.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, тест, суретпен жұмыс, өзін - өзі тексеру.
Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру. (Оқушыларды түгендеу, сабаққа назарын аудару)
2. Үй тапсырмасын қайталау.
А) Сабақ дегеніміз не?
Б) Сабақ қандай қызмет атқарады.
В) Сабақтың ішкі құрылысы қандай бөлімдерден тұрады?
Г) Қабық неше бөлімге жіктеледі?
Д) Сабақтың қандай түрлері бар?
Е) Сабақтың түр өзгерістері дегеніміз не?
3. Жаңа сабақты меңгерту.
§16. Жапырақ.
Жапырақтың жүйкеленуі
Жүйкелену деп өткізгіш шоқтарының жапырақ тақтасына орналасуын айтады.
Қызметі
1. Жапырақ қабаттарына су мен онда еріген минералды тұздар жеткізеді; түзілген органикалық заттар басқа мүшелеріне таралады;
2. Жапыраққа беріктік қасиет береді.
Жапырақтың сабаққа орналасуы
А). Кезектесе орналасу
Б). Қарама қарсы орналасу
В). Топтасып орналасу
4. Сабақты бекіту.
1. Суретпен жұмыс.(Орналасу тәртібін ата?)
Жұмыс дәптеріндегі жапырақтың орналасуының суретіне қарап ажырату.
2. Биологиялық диктант.
3. Жұмыс дәптеріндегі жай және күрделі жапырақтарды суретіне қарап отырып, ажырату.
4. Тест.
• 1. Жапырақтың сыртқы құрылысы неден тұрады?
• А) Тақта, сағақ; Б) Сабақ, сағақ; В) Тақта, сабақ;
• 2. Бір ғана тақтасы бар жапырақ.
• А) Күрделі жапырақ; Б) Жай жапырақ; В) Жасыл жапырақ
• 3. Өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуы.
• А) Орналасу; Б) Қызметі; В) Жүйкелену
• 4. Жапырақшаларының орналасуына қарай күрделі жапырақшалар қандай топтарға бөлінеді?
• А) Үш құлақты, саусақ салалы, қауырсын тәрізді.
• Б) Тақ қауырсынды, ромб тәрізді, жүрек тәрізді.
• В) Жұп қауырсынды, үш құлақты.
• 5. Жүйкелер жапырақтың ұшына дейін қатарласа созыла орналасса, ол қай жүйкелену?
• А) Параллель; Б) Доғалы, В) Тор.
• 6. Сабақтың әр буынында бір жапырақ болса, ол қай орналасу?
• А) кезектесіп; Б) Қарама - қарсы; В) Топтанып.
• 7. Өсімдіктің өсу мүшесі.
• А) Сабақ; Б) Тамыр; В) Жапырақ.
• 8. Жапыраққа беріктік қасиет беріп, жұлынып түсуден сақтайтын мүшесі.
• А) Сағағы; Б) Жапырағы; В) Алақаны.
• 9. Жапырақтың кеңейген бөлімі.
• А) Мойыны; Б) Тақтасы; В) Сағағы.
• 10. Жапырақтың сабаққа бекінуінің неше түрі бар?
• А) 2; Б) 3; В) 4
5. Сабақты қорытындылау.
Жапырақ тақырыбы бойынша түсініктерін тұжырымдай отырып, оқушыларды бағалау.
6. Үйге тапсырма.
§16. Жұмыс дәптері бойынша - 34, 35, 36 беттердегі 63, 64, 66 тапсырмалар.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.