Сабақтың тақырыбы: Сүйек типтері және олардың байланысуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Қаңқадағы әрбір сүйектің өз орны мен маңызы болатын және әрбір сүйектің басқа сүйекпен ерекше байланысуын негіздеп, түсіндіру.
Дамытушылығы: Адам қаңқасындағы сүйектердің құрылысы, химиялық құрамы мен өсуі туралы білімді дамыту.
Тәрбиелілігі: Адамның тік және сымбатты жүруіне тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақта қолданылатын әдістер: Сөздік, көрнекілік, сұрақ – жауап.
Пәнаралық байланыс: Анатомия, медицина, Химия
Сабақтың көрнекілігі: Адам қаңқасы, кесте «Сүйек типтері», плакат «Адам силуэті», сүйек қиындылары.
Қолданылған әдебиеттер: Е. Очкур 8 сыныптың оқулығы, З. Ж. Асқарова
Биология, «Биология және салауаттылық негізі» журналы №3, 2010 ж., «Биология анықтамалығы»
журналы №1, 2010ж.
ІІ. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
- амандасу
- түгелдеу
2. Үй тапсырмасын тексеру
2. 1. Кесте толтыру
№ Қаңқа бөлімдері Оны құрайтын сүйектер
1. Бас сүйек
2. Омыртқа жотасы
3. Кеуде қуысы
4. Иық белдеуі
5. Қол сүйектері
6. Жамбас белдеуі
7. Аяқ сүйектері
2. 2. «Сандық лабиринт» сұрақтары.
1) Адамда қанша сүйек болады?
2) Омыртқа саны қанша?
3) Адам қаңқасы қанша топқа бөлінеді?
4) Бел омыртқа саны қанша?
5) Арқа омыртқа саны қанша?
6) Мойын омыртқа саны қанша?
7) Қабырға саны нешеу?
8) Құйымшақ неше омыртқадан тұрады?
9) Сегізкөз қанша омыртқаның бірігуінен құралған?
10) Аяқ қанша майда сүйектерден құралған?
3. Жаңа сабақ.
Адам қаңқасының сүйектері қысқа, жалпақ, ұзын болып келеді. Қысқа сүйектерді омыртқа, білезік, алақан сүйектері құрайды. Жалпақ сүйектерге жауырын, бас сүйектің ми және бет сүйектері, қабырғалар жатады. Ұзын, түтік тәрізді сүйектерге жіліктер жатады. Бұл сүйектердің іші сары кемігіне толы. Жіліктің басы сүйекті нығайтатын кемік заттан және қан өндіру мүшесі - сүйектің қызыл кемігінен тұрады.
Сүйектің байланысуы. Сүйектер өзара қозғалмайтын, жартылай қозғалатын, қозғалатын болып байланысады. Сүйектің қозғалмайтын болып қосылуы олардың қисайып бітуі арқылы түзіледі. Осылай құйымшақ және сегізкөз өзара байланысқан. Жік арқылы қозғалмайтын болып байланысу бас сүйектеріне тән.
Көптеген сүйектер созылмалы және иілгіштігі жоғары шеміршекті астар мен омыртқа дискісін түзіп байланысқан. Бұл омыртқа жотасының иілгіштігін қамтамасыз ететін сүйектердің жартылай қозғалатын болып байланысуы.
Буын сүйектердің қозғалатын болып байланысуы. Буын тұтас сүйектерден тұрады. Олардың біреуінде басқа сүйектің буын басы кіретін буын ойысы болады.
Дұрыс отырмаған кезде адамның омыртқа жотасы қисайып, иығы бүкірейіп қалуы мүмкін. Ал ұзақ уақыт аяққа күш түскенде, тар және өкшесі биік аяқ киім кигенде жалпақтабандылық болады.
Қаңқаның сүйектену процесі дене тоқтағанда 22 - 25 жасқа қарай аяқталады.
4. Сабақты бекіту
4. 1. Тес сұрақтары
І нұсқа
1. Адам қаңқасы неше сүйектерге жіктеледі?
А) 1
В) 2
С) 3
Д) 4
2. Омыртқа, білезік, алақан сүйектері қандай сүйектерге жатады?
А) жалпақ
В) ұзын
С) қысқа
Д) жуан
3. Жік арқылы байланысу қай сүйекке тән?
А) жілік
В) кеуде қуысы
С) омыртқа жотасы
Д) бас сүйек
4. Қабырға қандай сүйектерге жатады?
А) жалпақ
В) ұзын
С) қысқа
Д) жуан
5. Байланысқан сүйекті не жабады?
А) буын қабы
В) сіңір
С) сүйек
Д) кемік
ІІ нұсқа
1. Сүйектер неше жолмен байланысады?
А) 1
В) 2
С) 3
Д) 4
2. Ұзын, түтік тәрізді сүйектерге қандай сүйектер жатады?
А) ортан жілік
В) асық жілік
С) кәрі жілік
Д) барлығыда
3. Жалпақ сүйектерге қандай сүйектер жатады?
А) жауырын, жамбас
В) ортан жілік, омыртқа
С) алақан сүйектері
Д) бет сүйектері
4. Сүйектену процесі қашан аяқталады?
А) 20 - 22
В) 22 - 25
С) 25 - 27
Д) 27 - 30
5. Омыртқа жотасының иілгіштігін қамтамасыз ететін не?
А) жұлын
В) омыртқа дискісі
С) сіңір
Д) буын
Дұрыс жауаптары
№ І нұсқа ІІ нұсқа
1. С С
2. С Д
3. Д А
4. А В
5. А В
4. 2. «Адам қаңқасын құрастыру» ойыны.
Шарты: Тақтада адам силуэті ілініп тұрады. Сол адам бейнесіне адам қаңқасын дұрыс құрастыру керек. Әрбір сүйектің астында сұрақтар жасырылған. Сұраққа жауап бере отырып, қаңқаны магнитпен жапсырады.
4. 3. «Бағдаршам ойыны»
Шарты: Оқушының алдарына үш түрлі қағаз қиындысы беріледі. Түстері сары, қызыл, көк. бұл қағаздарды адамның жалпақ, ұзын, қысқа сүйектерін тауып жапсырулары керек. Сары – қысқа сүйек, қызыл – ұзын сүйек, көк – жалпақ сүйек.
5. Қорытындылау
6. Бағалау
7. Үйге тапсырма § 25 түсінігін айту, 59 сурет салу, №1 кесте толтыру.
Сүйек типтері және олардың байланысуы
- ramuk_b
- 3 ақпан 2019
- 10194
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Сүйек типтері және олардың байланысуы, биологиядан сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Сүйектердің типтері және байланысу түрлері
Білімділігі: Қаңқадағы әрбір сүйектің өз орны мен маңызы болатын және әрбір сүйектің басқа сүйекпен ерекше байланысуын негіздеп, түсіндіру....Қаңқаның негізгі бөлімдері (күнделікті сабақ жоспары)
Бассүйек - ми сауыты мен бет бөлімдеріне бөлінеді. Ми сауыты бөлімі бірімен - бірі берік (қозғалмай) байланысқан маңдай (1), тебе (9), самай (8),...Сүйек типтері
Сабақ мақсаты Оқушыларға қаңқадағы әрбір сүйектің өз орны мен маңызы болатынын түсіндіру. Қаңқадағы сүйек типтеріне сипаттама беру, адам ағзасындағы...Қаңқа бөліктері
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларды қаңқаның маңызымен және қаңқа бөлімдерімен таныстыру. Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау және танымдылық...Тірек-қимыл жүйесі
Мақсаты: Білімді, адамгершілігі мол, жан - жақты тұлга тәрбиелеу. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдана отырып,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.