Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
Бекарыстан би кеңшары
Ү.Түктібаев атындағы №24 орта мектептің
биология пәні мұғалімі Сансызбаева Роза Мұхтарқызы
I. Кіріспе
Ұлтты ұлт етіп, дүниежүзілік деңгейге көтеретін бәсекеге қаблетті талапты ұрпақ тәрбиелеудің қажеттілігі.
II. Негізгі бөлім
А) Бәсекеге қабілетті. жеке тұлға қалыптастырудың жолдары..
III. Қорытынды
Болашақ кілті –жан-жақты дамыған , бәсекеге қаблетті ұрпақ қолында.
1. Қоғамның дамуы жас ұрпақтың меңгерген білімі қалыптасқан іскерлік дәрежесіне байланысты. Ұлтты ұлт етіп дүниежүзілік деңгейге көтеретін оның саналыда дарынды, талапты ұрпағы.
Қазақстан Республикасы 2010 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында «Орта білім берудің мақсаты - қарқынды өткізіліп отырған дүние жағдайында игерілген терең білімнің , кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлама алуға, өзінің іс-әрекеттерін жұмылдыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі атап көрсетілген. Бұдан оқытудың мазмұны мен құралдарына, әдіс-тәсілдеріне ұйымдастыру формасына өзгерістер енгізу қажеттілігі туындайды.
2. Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасып жатқаны белгілі. Бұл үрдіс білім парадигмасының өзгерумен қатар жүреді. Білім парадигмасының өзгеруі «білетін адам» парадигмасын «өмір сүруге дайын адам», «әрекетшіл адам»парадигмасымен ауыстыруды қажет етеді. Бұл әдістеме көп өзгерістерді енгізуді талап етеді. Бұдан «білімді адам» - деген мағынаның кеңеюінің қажеттігі туындайды.Сонымен , білімді адам білімді ғана емес, оның осы білім негізінде өмірге өз көзқарасы қалыптасқан, қазіргі күрделі жағдайда өз бағытын бағдарлай алатын, өмірде бәсекеге қабілетті жеке тұлға ретінде өз орыныңды табуға қабілетті адам. Ал, білім беру ісі жеке тұлғаның жан-жақты дамуына барлық мүмкіндікті қамтамасыз етуі қажет.
Осы білім прадигмасының нәтижесінде білетін адам парадигмасын әрекетшіл және дамытушы адам парадигмасына ауыстыру бағытында білім берудегі негізгі бағыт өзі қызмет істеи алатын, барлық оқу мазмұны мен оқыту технологияларын өзінен өткізу арқылы өзінің бағытын анықтай алатын адам тәрбиелеуге негізделеді.
Білім парадигмасының өзгеруі
Жеке тұлғаның дамуының қозғаушы күші мен оның көзі – тұлғаның сол кезге дейінгі жинақталған интеллектуалдық, адамгершілік және рухани потенциалын пайдалана отырып, өзін - өзі жетілдіру мен жеке дамуға бағытталған қажеттілігі болып табылады.
Мұғалімге қойылатын талап – орта мектепті бітіруші түлектің бәсекелесу мүмкінділігін тудыра алуын қадағалау.
Бала өзін танып біліп, бағалануы үшін, ата-аналармен ұстаздар мына мәселелерге көңіл аударуы тиіс.
1. Бала тәрбиесінде нені бағалайтыныңызға талдау жасаңыз.
2. Адал болыңыз. Бала өтірікке өте сезімтал.
3. Баланың даму деңгейін бақылаңыз. Сөздік қатынас дарындылықтың негізгі көрсеткіші емес.
4. Ұзақ әңгімемен түсіндірудің пайдасы жоқ.
5. Баладағы өзгерістерді уақытымен анықтауға тырысыңыз.
6. Баланың дара ерекшелігін байқап бағалаңыз. Өз икемділігіңізбен қызығушылығыңызды оған танбаңыз.
Талантқа қамқорлық керек. Бізде дарынға көп көңіл бөлінбейді. Көбінесе ол балалық қайталанбас ерекшелігін түсінбеуден туады. Мектепте талапты балаға қамқорлық қажет емес, ол бәрін өзі меңгереді деген теріс пікірде бар. Дарынды балалар көп байқайды, көп істейді, сезімтал. Бір мезгілде бірнеше жағдайды байқайды, қоршаған адамдардың мінездерін, қимылын, кескінін, дыбыс ырғағын қалт жібермейді. Дарынды баланың түсінуі мен қабылдауы емес, ерекше сезімталдықпен жоғары әсерлену мен қоса жүреді. Олар бәрін қабылдайды, бәріне көңіл аударады. Қарапайым балаға әсер етпейтін қатынас, дарынды баланы алаңдатады. Тіпті басқа балаға айтылған сөз оған қатысты сияқты өзін кінәлі сезінеді. Құлаққағыс сөз тіке соның атына айтылғандай көрінеді.
Дарынды бала - бұл белгілі бір салада жетістіктері айқын көрінетін немесе сондай жетістіктер әлеуеті мол бала.
өткір ақпаратты өңдеу қабілеті жоғары дамыған
Негізгі түсініктерді тез қабылдайды ақпараттарды есте сақтайды
Б) Мектептегі оқу жұмысының сапасы мұғалімнің, оқушылардың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуіне, оның тиімділігін мейілінше жетілдіре білуіне байланысты болады.
Оқушылар әрекетінің ең басты және жетекші түрі - оқу. Ол алдын - ала жасалған жоспар мен бағдарлама бойынша мұғалімдердің басшылығымен жүйелі түрде іске асырылып отырылады.
Оқу - баланың өзінің танымдық белсенді әрекеті. Көрнекті психолог Л:С: Выготский «жақсы оқыту деп, ол баланың дамуын ілгері жүретін оны жетекке алатын оқытуды айтады» - деп тұжырымдайды. Оқушылардың жұмысты шығармашылықпен ойлауы, оны істей білуі мен танымдық белсенділігін арттыру – қазіргі кезде барлық мұғалімдер қауымының алдындағы мәселе.
Осыған орай оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімді жолдарының бірі өзіндік жұмыспен өздігінен білім алу жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық және әдістемелік тәсілдерін қазіргі заман талаптарына сәйкес жетілдіру болып отыр.
Оқушылардың пәнге деген көзқарасы әртүрлі факторлармен: жеке басының және пәннің ерекшеліктерімен қатар оқыту әдісімен анықталады. Пәнге деген ынтасын арттыру мақсатында үйірме жұмысын жүйелі түрде жүргізіп отырған жөн. Сол сияқты түрлі отырыстар форум, дөңгелек стол, КВН жарыстары, кештер өткізу, сөз жұмбақтар, ребустер шешу, биологиялық есептер шығару, тест сұрақтарына жауап беру, оқушының ғылыми ізденісін білуге құштарлығын ғылыми танымдық қабілетін, іс-әрекетін арттырады.
Өз тәжірибемнен байқағаным, дарынды оқушыларды іріктеу және олармен жұмыс істеу үшін үйірме жұмысының орны ерекше.
Мектепте «жас эколог» үйірме мүшелерімен жұмыс жүргіздім. Оның құрамы 13 оқушыдан тұрады. Осы оқушылардың пәнге қызығушылығын, танымдық белсенділігін, іс-әрекетін арттыру мақсатында кештер, зерттеу жұмыстарын жүргіздім.
Мұғалімнің шеберлігімен оқушылармен жеке жұмыс жүргізу арқылы ұйымдастырылған сабақтар, үйірмелер, факультатив сабақтар оқушылардың дарындылығын дамыту жолдарының бірі болып табылады.
Сабақ, үйірме барысында оқушылардың өздігінен ізденуін қадағалап білім дағдысын толықтыруға бағытталған сабақ өткізу әдістерінің бірі - «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» жобасы.
Дарындылықты дамыту үшін жұмысты жүйелі ұйымдастыру қажет. Жаңа технология мүмкіндіктерін пайдалану, сыныптан тыс шараларды өз дәрежесінде өткізу, өз бетімен білім білім алуға жетелеу.
Дарынды оқушылармен жұмыс жасайтын мұғалімдер аз сөйлеп, ақпаратты өзі аз береді., олар аз түсіндіріп, көбірек сұрақтар қояды, көбірек ойлантады. Сұраққа өзі жауап берудің орнына кезекті оқушыларға береді.
Қазіргі әрбір ізденімпаз мұғалімдердің міндеті оқушының белсенділігін, іскерлігін дамыту. Дарынды балалар осындай сабақ барысында да ерекше тапқырлығымен, ғылыми ізденісімен көзге түсіп отырады. Өз бетінше ізденуді оқушылардың өзіндік жұмысын тауып ұйымдастыра алатын, керек кезінде жағдайлар туғызып, олардың басты міндетін өз бетінше шешуге құштарландыра алатын мұғалім оқытуда ең жақсы нәтижеге жететіндігін көруге болады деп ойлаймын.
Іздену арқылы басты мәселелерді жете білу, зерттеу, жинақтау, оны насихаттау, іске асыру, оқу және тәрбие жұмысын одан әрі жақсарта берудің сарқылмас көзі.
«Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді оған жақын жасы үлкендер дұрыс, жеткілікті бағаламаса оның «өзгелер сияқты» болып қалып қоюы мүмкін» дейді американдық ғалымдар.
Дарынды оқушылармен үздіксіз жұмыс жасай отырып, төмендегідей нәтижеге қол жеткіздім:
н олимпиада көрсеткіші
ә ҰБТ көрсеткіші
т «Алтын белгі» иегері, Қожақова А, ҚМУ студенті.
и үздік аттестат иегері, Қожанияз Т, ЖПУ студенті.
ж
е
Аудандық олимпиада жетістіктері
р/с Оқушының аты-жөні Сыныбы Оқу жылы Жүлдесі Пәні Дайындаған мұғалім
1 Достанова Р 9 1999-2000 1 орын биология Сансызбаева
2 Достанова Р 10 2000-2001 2 орын биология
3 Достанова Р 11 2001-2002 2 орын биология
4 Меңдібаева А 9 2001-2002 2 орын биология
5 Меңдібаева А 10 2002-2003 2 орын биология
6 Қалниязов А 9 2004-2005 2 орын Биология
7 Қалниязов А 10 2005-2006 3 орын биология
8 Қожанияз Т 9 2007-2008 2 орын биология
9 Сәдір Ф 9 2007-2008 Мақтау қағаз химия
10 Сәдір Ф 11 2009-2010 Мақтау қағаз химия
11 Қожанияз Т 11 2009-2010 Мақтау қағаз биология
2004, 2007, 2010 оқу жылында 18 оқушы грант иегері болды.
Қорытынды.
3. Қорытындылай келе, оқушылардың шығармашылығын, қызығушылығын дамыта отырып, ғылым саласында олимпиада, байқауларға дайындай отырып, көсемдігі мол, шығармашыл, білімді, ізденімпаз, тапқыр, қабілетті зор оқушы шығару - әрбір ұстаздың міндеті.
Бүгінгі күннің негізгі талабы білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын, жаңаша ойлай алатын творчестволық адамға айналдыру.
Бүгінгі білім беру процесінде оқушымен жеке жұмыс жүргізу арқылы дарындылықты дамыту оқушының зерттеу жұмысына танымдық белсенділік арқылы қызығуды қалыптастыру әрбір мұғалімнің міндеті.
Сонымен,
өз бетінше іс-әрекетке бейім өзінің жинақтаған
білім - дағдысын пайдалана біледі
проблема шешуде Үнемі ісін сапалы етіп
зейінін бір нәрсеге шоғырландырады жақсы орындауға тырысады
Бәсекеге қабілетті
Ұсыныстар:
1. Дарынды баланы жан-жақты зерттеу жолға қойылса
2. Дарынды баланы бейіміне сәйкес оқыту жолға қойылса
3. Дарынды балаға қосымша материалдар,ақпараттар алу үшін жағдай жасалса
Әдебиеттер:
1. Биология және салауаттылық негізі
2. Хабаршы журналы
3. Мектеп ғылыми әдістемелік, педагогикалық журнал.
Бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру
- Айгул61
- 27 мам 2012
- 16223
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қабілетті, дарынды бала, биология
Ұқсас жаңалықтар:
Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселелері
Бүгінгі таңда дарынды бала сөзі жиі қолданылып жүр. Дарындылық — адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын...Дарынды балалармен жұмыс
№10 орта мектеп кітапхана меңгерушісі Рыгалиева Жанар Ондыевна...Сабақтың тииімділігін арттыру жолдары мен құралдары
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, "№42 орта мектеп" КММ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Аманжолова Тана Тастанқызы...Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары
Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың...Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудағы шығармашылық жұмыстардың р ...
Адам тәрбие негізінде жетіліп қалыптасады. Адам болашағын шешетін де тәрбие екендігі ежелден белгілі, көңілде жатталған ұлы түсінік болғанымен, оны...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.