Ұлы Дала елінің дарабоздары
ЖАСЫБАЙ БАТЫР
Жасыбай батыр – 18 - ғасырда өмір сүрген батыр. Орта жүз құрамындағы Арғын тайпасынан шыққан, Бәсентиін руынан. Олжабай батырдың жиені. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі тарихында ерекше рөл атқарған ірі тұлға. Әкесі Өмірәділ от ауызды, орақ тілді шешен адам болған. Анасы – қазақтың атақты батыры Олжабайдың апасы. Шежіре деректерде батырды «Олжабайдың жиені» дейтіні де содан. Жасыбай екі ағайынды болған, інісі Байсары да жоңғарларға қарсы күресте ерлігімен көзге түскен белгілі батырлардың бірі көрінеді.
Жасыбай жөнінде Н. Я. Коншиннің жазбаларында, халық шежірелерінде, аңыз - әңгімелерінде, батырдың өзіне арналып шығарылған «Ер Жасыбай» жыр - дастанында біраз мағлұмат берілген. Соларға қарағанда, ол Олжабайдың жиені ғана емес, жауға бірге шапқан серігі, жақын досы болған. Жастайынан жауырыншылығымен, құралайды көзге атқан мергендігімен аты шыққан. Баянауыл өңірін қалмақтардан тазартуда үлкен ерлік көрсеткен. «Ол – жауға бірнеше дүркін соққы берген әйгілі батыр. Бірде қазақтардың қолбасшысы Олжабай батыр Жасыбай батырға жауынгерлермен келе жатқан қалмақ қолының алдынан шығып, олардың жолын бөгеп, бері жібермеуді тапсырады. Мыңға толмаған жасақты бастаған Жасыбай батыр жаумен асқан ерлікпен соғысады. Бірақ аңдаусызда сауытының желке тұсындағы ашық жерінен қалмақтың оғы тиіп, содан өледі. Қазақ қолы қалмақтарға төтеп бере алмай ығыса бастайды. Сол кезде қырғын болған таудың шатқалына Олжабай бастаған әскер кіреді. Жеңілген қалмақтардың ұлардай шулап, жалбарынған дауыстарынан тау іші күңіренеді. Сонда Олжабай батыр: «Сендердің бәріңді қосқанда, өлген Жасыбай батырдың шынтағына тұрмайсыңдар» деп, жауынгерлеріне «жауды аяған жаралы» екенін ескертеді. Қалмақтардың бұл жолы қырылғаны сонша, өліктері жолдың ұзына бойына шашылып қалды» (Н. Я. Коншин). Бұл деректердің дұрыстығына «Олжабай батыр» жырындағы: «Келген жолмен шұбырып, Есепсіз жолда қырылып, Баян тауын жанапты. Қақайып садақ тартқанда, Қалмақтың тиіп сұм оғы, Жасыбай қалды жығылып» деген жолдар да, соғыс болған жердің бұл күнде «Қалмақ қырылған» атауы да дәлелдей түседі.
Туған елін, өскен жерін ата жауынан азат ету жорығында сан ерлігімен көзге түсіп, осы игі мақсат жолында қаза тапқан ерінің есімін ардақтаған халқы кейін Баян тауының ол қорғаған асуына «Жасыбай асуы», көліне «Жасыбай көлі» деген ат берді. Ол жерлер қазір солай аталады. Жасыбай асуы деген жерлер бар. Жасыбай батыр жерленген бейіт сол асудың үстінде.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Жасыбай батыр
- ramuk_b
- 3 сәуір 2017
- 2572
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жасыбай батыр 18 ғасырда өмір сүрген батыр
Ұқсас жаңалықтар:
Жасыбай көлі
Тербеліп жасыл бұлттай жасыл айдын, Мұнартып келе жатыр Жасыбайдың. Менмен шың, меңіреу құз, мелшиген тас Қарайды теңірекке шашып айбын....Жаяу Мұса
Байжанұлы Жаяу Мұса – қазақ халқының әйгілі әнші - композиторы, ақын. Туған жері – Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің жағасы,...Райымбек батыр
Райымбек – батыр, қолбасшы, Ұлы жүз албан ішіндегі Алжан руының Сырымбет тармағынан. Атасы Хангелді батыр XVIII ғасырдың 1 - жартысында жоңғарларға...Өтеген батыр
Өтеген батыр – XVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры. Ұлы жүздің Дулат тайпасынан Жаныс руынан шыққан....Жәнібек батыр
Жәнібек Тархан Қошқарұлы, Шақшақ Жәнібек – қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің қаһарманы. Орта жүз құрамындағы арғын...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.