Ұлы Дала елінің дарабоздары
ЖАЛАҢТӨС БАТЫР
Жалаңтөс Сейітқұлұлы Сырдария өзенінің бойы, Нұрата аймағында дүниеге келген. Жалаңтөс батыр – мемлекет қайраткері, батыр, қолбасшы, би. Әйтеке бидің үлкен атасы Жалаңтөс батыр бес жасқа келгенде әкесі Сейітқұл хан (Сейітқұл 1570 жылы өзіне қарасты алшындармен Нұрата өңіріндегі өзбек, қарақалпақтардың басын біріктіріп, хан болады да, 5000 тұрақты жасақ құрып, жеке ел билейді) оны Нұратадағы мешітке оқуға жібереді. Алғыр да зерек Жалаңтөс батыр: батырлар жырын, атақты хандар туралы жылнамаларды көп оқып, өзін батырлыққа, ел басқару ісіне шыңдап, түрлі әскери өнерді де игере бастайды. Баласының бейімділігін байқаған әкесі Жалаңтөс батырды 1590 жылы Бұхар ханы Абдулланың жоғарғы дәрежелі қолбасшылар даярлайтын әскери мектебіне оқуға жібереді. Бұл мектепте Шыңғыс ханның қолбасшылық өнерінен дәріс беретін Бақимұхаммедтің баласы Имамқұл Жалаңтөс батырдың ерекше қабілетін байқап, оны өзімен бірге хан ордасында өтетін әр түрлі кеңестерге, шет елдерден келген елшілерді қабылдайтын салтанатты рәсімдерге қатыстырып отырады. Хан ұрпағы Иманқұл мен Жалаңтөс батыр достығы осы кезден басталады. Бұхараның әскери мектебінде 3 жыл оқып, түменбасылық лауазым алып қайтқан. Жалаңтөс батыр 1593 жылы Бұланғар, Лайыш, Қаттықорған жерлеріндегі Әлімұлы тайпасының бір бөліміне би болып сайланады. 1595 жылы Иманқұлдың шақыруымен Бұхараға келеді де, хан кеңесінің ұйғаруымен Бағдад қаласына оқуға жіберіледі. Онда білімнің әр саласынан дәріс тыңдап, 1598 жылы еліне оралады. 1598 жылы қыркүйекте Бұхар ханы Абдулла қайтыс болады да, орнына баласы Абдулмүмин таққа отырады. Бірақ оның билігі ұзаққа бармайды, бес айдан соң өзінің қарсыластарының қолынан қаза табады да, тақ үшін тартыс басталады. Осындай жағдай Бұхараның ақсүйектері Жаңатөс батыр бастаған алшындардың қолдауымен Жәнібектің баласы бастаған алшындардың қолдауымен Жәнібектің баласы Бақимұхаммедті хан көтереді, інісі Уәлимұхамедті тақтың мұрагері деп жариялайды. Жалаңтөс батыр хан кеңесіне мүшелікке қабылданып, әскери істер жөніндегі кеңесші һәм ішкі істер уәзірлігінің орынбасары болып тағайындалды. 1605 жылы Бақимұхаммед қайтыс болады да, таққа Уәлимұхаммед отырады. Бірақ Уәлимұхаммед ел ішінде тәртіп орнатып, халықтың бірлігін сақтай алмайды. Мұндай саясатқа қарсы болған Жалаңтөс батыр бастаған топ 1611 жылы Уәлимұхаммедті тақтан түсіріп, орнына Иманқұлды отырғызады. Осы кезде Бұхар хандығының нығаюына Жалаңтөс батыр көп еңбек сіңіреді. Жалаңтөс батыр ауырып төсек тартып жатқан кезде, 1612 жылы күзде, Иманқұл Түркістанға шабуыл жасап, қазақтар мен қарақалпақтарды қырғынға ұшыратады. Осыдан кейін Жалаңтөс батыр мен Иманқұл хан арасындағы қырғиқабақтық біраз жылға созылып, 1618 жылы қыркүйекте Иманқұл батырдан кешірім сұраған соң тоқтатылды. Жалаңтөс батыр бұл тұста Бұхарада 5000, Нұратада 5000 тұрақты жасақ ұстайды. 1618 жылы Иманқұл хан Жалаңтөс батырды хандарының бас қолбасшысы, хандықтың ішкі тәртібін қадағалайтын және шет елдермен қарым - қатынас жасау жөніндегі бас уәзірі етіп тағайындайды.
Бұл кезінде Бұхар хандарында белгілі дәрежеде тәртіп орнап, тұрақтылық сақталды. Иманқұл тақта отырған тұста хандықта екі адамнан жасқанатын, бірі – Жалаңтөс батыр, екіншісі – Бадахшан әмірі қатаған Махмұд би еді. Жалаңтөс батырдың беделінен сескенген Иманқұл 1626 жылы Бұхар хандығынан тәуелсіз Самархан аймағын құрып, оған Жалаңтөс батырды әмір етіп тағайындайды және бас қолбасшылықты Жалаңтөс батырдың өзіне қалдырады. Жалаңтөс баһадүрге Үндістан, Хорезм, Тибет, Ресей т. б. елдермен сыйлықтар келіп тұрды. Жалаңтөс баһадүр дарынды қолбасшы ғана емес, ол ұлы сәулет өнерінің де қамқоршысы бола білді. Самарқандағы Ұлықбек медресесінің қарсысынан 1620 – 1636 жылдары «Ширдор» (Арыстан қақпа) медресесін салдырды.
1646 жылы екі медресенің ортасынан «Тіллә Қари» (Алтынмен апталған) медресесінің құрылысын бастайды, бірақ бұл медресенің құрылысы Жалаңтөс баһадүр қайтыс болған соң, 1660 жылы, оның шәкірті алшын Бекқұлдың жалғастыруымен бітеді. Жалаңтөс баһадүр салдырған кешенді құрылыстар Самарқандағы Регистан алаңын қалыптастырады да, кейін қаланың салтанатты орталығына айналады. Жалаңтөс баһадүр шын мәнінде өзбек, қазақ, қарақалпақ, қырғыздардың біріккен қолының қолбасшысы болып, Самарқан, Бұхара, Ташкент, Түркістан төңірегін ғана қорғаған жоқ, оған қоса қазақ сахарасының да қорғаны бола алды. 1640 жылы жоңғарлардың Батыр қонтайшысына қарсы 30 мың қолмен шығып, 50 мыңдық қолды талқандады. 1643 жылы Жалаңтөс баһадүр Жетісу өлкесіне басып кірген жоңғарларға қарсы шайқасып жатқан Салқам Жәңгір ханға 20 мың қол бастап көмекке келеді де, қалмақтарды ойыстыра жеңеді (Орбұлақ шайқасы). 1644 жылы Пәкістан, Ауғанстан, Үндістан аумағын билейтін Моғол империясы мен Бұхар хандығы соғысады. Салқам Жәңгір 100 мың қолмен Жалаңтөс баһадүрге көмекке келеді де, Бұхар хандығы аман қалды, Жалаңтөс баһадүр Кабул, Мешхедті басып алды. Бабырдың ұрпағы Жаһан шаһтың екі баласы басқарған моғол әскері Балх түбінде жеңіліс тапты. Жалаңтөс баһадүрдің сол замандағы Салқам Жәңгірмен қосылып, қазақ елінің тұтастығын сақтауға сіңірген еңбегі оның даналығын танытады. Жалаңтөс баһадүрдің Бұхар хандығын тапжылтпай ұстап, екі хандықтың Талас өзені алқабындағы қазақ - жоңғар соғысы кезінде одақтас болуына ықпал жасады. Жоңғарлардың қазақ сахарасына қарсы жасаған соғыстары кезінде Қазақ хандығының қалың қолына келіп қосылып, оның күшін еселеді. Жалаңтөс баһадүрдің мұндай әрекеті оның қайраткерлігін танытты. Жалаңтөс баһадүр 80 жасында дүниеден өтті. Денесі Самарқан өңірі Дағбид қыстағындағы өзі пір тұтатын Мақтым ағзам әулие бейітінің жанына жерленген.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Жалаңтөс батыр
- ramuk_b
- 3 сәуір 2017
- 2738
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жалаңтөс батыр мемлекет қайраткері, батыр, қолбасшы, би
Ұқсас жаңалықтар:
Өтеген батыр
Өтеген батыр – XVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры. Ұлы жүздің Дулат тайпасынан Жаныс руынан шыққан....Салқам Жәңгір
Салқам Жәңгір – 1645 жылы туып, 1652 жылы қайтыс болған Есім ханның ұлы. Салқам Жәңгір хан тағына Есім хан өлген соң отырады. Жәңгір хан бойы аласа,...Әйтеке би
Әйтеке Байбекұлы – қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының Төртқара руынан...Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жаңажол орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Ш. А. Абдуллина...Ертегілер елінде
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Жалаңтөс батыр ауылы Қ. Пірімов атындағы № 103 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Карабекова Лаура Бибитовна ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.