Сайтқа кіру Тіркелу

Сейітқұл Оспанов "Шыбын мен көбелек" (мысал)

Сабақтың тақырыбы: Сейітқұл Оспанов "Шыбын мен көбелек" /мысал/
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік. Оқушылардың С. Оспановтың өмірі мен шығармалары туралы білімін кеңейту. Шыбын мен көбелек әңгімесінің мазмұны мен идеясын ашу.
Жануарлар, жансыз заттар әрекет ететін мысалдың рөліндегі жәндіктер өміріне тоқталу.
Шыбын мен көбелектің пайдасы мен зияны туралы түсінік беру.
Дамытушылық. Оқушылардың ойлау, сөйлеу, тілдік қорын дамыту.
Тәрбиелік. Табиғатты аялауға баулу. Жақсыдан үйрену және жаманнан жиренуге тәрбиелеу. Адамгершілікке, инабаттылыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, диалогтық сұрақ - жауап,
оқу дағдысын дамытатын әдіс - тәсілдер (мәнерлеп оқу, тізбектеп оқу), ой тастау, Инсерт әдісі.
Оқыту технологиясы: ақпараттық технология, СТО.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, слайдтар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа даярлау.
Психологиялық даярлық.
Оқушылар «Қазіргі көңіл күйің қалай?» деген сұраққа сәйкес түрлі түсті қағаз таңдайды
Ақ қағаз - жақсы, көңілдімін.
Сары қағаз - орташа, бір нәрсені уайымдап отырмын
Қызыл қағаз - онша емес, жүрексініп отырмын
Көк қағаз - ашулымын, ренжіп отырмын
Үй тапсырмасын тексеру.
Адырбек Сопыбеков. Сапар мен Парта. (жаттау, сахналау, партаның суретін салу.)
Топқа бөлу
1 - топ Білімділер
2 - топ Ойшылдар
Жаңа сабақ.
а) Жұмбақтар шешу:
1. Ас көрсе - ақ жалайды,
Содан ауру тарайды. (шыбын)

2. Көлбең - көлбең етеді,
Гүлден ұшып жетеді.
Гүл шырынын сорады,
Соған риза болады. (көбелек)
Сейітқұл Оспанов ағамыздың «Шыбын мен көбелек» атты шығармасымен танысамыз.
Сабақтың мақсатын хабарлау.
С. Оспанов туралы мағлұмат беру.

С. Оспанов (1955 - 2003) 30 - наурызда Қызылорда облысының Қазалы қаласында дүниеге келді. 1977 жылы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірді.
Шығармалары: «Бәйге», «Ащы қауын, тәтті қауын», «Күн көтерілген шақ» атты жыр жинақтары, «Ағаш ат», «Бақытты үй», «Құлдар көтерілісі»атты кітаптарының авторы.
Инсерт әдісі. Не білесің? (шыбын мен көбелек туралы).

Ассоциация құру
1 - топ «Шыбын» деген кезде ойға түсетін алғашқы сөздерді жазып шығу
2 - топ «Көбелек» деген кезде ойға түсетін алғашқы сөздерді жазып шығу
Оқулықпен жұмыс.
Мысалды оқушыларға оқыту.
Мысалды рөлге бөліп, сахналау.
Ойсергек «Көбелек» әнін «Айгөлек»әніне салып айту
Көбелек - ау, көбелек,
Көкке ұшқан өрмелеп,
Сені ұстау тым қиын,
Айлакерсің керемет.
Шаршадым - ау, шалдықтым,
Қуып сенің соңыңнан,
Ұстасам да шап беріп,
Шығып кеттің қолымнан
Сұрақтарға жауап алу.
Шығармашылық жұмыс
Дәптермен жұмыс.
Сөздік жұмысын жүргізу.
Үнтаспадан «Шыбын мен көбелек» диалогын тыңдату.
Кім мықты? сайысы.
1 – топ Шыбын мен Көбелек туралы өлең жолдарын құрастыру..
2 - топ Тақырыпқа байланысты сурет салу.

Жеке жұмыс. «Бестармақ» тәсілі
Бұл тәсілде оқушылар Көбелек пен Шыбынға мінездеме бере отырып өз ойын қорытындылау үшін тек 11 сөзді қолданады
1 - топ Көбелек
1. Не?- 1 сөз
2. Қандай?- 2 сөз
3. Не істейді?- 3 сөз
4. Оның қандай маңызы бар?- 4 сөз
5. Оны басқаша қалай атауға болады?- 1 сөз
2 - топ Шыбын
1. Не?- 1 сөз
2. Қандай?- 2 сөз
3. Не істейді?- 3 сөз
4. Оның қандай маңызы бар?- 4 сөз
5. Оны басқаша қалай атауға болады?- 1 сөз
Қорытынды.
Мысалдағы кейіпкерлерді сипаттау, мінездеме беру. Пайдасы мен зияны туралы айту.
- Мысалда адамдардың қандай қылығы сыналады?
Үйге тапсырма.. Мысалды түсініп оқу. Рөлге бөліп, сахналау.
Бағалау.
Рефлексия
Сабақ соңында оқушылар «Ал енді қазіргі көңіл күйің қалай?»деген сұраққа сәйкес түрлі қағаздарды қайта таңдайды. Сабақ басында алған қағаз түсімен салыстырып, көңіл күйінің қаншалықты өзгергенін және себебін айтады
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×