Кел, ойнайық!
Пәнаралық жарыс.
Мақсаты: Өткен сабақтар бойынша алған білімдерін тиянақтау. Топта бірлесе жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: Сабақтарда алған білімдерін пайдалана алады. Топ мүшелерімен бірлесіп жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.
Көрнекіліктер: гүл, шар, күн ұстаған қос балапан, жеміс ағашы, себет, қорап.
Сабақтың барысы:
Жүргізуші: Кел балалар ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық!
Қуанышқа бөленген әр күніміз,
Бақыттымыз, балалар барлығымыз!
Балалар хормен айтады:
Менің қолдарын кеуделеріне қояды.
Отаным қолдарын жоғары көтереді.
Қазақстан! Шапалақтайды.
Екі топты таныстыру:
Әділқазы алқасын сайлау.
Тақтадағы күн ұстаған қос балапанға назарларын аудару.
Жүргізуші: Балалар мына қос балапан біздерге тапсырмаларды ұсынып отыр. Кәне, білім күшін сынайық!
Әр тапсырманы жүректің артына жасырып қойыпты.
Жасырған сандарға байланысты тапсырмаларды бөлмеден тауып алу керек.
№ 1 - тапсырма: Жеміс ағашына ілінген. Сауат ашу сабағына байланысты. Дыбыстық талдау жасау: Мақала Астана Ботақан
№2 - «Геометриялық фигураларды сана»
№ 3 - тапсырма: «Терезе сал»
№ 4 - тапсырма: «Жүрек жылуы». Бұл тапсырманы орындау үшін қонақтар алдындағы 4 саны белгіленген себетті ашу керек. Ол үшін қонақтарға жылы - жыл, сиқырлы сөздер айту қажет. Мысалы: Сәлеметсіздер ме? Қалыңыз қалай? Денсаулығыңыз жақсы ма? Рахмет! Сізге ризамын. Рұқсат па? Кешіріңіз. Сіз әдемісіз. Көріктісіз т. б.... Осы сөздерден кейін себетті алып ішіндегі тапсырманы орындау керек. Ол музыкалық сәлем жолдау. Ішінде ноталар болады. Әр топ өз әнін орындайды.
№5 - тапсырма: «Көрші санды тап!»
Жүргізуші:
Біз Отанның балдырған ұланымыз,
Әдептілік, батылдық – ұранымыз! – деп әдептілікпен, батылдықпен бүгінгі барлық тапсырмаларды орындаған балдырғандарға берілетін бағаларыңыз,
Әділқазы алқасына сөз беріледі. Балалар сыйлықпен марапатталады.
Алматы облысы Көксу ауданы
«№12 орта мектебі» КММ
Мектепалды даярлық сынып мұғалімі
Кегенбаева Шаукен Сагатовна
Толық нұсқасын жүктеу
Кел, ойнайық!
- aiboll
- 17 желтоқсан 2016
- 5712
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Cауат ашу, сайыс сабақ, бастауыш сыныптарына арналған
Ұқсас жаңалықтар:
Ойнайық та, ойлайық
Балаларды 1-ден 5-ке дейін тура және кері санауды кеңістікті бағдарлауды, тәулік бөліктері туралы білімдерін бекіту, геометриялық пішіндер туралы...Ойнайық та ойлайық (2 сыныптар арасында математикалық сайыс)
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру ұйымдастырушылық қабілетін дамыту; Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге...Сен білесің бе?
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы «Жұлдыз» балабақшасы ІІ - ші кіші топ тәрбиешісі Ниетбаева Г. А....Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша көбейту.
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ елді-мекені Кеңқияқ орта мектебінің мұғалімі: Турмағамбетова Ақсұлу Жеткерқызы...7 санының құрамы
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сапақкөл орта мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Бисенгалиева Шаттык Жумаевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.