Сайтқа кіру Тіркелу

Жалаң және жайылма сөйлем

Жалаң және жайылма сөйлем
Қазақ тілі
Сабақтың мақсаты: 1. Жалаң және жайылма сөйлем жайында алған білімдерін бекіту.
2. Жаттығулар орындау барысында жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемдерді айыра білуге жаттықтыру. Тұрлаусыз мүшелер жайында білімдерін жетілдіру
3. Сөздерден дұрыс сөйлем құра білуге шақыру, ұқыптылыққа баулу

Сабақтың барысы: І. Қызығушылықтарын ояту
(Көңіл - күйлерін бақылау сабаққа дайындығын тексеру)
Үй жұмысын тексеру. 87бет 5 - жаттығу Сөйлемдерді толықтырып жаз

ІІ мағынаны ашу
Дәптермен жұмыс: /Көркем жазу/ ЗЗЗЗЗЗЗЗЗЗззззззззз(үзбей жаз)
Көру диктанты
Бастауыш, жалаң, хабарлы, мәтін, сөз таптары, жұрнақ, жалғау, жайылма, сұраулы, сөйлем
Тапсырма. Өздеріңе ұнаған бір сөзді алып, сөйлем құра. Сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.
- Балалар бүгін біз сендермен жалаң және жайылма сөйлемдер жайлы білімімізді шыңдаймыз.
- Жалаң сөйлем дегеніміз не?
- Жайылма сөйлем дегеніміз не?
- І нұсқадағы оқушы жалаң сөйлем айтады, ІІ нұсқадағы оқушы сол сөйлемді жайылма сөйлемге айналдырады. Мысалы: Қар жауды. Қалың қар жауды.

Оқулықпен жұмыс:
1 - жаттығу (жазбаша)
- Мәтінді түсініп оқы. Өзіңе ұнаған үш жайылма сөйлемді жалаң сөйлемге айналдырып жаз.
- Сілеусінді неге мысыққа теңеген?
- Төмендегі сөздерге дыбыстық талдау жаса
Жыртқыш
қоректену

2 - жаттығу (жазбаша)
Жаңылтпашты жатқа жаз. Жаңылтпашта неше сөйлем бар. Олар қандай сөйлемдерге жатады?
Пышағы кесті,
Шанышқысы шанышты.
Тек қана тұрлаулы м мүшелерден құралған сөйлемдерді жалаң сөйлем деп атайды.
Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелер болса жайылма сөйлем деп атайды.

4 - жаттығу.(жазбаша)
Орны ауыстырылған сөздерді орнына қойып, сөйлем құра.
Оңтүстік Америкада бал беретін құмырсқалар кездеседі. Олар балын өзінің бауыр қалтасында сақтайды. Балы бар құмырсқа илеуде тұрады. Оның балымен илеудегі жемі таусылған құмырсқалар қоректенеді. (Құмырсқалар кездеседі. Олар сақтайды. Құмысқалар қоректенеді. Құмырсқа тұрады.)

5 - жаттығу. (жазбаша)
1. Балалар далада ойнады
2. Қара қарға ұшты
3. Азат балықтарға қарады.
4. Боран соқты
5. Үздік оқушы мысығына ертегіні айтты.
Шығармашылық тапсырма. Жұппен жұмыс. Сурет бойынша әңгіме құр.

ІІІ. Ой толғау
- Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай анықтаймыз?

ІҮ. Үйге тапсырма
89бет 3 - жаттығу Сөйлемдерді орындарына қойып жаз, кейін жалаң сөйлемге айналдыр.
Бағалау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жалаң және жайылма сөйлем

Жалаң және жайылма сөйлем

Білімділік: Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсініктерін еске түсіріп қайталау Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыра білуге...
Жалаң және жайылма сөйлем

Жалаң және жайылма сөйлем

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлем туралы білімдерін толықтыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы...
Жалаң және жайылма сөйлем (қысқа мерзімді жоспар)

Жалаң және жайылма сөйлем (қысқа мерзімді жоспар)

«М. Мәметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Жиентаева Г. М....
Қазақ тілі 4 сынып сабақ жоспарлары

Қазақ тілі 4 сынып сабақ жоспарлары

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті, А. Меңдалыұлы атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Анесова Светлана...
Жалаң және жайылма сөйлем.

Жалаң және жайылма сөйлем.

Атырау қаласындағы №2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Айтбаева Талиғат Садуатқызы Қазақ тілі. 3 сынып. Сабақ тақырыбы: Жалаң және жайылма...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×