Сабақ тақырыбы: Нағыз достар
Оқу мақсаты:
•Барлық оқушылар: оқушылардың санасында «достық» ұғымын қалыптастыруға көмектесу;
•Оқушылардың басым бөлігі: өз көзқарасын қалыптастыруға үйрету;
•Кейбір оқушылар: оқушыларды мейірімділікке, сыпайылыққа, қоршаған ортаны құрметтеуге тәрбиелеу
Тірек сөздер: достық – дружба – friendship; қызығушылық – интересы – interests; нағыз дос – настоящий друг – a real friend.
Ресурстар: А4 форматты қағаздар, жануарлардың суреттері, әріптер жазылған үлестірме парақшалар, мысалдар жазылған үлестірме парақшалар, ватман.
Сабақтың мақсаты: 1. 1. 1. 2 отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау
1. 1. 6. 1 отбасылық мерекелердің бірін сипаттау
1. 1. 1. 3 отбасы мүшелерінің арасындағы қамқор қарым - қатынастың маңызын түсіндіріп, мысалдар келтіру
Сабақтың басы:
Психологиялық ахуал қалыптастыру
/3 минут/
"Мен саған гүл сыйлаймын"- әдісі арқылы
- Мен саған гүл сыйлаймын, себебі сен осы топта... оқушысың!
Топқа бөлу /2 минут/
Балалар біз екі топқа бөліндік, енді біз топтағы достарымызбен тау - тәтті жұмыс атқарайық.
Сабақты бастар алдында «Сөзді тап» ойынын ойнату. Оқушылар мысалдар шешіп,
«Достық» сөзін құрастырады.
«Достық» ұғымы туралы әңгіме өткізу.
Оқушылар жұпта бұл ұғымды талқылайды.
«Достық» сөзінің мағынасын сұрау.
«Достық адамдарға не үшін қажет?»
«Сыныпта достарың бар ма?»
«Оларды неліктен достарым деп санайсың?»
Қане, бастайық!
Адам өміріндегі ең қымбатты жандар – бұл отбасы мүшелері. Отбасы – бұл ата мен әже, әке мен ана, аға мен әпке, іні мен сіңлі. Отбасында барлығы бірін - бірі жақсы көреді, сыйлайды, құрметтейді, көмектеседі. Сабақтан кейін өзіміздің жылы, жайлы үйімізге қайтамыз. Үйде бізді әрқашан қуана қарсы алады. Адам үшін нағыз достың болғаны да маңызды. Нағыз дос әрқашан жаныңнан табылады.
Слайдпен жұмыс жасау арқылы жаңа сабақты ашу
Достық – бұл адамдар арасындағы өзара сыйластыққа, рухани жақындыққа, ортақ қызығушылыққа негізделген қарым - қатынас.
Адамның нағыз достары болса, өзін сенімді сезінуіне әсер етеді. Өзіңді басқамен дос болуға немесе өзгені досың болуға мәжбүрлеуге болмайды. Достық өзара сыйластық пен сенімге құрылады.
Жұптық жұмыс
Оқушылар жұпта өз өмірлерінде болған осыған ұқсас жағдай туралы бөліседі.
Балалардың назарын нағыз досқа тән сапаларды білдіретін бауырмал, мейірімді, адал, сыпайы және т. б. сөздеріне аудару.
Сергіту сәті
Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер.
Достық жырын біліңдер,
Ту ғып ұстап бірлікті,
Еңбекті сүйіңдер!
Жұмыс жұпта өткізіледі.
Оқушыларға әртүрлі жануарлардың – мысық, ит, кірпі, тоты, балық және т. б. суреттерін таратып беріңіз. Тапсырма: «Сенің үйіңде бар немесе сен асырағың келетін жануардың біреуін таңда.
Неліктен сен жануарлардың дәл осы түрін таңдадың?». Оқушылар өз таңдауын түсіндіреді.
Математика. «Сөзді тап» ойыны. Тақтаға мысалдар жазылған парақшалар ілінеді.
70 – 20 = Қ
35 + 2 = О
20 – 1 = Д
55 + 4 = Т
80 – 80 = С
17 + 3 = Ы
Оқушылар мысалдарды шешіп, жасырынған сөзді табады.
19 37 0 59 20 50
д о с т ы қ
Ғажайып сөздер
Достар тату, мейірімді болады.
Достар бір - біріне көмектеседі.
Сабақтың қорытындысы
Достық туралы мақал - мәтелдер. Оқушылар мақал - мәтелдерді дауыстап оқиды. Олардың мағынасын бір - біріне түсіндіреді. Оқушылар мақал - мәтелдердің мағынасын күнделікті өмірден алынған мысалдар негізінде түсіндіре алады.
Олардан достық туралы басқа да мақал - мәтелдерді естеріне түсіруін сұраңыз.
Нағыз достар
- Әрінова
- 30 қараша 2016
- 3501
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Нағыз дос, нағыз достар, жолдас, дос, достық туралы
Ұқсас жаңалықтар:
Адал достық. Д. Матайқызы
өзара сыйластық қарым - қатынастарын дамыту; мейірімділік, ізеттілік, бірлік, ынтымаққа тәрбиелеу;...Достық
Мақсаты: 1. Оқушыларға достық тақырыбын түсіндіру, достарға байланысты сөздерді оқыту, суреттердің аттарын айтқызу, сергіту сәтін үйрету; 2. Суретпен...Дос болайық бәріміз
Мақсаты: «Достық» құндылығы туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру. Өзара сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру. Өзара сыйластық...Өзін-өзі тану
«Мектепалды даярлық» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Топ атауы: №11 «Кемпірқосақ» тобы Білім беру саласы:...Достық қымбат өмірде
Сабақ тақырыбы: Достық қымбат өмірде...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.