Сайтқа кіру Тіркелу

Өзендер мен көлдер. Адам тіршілігі үшін судың маңызы және қорғау

Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың білім - білік дағдыларын байқау, оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру, өткен сабақты оқушы санасына бекіту.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін, ойлау қабілеттерін, сөз байлығын дамыту, оқушылардың белсенділіктерін арттыру.
3. Оқушыларды тапқырлыққа, ұжымшылдыққа баулу. Отансүйгіштіккке, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Сайыс сабақ
Әдісі: 2 - топқа бөліп
Сабақтың көрнекілігі:
1. Интербелсенді тақта
2. Плакаттар, суреттер.
3. Топтардың аты, ұрандары.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа дайындау. Орнынан тұрғызу.
Мұғалім сөзі: - Бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше сабақ болмақшы. Сабағымызды сайыс түрінде 2 - топқа бөліну арқылы өткіземіз. Жақсы қатысып отырған топ оқушылары мынандай түстерге ие болады. Қызыл түс - 5. жасыл түс - 4. Сары түс - 3. Сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін.
1. Психологиялық дайындық. (Әр топ аттары мен ұрандарын айтып таныстырады)
2. Үй тапсырмасы.
3. Мақсат қою кезеңі.
4. Жаңа сабақ
5. Қорытындылау.
Ал ендеше сайысымызды психологиялық дайындығымызбен бастайық.
1 - Топ. «Бірлік»
Ұрандары: Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін.
2 - топ. «Болашақ»
Ұрандары: Болашақ тобы алға,
Биіктерге самға.
Достығымыз барда,
Жүреміз тек алда.
II. Үй тапсырмасы: Әр топқа мен тапсырмалар берген болатынмын. Сол тапсырмаларды топ болып сендер қорғау керексіңдер.
1 - топ. «Табиғаттағы су айналымы.»
2 - топ. «Жер асты сулары. Минералды сулар»
(Топ оқушылары үй тапсырмасын рет - ретімен түсіндіреді, слайдта көрсетіліп отырады)
III. Мақсат қою кезеңі: Әр топ оқушылары дайындап келген сөз жұмбақтарын қарама - қарсы топтарға ұсынады.
1топ. Өзен
2топ. Көл
Тақырыбына сөз жұмбақ құрап келеді.
Сөз жұмбақты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
III. Жаңа сабақ. Өзендер мен көлдер. Адам тіршілігі үшін судың маңызы және қорғау
Әр топ басшыларына жаңа тақырыпқа дайындалып келуіне тапсырмалар бөліп берген болатынмын.
1топ басшысы. Қазақстанның өзендері бойынша түсінік береді.
2топ басшысы. Қазақстанның көлдері бойынша түсінік береді
(Жаңа тақырыпқа байланысты слайдтар көрсетіліп тұрады.)
Сергіту сәті: Оқушылар Қазақстанның сұлу табиғатын интертақтадан көру арқылы демалады
Өзендер
Тұщы судың бір көзі - өзен. Елді мекендер қала, ауыл, өзен жағасында орналасқан. Жалпы өнер кәсіп орындары да өзен маңына таяу салынады. Өйткені, олар көп мөлшерде суды қажет етеді.
Үлкен өзендер - аса маңызды қатынас жолы. Оларда кемелер жүзіп, жолаушылар мен жүк тасиды. Өзен суымен егістік суарылады.
Еліміздегі өзендер саны шамамен 85мыңнан асады. Оның 84 мыңдайы шағын, 300 дейі орташа және 20 дан астамы ірі өзендер. Шығыста Алтай, Оңтүстік Шығыста Жетісу және Іле Алатау сынды ылғалы мол таулы өңірлердегі өзендердің жиілігі басқа өңірлерге қарағанда жоғары.
Ең суы мол Ертіс, бұның еліміз бойынша ұзындығы 1700 шақырым болса, жалпы 4200шақырым. Жоғарғы ағысына Бұқтырма және Өскемен сынды екі ірі су электр станциялары салынған.
Екінші орында Сырдария. Елімізден өтетін ұзындығы 1400 шақырым, ал жалпы ұзындығы 2219 шақырым.
Ал, Балқаш көлі алқабындағы ірі өзен - Іле. Оның еліміз жағынан өтетін ұзындығы 815 шақырым болса, жалпы ұзындығы 1001 шақырым. Өзен арнасына үлкен Алматы каналы салынған.
Батыс Қазақстан облысын Жайық өзені суландырады. Ол Оңтүстік Оралдан басталады. Оның ұзындығы 1082шақырым. Сонымен қатар Шу, Ырғыз, Тобыл, Сарысу, Нұра, Талас, Ойыл тағы басқалары жатады. Бұлардың кейбіреулерінің деңгейі жазда төмендеп, бірқатары тартылып та жатады.
Аягөз өзені - Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары аумағындағы өзен. Үлкен Аягөз және кіші Аягөз өзенінің қосылуынан кейін Аягөз аталады. Ұзындығы 450 шақырым, алабының ауданы 15. 4мың шақырым.
Көлдер
Еліміздегі көлдер пайда болу жөнінен диктониялық және экзогендік түрлерге бөлінеді. Төмен түскен ойыстар мен жырақтарды қазан шұңқырлар суға толып, көлдер пайда болады.
Каспий және Арал теңіздері, Балқаш, Алакөл, Ыстықкөл, Сасықкөл, Марқакөл тағы басқа ірі көлдер диктониялық қазан шұңқырларды орналасқан. Экзогендік көлдерге Қызылқақ, Теке, Жалаулы, тағы басқалары жатады.
Қазақстан көлдердің ауданына қарай топтастырсақ, жалпы 48мыңдай көлдердің 45мыңдайы шағын көлдерге жатады.
Қазақстан көлдерінде шамамен 190 мың шаршы куб су жиналған деген мәлімет бар.
Дүние жүзіндегі ең терең көл - Байкал. Көлдерге өзендер құйып, буланған сының орнын толтырып отырады. Көлдерден өзендер ағып шығады.
Ағынсыз көлдің суы тұзды болып келеді. Арал теңізі бұрын аумағы жөнінен дүние жөнінен дүние жүзіндегі көлдердің арасында 3 - ші орын алатын. Аралдан кейінгі ірі көл - Балқаш.
Балқаш көлінің суы бір жартысы тұщы, бір жартысы тұзды болып келеді.
Алакөл - Қазақстандағы Алматы және Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан тұйық көл.
Сонымен қатар аумағы 20мың гектардан асатын бұл өлкеге денсаулығын түзеткісі келетіндерден басқағ теңдесі жоқ көлде шомылу мен балық аулауды ұнататындар көп.
.
V. Қорытынды: Топтық жұмыс.
2топқа «Судың пайдасы мен зияны» тақырыбында плакатқа сурет салу арқылы оны топпен бірге қорғайды.
VI. Үй тапсырмасы: 44 - 45 бет мазмұндау, арнайы дәптермен жұмыс жүргізу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×