Сайтқа кіру Тіркелу

Ахмет Әуезовтің «Жас Мұхтар» әңгімесі

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Едгина Айнур Бериккалиевна

Әдістемелік тақырыбы: Жаңа әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, оқушыларды шығармашылыққа баулу.
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Әуезовтің «Жас Мұхтар» әңгімесі
Білімділік: М. Әуезовтің өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек таныстыру. Саналы түсініп оқу, мәнерлеп оқу және дұрыс оқу машығын жетілдіру. Шығармадағы негізгі ойды таба білуге үйрету.
Дамытушылығы: Дамыта оқытуға негізделген шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелігі: Дана жазушының ұлылығын, кемеңгерлігін дәріптеу, оқушылардың өз елін, туған жерін, табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: СТО стратегиялары - ой қозғау, мағынаны ажырату, топтық жұмыс,
Сабақтың ұйымдастыру формасы: топтық
Пәнаралық байланыс: әдебиет, қазақ тілі.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: кесте, суреттер.
Сабақта қолданылатын құрал - жабдықтар: компьютер

Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық
Топқа бөліну. (І топ, ІІ топ, ІІІ топ)
Абай тобы, Мұхтар тобы, Ахмет тобы
Әр топ өз аттарын қорғайды.
Өткенді пысықтау
Жеке жұмыс. Кестені толтыру.

Әңгіменің тақырыбы:
Әңгіменіңавторы:
Оқиға орны:
Әңгімедегі кейіпкер:
Әңгіме соңында не болды?

Үй тапсырмасын тексеру
1 Жетім әңгімесінің авторы?
2 Жетім әңгімесінде басты кейіпкер кім?
3 Әңгімеде жападан жалғыз келе жатқан кім?
4 Қасымның тағдыры неге қиын болды?
5 Әңгімеде қараңғы түндегі қорқыныш елесі қалай берілген?
6 Қиянат, қаға беріс – деген не?
7 Әңгіме неліктен жетім деп аталған?(панасыз)
8 «Жетім» — деп кімдерді айтамыз? Көз алдарына кімдер елестейді?
ЖЕТІМ

Панасыз
жанашыры жоқ
жалғыз
ата - анасы жоқ
тұрмысы жоқ
қорғансыз
«Жетім» әңгімесінің авторы кім? Ол туралы не білеміз?

Жаңа сабақ
І. Қызығушылықты ояту.

Ахмет Әуезов (1897 - 1974), Мұхтар Әуезовтің тетелес інісі, 15 күндей айырмашылығы бар. Әуездің үлкен әйелі Дінәсілден Мұхтардың әкесі Омархан, кіші әйелі Сақыштан Арынбек, Қасымбек, Ағзам және Ахмет туған. Бұлар бірге өседі, атасы Әуездің тәрбиесін бірге кереді. Алғаш ауылда хат таныған олар Қасымбектің ұйғарымымен Семейдегі 5 сыныптық орыс мектебінде, одан соң оқытушылар семинариясында оқиды. Ахмет әр турлі қызметтер атқарады. 20 - 30 - жылдардың саяси ағымына байланысты Қазақстанның оңтүстік облысына қоныс аударады да, өмірінің соңына дейін сонда тұрып қалады.
Мұхтар ес білгелі Абайдан үлкен тәрбие алды, үлгі – өнеге алды. Атам ескіше оқып, хат танып, әріпті жаза бастаған соң, Мұхтарға, бәрімізге Абай өлеңін, қара сөзін үйрете бастады - деп жазды Ахмет Әуезов.
Бұл әңгіме Ахмет Әуезовтің « Жас Мұхтар» естелік кітабынан үзінді. Мұхтардың балалық шағы туралы. Бұл әңгімені жазған Мұхтардың інісі Ахмет Әуезов.

ЖАС КЕЗІНДЕ Мұхтар көп ізденіп, көп оқығанның арқасында осындай үлкен тұлғаға айналды. Жас Мұхтардан Дана Мұхтарға айналды.
Мұхтар туралы аудионұсқа тыңдату

Сергіту сәті

1 - топ. Мұхтарға мінездеме
Мінезі жұмсақ
Өте ұқыпты
Ұлы жазушы
Жазуға өте сауатты.

2 - топ. 5 жолды өлең (Абай )
Кім? Абай
Қандай? Ұқыпты, сауатты
Не істеді? Тәрбиеленді, жазды, оқыды
Сөйлем - Мұхтар Абайдан тәрбие алды.
Синоним жазушы

Мұхтар тыңдаған жырлардың қайсысы бізге таныс
“Қобыланды батыр “ жырынан, Тайбурылдың шабысы жатқа айтқызу ( аудионұсқа тыңдау)

ҮІ. Қорытындылау.
Рефлексия:
Маған ұнағаны
Маған ұнамағаны

ҮІІ. Үйге тапсырма беру
М. Әуезов "Жетім"
Мұхтар Әуезовтің «Көксерек»
М. Әуезов Боран
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×