Сайтқа кіру Тіркелу

Отаным - алтын бесігім

ШҚО, Семей қаласы,
Шақаман жалпы орта білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі: Шақабаева Майгуль Толеубековна

Сабақтың тақырыбы: «Отаным – алтын бесігім»
Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қасиеттеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу
Мұғалім: Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Біз өзіміздің әнұранымызбен, Туымызбен, Елтаңбамызбен, теңгемізбен басқа елдерге мақтан етеміз.
Қазақстан – туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.
1. Өзіңдікі – елің де,
Өзіңдікі – жерің де,
Өзіңді өзің еткен бақ -
Тәуелсіздік төрінде.
2. Өзіңдікі – туың да,
Өткен ауа, суын да,
Жаса, Қазақстаным,
Белді бекем буын да!
3. Көк аспандай туларың,
Желбірейтін күні бұл.
Елім деген ұлдардың,
Елжірейтін күні бұл!
4. Күдер өтті кешегі
Жігер құм боп жасыған,
Несіне оны жасырам?
Әнұраным бүгінгі
Баға жетпес асыл ән.
5. Қазақстан Республикасының әнұраны – бірлікке, ынтымаққа, достыққа, елімізді қорғауға шақырады.
6. Енді Қазақстан Республикасының туына назар аударайық. Көк жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі, астында қияға қанат қаққан қыран. (Тудың авторы Шәкен Ниязбеков)
7. Қазақстан Республикасының Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ – біздің ортақ отауымыз! (Авторы Жандарбек Мәлібеков)
8. Қазақстан Республикасының Ата Заңынан үзінділер. Қазақстан Республикасының жері тұтас, ол бөлінбейді және оған қол сұғу, а болмайды.
9. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
10. «Туған тілім»
Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!
Туған тілім – анам тілі – өз тілім!
Туған тілім – далам тілі – өз тілім!
Туған тілім – адам тілі – өз тілім!
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар!
«Анамның тілі» ән айту.
11. Хандардың қайталама қателерін,
«Ұлт бол» деген нығайтып қатарларын
Мағжан мен Мұхтар, Жүнісбектің
Ұмытпа ешқашан батырларын.
12. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің шешендік сөздеріне құлақ салайық. (Билер ортаға шығайық)
Төле би: Уа, халқым, сөз қадірін білесің,
Жаңбыр жаумаса, жер жетім.
Басшы болмаса, ел жетім.
Әйтеке би: Биікке шықсаң көзің ашылады,
Жақсымен жолдас болсаң көзің ашылады.
Қазыбек би: Кекшіл болма
Кесапаты тиер еліңе
Елім өссін десең
Өршіл болма – өркеніңді өшірерсің.
Аллаһ акбар!
13. Көшеде тулар самсаған,
Көктемнің қызыл гүліндей
Қазақстан тойын қарсы алам
Өзімнің туған күнімдей.
Би.
14. Кең байтақ Қазақстан менің туған өлкем, оның асқар таулары сен айдын шалқар көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы – менің ақ бесігім. Сондықтан да мен оны анамдай сүйемін.
15. Мен сүйемін даланы –
Дәнге толы алабы
Жерінің дәні маржандай.
Қырманы асыл таулардай.
16. Біз жас ұлан – Отан ана өркені,
Үміт артқан болашағы, ертеңі.
Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,
Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.
17. Мен қазақпын, қазақпын сүйегіммен,
Сән - салтанат салтымды сүйемін мен.
Бақ орнатам осынау кең далаға
Мұрагермін, оған да иемін мен.
18. Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім!
«Қазағым» әні.
Ата - аналарға, мектеп басшыларына, мұғалімдерге құттықтау сөз.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Туған тілім – соғып тұрған жүрегім

Туған тілім – соғып тұрған жүрегім

Туған тілім – соғып тұрған жүрегім, Туған тілім – тірегім мен тілегім. Сенсіз қалай таныр едім әлемді, Туған тілім жарығыммсың әдемі....
Аманбай Ақтөренің өлеңдері

Аманбай Ақтөренің өлеңдері

ТӘУЕЛСІЗДІК Келді Қазақ еліне бейбітшілік, Келген қиындықпен бұл тыныштық. Еркін құстай самғадық биікке біз, Тәуелсіздік! Жаса мәңгі Тәуелсіздік!...
Тәуелсіздік күні

Тәуелсіздік күні

Мақсаты: оқушыларды Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Көрнекілігі: Қазақстан картасы....
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл

Мәңгілік ел – мәртебелі тіл

Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін...
Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

«Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×