Сайтқа кіру Тіркелу

Туған өлкем

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы
Кеңес ауылы, Кеңес орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Дәулетқұлова Айгүл

Тақырыбы: Туған өлкем

Мақсаты.
1. Оқушыларға Өтебай Тұрманжановтың өмірі мен шығармашылық жолын таныстыра отырып, өлеңнің мазмұны мен идеясын түсіндіру.
2. Оқушылардың таным мүмкіншіліктерін, олардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту, шығармашылық жұмыс істеуге, өз ойларын ашық та айқын, дәлелді сөйлеуге үйрету.
3. Туған жерді сүюге тәрбиелеу, еліміздің ертеңі білімді ұрпақ екеніне көз жеткізу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдісі: Сұрақ - жауап, талдау, түсіндіру
Көрнекілігі: Суреттер, кесте

Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу:
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн, сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз – білім алу
Міндетіміз – еңбектену.
Еңбектену арқылы
«5» - ке қол жеткізу!

Сабақтың ұраны:
Қазынаң сенің тіл деген,
Бабалар соны біл деген.
Ешкім де жақсы болмайды,
Өз тілін жақсы білмеген.
Оқысаң қанша ілімді,
Болсаң да қанша білімді.
Ұмытпау керек әрқашан
Өзіңнің туған тіліңді!

Үй тапсырмасын тексеру:
Үй тапсырмасы: «Отан» Ж. Әдірашев.
1. «Біз білетін мағлұматтар»
2. Өлеңді мәнерлеп оқу
3. Сұрақ - жауап:
4. - Өлеңнің негізгі идеясы неде?
5. Отан дегенді қалай түсінесің?
6. Ақынның шығармашылығының «Отан» деп аталу себебі неде?

Жаңа сабақ:
«Туған өлкем». Өтебай Тұрманжанов.
1. Автордың өмірі, шығармашылық жолымен таныстыру:
Өтебай Тұрманжанов

Жазушы, профессор.
Қошан кедей кітабы бар
Таң сыры өлеңі кітабы бар.

2. Әңгіменің мазмұны бойынша мұғалімнің түсіндірме жұмысы.
3. Сөздік жұмыс
Көркем - сұлу, әдемі
Гүл жұпар сепкен - иісі аңқыған.

Жаңа сабақты пысықтау:
1. Оқулықпен жұмыс: Сұрақ - жауаптарды оқулықтан тауып оқу
- Жазушы туған өлке сұлулығын қалай суреттеген?
- Кең байтақ даламызды неге теңеген?
- Еңбек еркіндік туралы қандай сөздер айтылған?
- Туған елің үшін сен не істер едің?

Сергіту сәті:» Қарлығаш»
- Қарлығаш құсы да адамға жақын жүретін сезімтал құс. Ол туралы жерін сүйетін талай ертегілерден, өлеңдерден естіп жүрміз. Олай болса Б. Бисенова апамыздың» Қарлығаш» әнімен бірге сергіп алайық.

Дәптермен жұмыс:
1. Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас.

Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.

Тренинг:» Өрмек»
1.- қатар: Туған өлкенің сұлулығы.
2. – қатар: Туған өлке туралы мақал.
3 - қатар. Туған елдің байлығы.

Шығармашылық жұмыс, Мен автор болсам, әңгімені қалай аяқтаған болар едім.» Туған жер « әнін тыңдай отырып орындау

Қорытындылау:
Үйге тапсырма:
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын енді жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтайық.

1. Туған өлкем. Мәнерлеп оқу, мазмұнын айту.
2. Туған жерім тақырыбына шығарма жазып келу.
Бағалау.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×