Ақмола облысы,
Астрахан ауданы, Жалтыр №4 ОМ
бастауыш сынып мұғалімі
Мажитова Алтынгуль Кабиденовна
Қош бол, сүйікті Әліппем!
Мақсаты: 1) Оқушылардың алған білімдерін «Әліппемен қоштасу» кешінде бекіту;
2) өз өнерлерін ата - аналарға көрсету;
3) адамгершілікке, ұқыптылыққа, ертеңгілік барысында өздерін дұрыс ұстай білуге баулу.
Қөрнекілігі: нақыл сөздер, оқушылардың басында «әріптер», ертегі кейіпкерлер бетпердесі, «Әліппе», «Ана тілі», шар, гүлдер.
Барысы:
Мұғалім:
- Қымбатты аталар мен ақжаулықты аналар! Бүгін 1 - сынып оқушылары өздерінің сүйікті әліппелерімен қоштасқалы отыр. Міне, бүгін біз барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі - Әліппені бітіріп отырмыз. Бүгін біз шексіз қуаныштымыз. Олай болса, сүйікті Әліппемізді ренжітпей, рахметімізді айтып, өзімізден кейінгі кішкентай іні - сіңлілерімізге табыс ету - міндетіміз. Сондықтан қазір осы уақытқа дейінгі алған білімдерімізді ортаға салайық.
1 - жүргізуші: Қайырлы күн, халайық!
2 - жүргізуші: Армысыздар, аталар мен аналар, ұстаздар! Әліппемен қоштасу тойы құтты болсын!
1 - жүргізуші: Армысыздар мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!
2 - жүргізуші: Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Мұғалім: Балалар, мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер соған жауап беріңдер.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашар -
Ол сүйікті Әліппе!
Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім: Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе!
Әліппе: Армысыңдар, жас достар!
Армысыздар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар
Әліппен келді ортаңа.
Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкең де.
Балалар, сендер мені оқыдыңдар, менен не үйрендіңдер?
Оқушылар: Жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, өлең, ән үйрендік. Сонымен қатар жазуды, оқуды да меңгердік. Мен өзімен жұмбақтар алып келдім, шешіп көріңдер:
1. Ақыл ойдың шырағы,
Зәулім көктей шынары.
Биігіне бойлаған
Қанбайды адам құмары. (Кітап)
2. Қабат - қабат қаптаған
Асыл сөзбен апталған
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін. (Кітап)
3. Бойлаған сайын тереңге,
Шығасын биік белеске. (Білім)
4. Жылжытады алға бізді,
Жылжымайды бірақ өзі. (Сынып)
5. Алты қырлы, түсі бар
Суретпенен ісі бар. (Қарындаш)
6. Күміс алмұрт тілі бар,
Сыңғырлаған үні бар,
Шақыратын білімге,
Сағаты бар, күні бар. (Қоңырау)
- Жарайсыңдар! Ал, енді маған айтыңдаршы әріп, дыбыс деген не? Оқушылардың жауаптары
- Дыбыстар қандай болады? Ойын ойнайықшы, дауысты және дауыссыз дыбыстарға бөлінейік. Өздерінің әріптерінен басталатын сөз ойлап айтыңдар, оны буынға дұрыс бөліңдер. Жақсы!
1 - оқушы: Армысыңдар, жас достар!
Армысыздар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға.
Бүгін үлкен салтанат,
Басқа оқулық достаспақ,
Әліппемен қоштассақ.
Өсті білім, бойымыз
Хормен: Құтты болсын тойымыз!
2 - оқушы: Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың
Ұстазым маған кілтін алып берді.
3 - оқушы: «А»- ны алғаш айтқанда дауысым дірілдеді,
Ұстазым көз алдымда күлімдеді.
Күн сайын әріптердің атын біліп,
Сөз оқимын айырып буынды енді.
4 - оқушы: Жүгеріні орады,
Жинап оны баулайды.
Атамның қол орағы
«С» әрпінен аумайды.
5 - оқушы: Әліпбидің «А» тұрады басында,
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.
Байқадың ба «Б» тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде, түсінші.
6 - оқушы: «А» деген ол - аналар ғой ардақты,
«Ә» деген ол - әкелер ғой салмақты.
«Б» деген ол - балалар ғой әдемі.
Алшақ кетпей сандықтан да расында,
Тұрады олар әліпбидің басында.
7 - оқушы: Іші толған әріпке
Мынау - әйбәт Әліппе.
Барлық ілім - білімнің
әжесі осы - Әліппе.
Біз «Ә» дыбысын өткенде тамылжыта ән салуды үйрендік.
Ән: «Отан»
8 - оқушы: «Ө» дыбысын өткенде бабалардың өнегелі, өсиетті сөздерімен таныстық.
Өтірік айтпа, ұрлық жасама.
Әдептілік, ар - ұят -
Адамдықтың белгісі.
Тұрпайы мінез, тағы - жат -
Надандықтың белгісі.
Үйрен жақсы әдеттен,
Жирен жаман әдеттен!
9 - оқушы: Қолыма нық ұстаған
Шеге ұратын балғаның
«Т» әрпіне ұқсаған
Түрін көріп таң қалдым.
10 - оқушы: Көбелекке кәдімгі
Қарасаңыз анықтап,
Жаны бар «Ж» ұшып жүр,
Жапырақша қалықтап.
«Е» дыбысын өткенде таңғажайып ертегілер еліне саяхат жасадық.
Ертегіден үзінді көрсетіледі
Әліппе: бәрекелді, сендер менен көп нәрсе үйренген екенсіңдер. Енді маған мәтін оқып беріңдерші.
(Оқушылар мәтін оқиды)
Мұғалім: Балалар, Әліппе сендерге оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарына не айту кере?
Хор: «Рахмет саған, әліппе!»
Әліппе: Рахмет, құрметті оқушылар, мен сендерге өте ризамын. Мені жақсы меңгердіңдер, таза ұстадыңдар.
Адамгершіліктеріне көп рахмет, кішкентай достарым.
Ризамын, құрметті шәкірттер,
Меңгердің, болмадың босқа тер.
«Ана тілі» атты бір әпкем бар
Сендерді жетелеп әкетер.
Осы кезде сахнаға «Ана тілі»шығады.
Оқушы: Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсе үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Толқындатып сөйлеттің.
Оқушы: Таныстырған 42 әріппен
Қош бол, менің қасиетті Әліппем!
Сенің арқан оқи, жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім.
Әліппе: Қош сау болыңдар, кішкентай шәкірттер!
Хормен: Қош сүйікті, Әліппем!
Ана тілі: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе, сәлеметсіз бе, Ана тілі!
Ана тілі: Сөйлетер сізді шеберлеп,
Өзіңнің ана тіліңмін.
Байыптап жақсы оқысаң,
Негізі менде білімнің.
Балалар: Оқимыз, оқимыз!
Ана тілі: Біз бір - бірімізбен таныстық.
Айнымас дос боламыз.
(Оқушыларға кітап ұсынады)
Оқушы:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілді аламыз
Ата - ана, қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз
Ән: «Ұстазыма».
Ата - ана: Шашу, шашу, шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық! (Шашу шашылады)
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін».
Қош бол, сүйікті Әліппем
- altyngul12
- 1 наурыз 2016
- 1925
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әліппемен қоштасу ереңгілік, қош бол, сүйікті Әліппем
Ұқсас жаңалықтар:
Қош құтты әліпем
Жаза білер ол егер, Қолға берсең қаламсап. Зуылдата жөнелер, Әліппені ала сап...Әліппемен қоштасу
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың...Әліппемен қоштасу
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың...Қош бол, құтты әліппем!
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Кеңес орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хамзина Айнаш Жанайдарқызы...Әліппе – білім бастауы.
Тақырыбы: Әліппе – білім бастауы....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.