Сайтқа кіру Тіркелу

Көпбұрышты салу

Бастауыш сынып мұғалімі: Исина А. Е.

Математика 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Көпбұрышты салу
Мақсаты: Оқушыларға еркін өлшеммен көпбұрыш сызуды, екі таңбалы сандарды оқу, ұзындықтармен амалдар жүргізу машықтарын жетілдіру. Логикалық ойлауын, танымдық қабілеттерін дамыта түсу. Ұжымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Үш таңбалы сандарға орындалатын амалдарды ажыратып, анықтамаларды меңгереді тапсырмаларға есептер шығаруда пайдаланады
Модульдері: АКТ (ақпараттық коммуникативтік технология), СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері), ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс). ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін басқару және оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту)
Бағалау: Өзін өзі (ӨӨБ), жұптық (ЖБ), топтық (ТБ), жиынтық (ЖБағ)
Деректер: тақта оқулық, геометриялық фигуралар, тапсырма жазылған парақшалар, слайд, фишкалар.
Әдіс тәсілдер: деңгейлік оқыту, сұрақ - жауап(блиц - турнир), ойын.

Сабақ кезеңдері
Білім
Қызығушылықтарын ояту
Математика -
Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл, - дей отырып бүгінгі математика сабағында тағы да бұл ғылымның қыр - сырына қанық боламыз. Сабаққа әзірлігімізді тексерейік. Ал егер дайын болсақ сабағымызды бастайық. Бүгінгі сабақ – сайыс сабақ түрінде өтеді. Алдымен ойын ойнасақ, қалай қарайсыңдар?

Түсіну
«Үшбұрыш» тобына:
- Үшбұрыштың бұрышы нешеу?
- Қабырғасы нешеу?
- Төбесі нешеу?
- Периметрін табуға бола ма?
- Екі бірдей үшбұрыштан қандай фигура шығады?
«Төртбұрыш» тобына:
- Төртбұрыштың бұрышы нешеу?
- Қабырғасы нешеу?
- Төбесі нешеу?- Периметрін қалай табар едіңдер?
- Төртбұрыштың бір бұрышын кесіп алса, неше бұрышы қалар еді?
«Шаршы» тобына:
- Шаршының бұрышы нешеу?
- Қабырғасы нешеу?
- Төбесі нешеу?-
- Шаршының қабырғалары қандай болады?
- Шаршының ең жақын тегі қай фигура? ТІК ТӨРТБҰРЫШ

Қолдану
Балалар, жаңа айтылған фигураларды тағы қалай атауға болады?
Көпбұрыш туралы не білеміз?
Көпбұрыш – кез - келген тұйық сынық сызық. Сынық сызықтың әр бөлігі – қабырға, әр ұшы - төбесі болады. Көпбұрыштың барлық қабырғасының қосындысы оның периметрі болады. Олай болса, бүгінгі сабақта еркін өлшеммен көпбұрыш сызуға жаттығамыз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Көпбұрыш сызу». Сондай - ақ, екі амалды есептер шығаруды пысықтаймыз, көпбұрыштың периметрін есептеп табу, түрлі шығармашылық тапсырмалар орындау арқылы білімімізді дамытатын боламыз. Топпен жұмыс жасауға жаттығатын боласыңдар.
Жаңа сабақты толық меңгерту үшін сыни тұрғыдан ойлаудың «Спираль» әдісін алу. Бұл әдістің тиімділігі, топтағы оқушылардың барлығы да мәтінмен жұмыс жасайды. Оқушыларға уақыт беріп, тапсырма бойынша жұмыс жасауын тапсырам.

Сергіту сәті
Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау

Талдау
1 - тапсырма. Кез келген көпбұрыш сыз. Оны ата және неліктен бұлай аталатынын түсіндір. Периметрін жазып көрсет.
2 - тапсырма. Машина құрастыру үшін қандай фигураларды қолданар едің? Геометриялық фигураларды пайдаланып машина құрастыр.
3 - тапсырма. Төртбұрыш және бесбұрыш сыз. Олардың бұрыштары қандай?
ІІ деңгей тапсырмалары: 1. Оқулықпен жұмыс. 4 - есеп.
Есептің шартын, сұрағын оқу, шешуін табу. Қысқаша жазу.
Салынғаны – 6 (қ)
Салынбағаны – 5 (қ)? қабат
6+5=11
Ж: барлығы 11 қабат
ІІ күні – 14 (о)
ІІІ күні – 20 (о) 59 отбасы
І күні -?
59 - (14+20) =25
Ж: 25 отбасы
Қаланғаны – 10 (қ)
Қаланбағаны – 5 (қ)? қабат
10+5=15
Ж: барлығы 15 қабат

Жинақтау
1. Тік төртбұрыштардың нөмірлерін теріп жаз. Тік төртбұрыштың қасиетін айт.
2. Логикалық тапсырма. Суретте неше үшбұрыш және төртбұрыш бар?
3. Математикалық өлең есеп шешу.
Бағалау
Әр топқа бағалау парақтарын тарату
Рефлексия
Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Дұрыс көпбұрыштар

Дұрыс көпбұрыштар

Білімділік: Көпбұрыштар, көпбұрыштардың түрлерін меңгерту. Оқушылардың көпбұрыштар туралы алған білімдерін кеңейте отырып, есепте қолдануды үйрену;...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метр.

Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метр.

Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метр. Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданы жайында түсінік қалыптастыру және ауданын табудың әр түрлі...
Шаршы салу. Оның периметрін табу

Шаршы салу. Оның периметрін табу

КММ Академик О. А. Жаутыков атындағы № 1 қазақ орта мектебі Бастауыш сыныптар бойынша директордың орынбасары Омарова Гүлнар Жакановна...
Үшбұрыш  пен  төртбұрыштың периметрін табу

Үшбұрыш пен төртбұрыштың периметрін табу

Ақтөбе қаласы №32 мектеп - гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Элеонора Дузжасаровна...
Өткенді пысықтау

Өткенді пысықтау

Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай ауылы Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Сұлтанғалиева Күнсұлу Сәменқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×