Сабақтың тақырыбы: Мен және басқалар. Әдептілік.
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділігі: Адамдардың бір - біріне деген қарым - қатынасы жайлы түсіндіру, әдептілік ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу.
2) Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық, шығармашылыққа қабілеттерін дамыту, жүйелі сөйлеуге, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Сөздегі дыбыстарды анық дыбыстап, байланыстырып сөйлеу әрекетін жетілдіру.
3) Тәрбиелігі: Ізеттілікке, сыпайылыққа, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, қанатты сөздер.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, сәйкестендіру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
М: Сәлеметсіңдер ме балалар?
О: Сәлеметсіз бе?
М: Бүгін сыныпта кім кезекші, кім жоқ сыныпта?
О: Түгел
М: (Сабақ бастамастан бұрын, құрал - саймандарын тексеріп аламын.)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
М: Балалар үйге берілген тапсырманы не бердім, кім орындады? (Тексеремін)
О: Үйге "Сыйға - сый" тақырыбындағы суретке әңгіме құрастыруға берілді.
М: Жаз мезгілі. Ауа райы өте тамаша болып тұр. Осындай шуақты күнде Арман мен Жазира далаға шығып, айналаны тазартып жүрді. Сол кезде Айдос деген достарының ерсіз қылығын байқап қалды. Арман мен Жазира оның жанына барып, "Айдос сен мына талға не істедің? Бұл әп - әдемі тал еді ғой. Неге сындырдың",- деп сұрақ астына алды."Ағаштар біздің жерімізді көркем, әдемі етіп көрсетпей ме?",- деді. Сонда Айдос өз қателігін түсініп, бұдан бұлай бұндай қателік жасамайтынын айтты. Айдос Енді үнемі талдарды баптап, өзі ағаш отырғызатындығы туралы айтып өтті.
М: Қане кезек - кезекпен айта қойыңдар.
О: Біртіндеп баяндай бастайды.(Бәрінен сұрау қажет)
ІІІ. Жаңа сабақ
Жаңа сабақты бастамастан бұрын, әдептілік туралы ойларын сұрау. Балалар әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?
М: Әдептілік - тәрбиелілік, көрегенділік, мәдениеттілік деген мағыналарды білдіреді. Әдептілік - адам бойындағы жағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарының мінсіз орындауы.
Біздің халқымыздың әдепті де сыйластық қарым - қатынасқа ежелден - ақ көңіл бөліп келгендігі бәрімізге белгілі. Ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақтың мақал - мәтелдер мен нақыл сөздерінен ұштастырамыз. "Әдептілік иесі - иіліп сәлем бергені. Ұлық болсаң - кішік бол, Кішіпейілдік - кішілік емес кісілік" деп ой тарқатып, сөз маржандары халқымыз ұстаған тәлім - тәрбиенің жүйелі бағдарын меңзейді. Қазақ халқына тән дархан қонақжайлылық, үлкенді құрметтеу, ағайын туғанға бауырмалдылық, үлкен кісілердің сөздерін тыңдауға, ата - анамызды сыйлауға үйретеді. Әрқашан да адал болуға, өтірік айтпауға үйретеді. Үлкендердің алдынан кесіп өтпеуді, құстардың атуға болмайтынын, қыз баланы ренжітуге болмайтынын, сыныпты айқайлауға болмайтынын, сабақтан кешігуге болмайтынды туралы айтып өтуге болады.
Оқулық пен жұмыс:
- Тізбектеп оқыту.
«Ана мен бес алдым!»- деп, Ілияс өз табысын, мақтанышпен хабарлады. "деп, апасы да риза болып қалды. Үлкен азамат бол, құлыным"- деп, апасы риза болып қалды. Баласы жағымсыз қылық жасаса, анасы ренжиді. Баласының көңіл - күйі бұзылады. Егер бала өзінің жағымсыз қылығын түсінсе, анасынан кешірім сұрағаны жөн. Сонда бала анасын құрметтеп, ризашылығына бөленеді. Бала ата - анасына берілген уәдені әр уақытта орындауға тырысуы қажет.
Сыйластық ережелерін орындауды дағдыға айландыру керек. Әдептілік - үлкенді сыйлау, әділ болу, өтірік айтпау, жалқау болмау, кішкентайларға қамқор болу.
- Мәтін бойынша сұраққа жауап алу (2 топқа бөлу арқылы)
1. Сен өзіңнің ең жақын досыңды не үшін жақсы көретінің туралы әңгімеле.
2. Кімді және неліктен сыйлайтыдығыңды айт.
- Сыйластық ережесін ұғындыру. Ережелерге тоқталып өтіп, тақтадағы суреттерменен жұмыс жасаймын.
1. Үлкенге жол беру.
2. Автобуста орныңды ұсыну.
3. Сіз деп сөйлесу.
4. Уәде етсең орындау.
5. Басқаның пікірін тыңдап үйрену.
6. Ренішті сөз айтсаң кешірім сұрау.
7. Алдымен сәлем беру.
8. Есінегенде, жөтелгенде шытпен жауып үйрену.
М: Балақайлар шаршаған боларсыңдар, сергіту сәтін жасайық.
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау сәніміз.
Сәлем бердік сіздерге,
Басымызды иіп бәріміз.
М: Балалар енді ойын ойнайық. Бұл ойынның аты "Не істеуге болмайды?" деп аталады. (тақтаға жаздырту)
- үлкендердің алдынан....(кесіп өтуге болмайды)
- кішкене баланы....(Жылатуға болмайды)
- құстарды....(Атуға болмайды)
- қыз баланы...(ұруға болмайды)
- сыныпта...(айқайлауға болмайды)
- сабақтан...(кешігуге болмайды)
ІV. Дәптермен жұмыс.(шығармашылық тапсырма)
Кітаптағы сөздерді 2 топқа бөліп беремін.
1 топ: Жақсы жағын жазады.
Таза жүру және ұқыпты болу.
Білмегенге көмектесу
Жығылып қалған адамға жәрдем беру.
Жасы кіші баланы көше қиылысынан өтуге көмектесу.
2 топ: Жаман жағын жазады.
Досыңның іс - әрекетін келемеждеу, мазақтау.
Қоғамдық орында, көшеде қатты дауыспен сөйлеу.
Үнемі сағыз шайнау.
Дастарханда тамақ ішіп отырып сөйлеу.
V. Сабақты бекіту. Әдептілік дегеніміз не?
VІ. Сабақты қорыту.
- Қандай тақырып пен таныстық?
О: Мен және басқалар. Әдептілік
- Нені үйрендіңдер?
О: Әдепті болуды, үлкенді сыйлауды, қамқор болуды, мейірімді болуды, әдіс болуды, жақсы мен жаманды ажырата білуді үйрендік.
VІІ. Үйге тапсырма.
- Түсінік айту.
VІІІ. Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан және сөйлеу ережесін ұстана отырып анық, еркін сөйлеген оқушыларды мақтап мадақтау, бағалау.
Мен және басқалар. Дүниетану 2 сынып
- Нүсіпжанова Таңшолпан
- 20 ақпан 2016
- 2507
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мен және басқалар, дүниетану 2 сынып
Ұқсас жаңалықтар:
Әдептілік әдемілік
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Луговой ауылы, Т. Рысқұлов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ержанова Атира Жолдасовна...Әдептілік - тәрбие бастауы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Үстірт орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Жақсыбаева Шолпан...Адамгершілік –асыл қасиет
Мақсаты: Білімділік: Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету;...Әдептілік - тәрбие бастауы
Атырау облысы Исатай ауданы, Жанбай селосы Х.Наубетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Инкабаева Аян Тобаниязқызы Әдептілік - тәрбие...Әдептілік әдемілік
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы №36 орта мектеп МАД тобының тәрбиешісі Сулейменова Ақмарал Маукенқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.