Павлодар қаласы, № 25 жалпы орта білім беру мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Муликова Данагуль Советовна
Әдебиеттік оқу
Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: Оспанхан Әубәкіров. «Сүт қалай ұйықтады?»
Мақсаты: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің бірі диалог әдісін қолдана отырып, жаңа сабақтың тақырыбын меңгерту, топқа бөлу;
Қазақтың белгілі ысқақшыл ақыны О. Әубакіровтың өмірбаянымен таныстыру, ертегідегі астарлы ойды ашу.
Тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың ой - өрісін, шығармашылық қабілеттерін, тіл байлығын дамыту; салақтық, ұйқышылдық, мақтаншақтық, өсек айту, еріншектік, жалқаулық сияқты жаман әдеттерден аулақ болуға, тұрақты батыл болуға тәрбиелеу;
Үй тапсырмасын сұрау арқылы көшбасшылықты анықтау, эссе жазу арқылы дарындылықты анықтау;
оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалау арқылы білім деңгейін анықтау және жиынтық бағамен бағалау;
Кері байланыс арқылы оқушылардың білім деңгейін анықтау
Дерек көздер: «Әдебиеттік оқу» оқулығы. 2 - сынып
«Әдебиеттік оқу» оқулығының әдістемелігі
Тақырып мазмұнына сай жасалған слайдтар, кері байланыс парағы
Электронды оқулық, білім ағашы
Тапсырма көздері: 1 - тапсырма: Қайталау сұрақтары
2 - тапсырма: Тауып оқы. Бөлімге ат қой.
1 - топ – Бір күні сүтке не болыпты?
2 - топ – Сүттің аянышты халін тауып оқы.
3 - топ – Әже сүтті не істеді?
3 - тапсырма:
1 - топ – Ақын ертегіде ненің әрекетін суреттеген? Қара сөзбен әңгімелеп бер.
2 - топ – Ертегідегі нақыл сөзді және сүттің әрекетін білдіретін тіркетерді тап.
3 - топ – Ертегідегі кейіпкерді тап. Ақынның айтайын деген ойы не? 4 - тапсырма:
1 - топ – «Бес жолды өлең құрастыру»
2 - топ – «Сүт береді саған күш» мәтін құрау
3 - топ – Қандай сүт тағамдарын білесің? Топтастыр.
Сүт тағамдары туралы видеоролик көрсету
Оқыту нәтижелері: жан - жақты талқылайды, өз ойларын еркін айта алады, бірлесіп пікірлеседі, топтық жұмыс жүргізеді.
Негізгі идеялар: Ұйқышылдықтан, жалқаулықтан арылып, еңбекті сүю
Кері байланыс: Бүгінгі сабақ ұнады ма? Парақшаны толтыру
Кейінгі тапсырма «Ұйқының зияны» шығарма жазу, мәтінді мәнерлеп оқу
Бағалау формативті бағалау, жиынтық баға
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
II. Барысы:
1. Білім ағашындағы қалам, кітап, қоңырауды алу арқылы топқа бөліну;
(Бағалау парақшасы таратылып, топ басшысы сайланады.)
III. Қайталау – білім анасы
1 - топқа:
1. Керім қандай болды?
2. Керімге адамдар не деп айтушы еді?
3. Керім ылғи қалай жауап береді?
4. Керімге жуынбағанның салдарынан не болды?
2 - топқа:
1. Керім ауырғанда жұрттар оған не деді?
2. Ауырып қалған Керімді қайда апарды? Ол жазылды ма?
3. Ауруханадан шыққан соң ол қайда жұмысқа тұрды?
4. Зауыттағы бояулар қандай болды?
3 - топқа:
1. Қожасы Керімге не істеуді бұйырды?
2. Керім кейі нанды қалай жейтін болды?
3. Жеп отырған нанына не жабысты?
4. Содан соң Керімге не болды?
IY. Сабақтың кілтін табайық
Ермек түнімен ойнап - ойнап, кеш жатты. Таңертең анасы оған: «Балам, ұйқыңнан тұр, сабағыңнан кешіктің ғой»,- деп қайта - қайта оятқанда, ұйқысынан оянбады.
Бір кезде ұйқысынан шошып оянып, сағатқа қараса, сабақтан кешіккенін білді.
Содан ол апыл - ғұпыл киініп, анасының дайындап қойған сүтін ішіп үлгермей, мектепке қарай жүгіре жөнелді. Жүгірген күйінде киімінің түймелерін қадап келе жатты. Алқын - жұлқын сыныпқа кірді де тұрып қалды. Ұстазы оған: «Мұның не? Бүгін тағы кешіктің бе? Киіміңді жөнде, енді бұдан былай кешікпе»- деп ескерту берді.
Оқушылардың бәрінің назары өзіне ауған Ермектің екі беті қызарып, қатты ұялды.
- Неліктен ұялды?
(балалардың жауабы)
- Міне, осындай жағдайлар адамдарда ғана емес, жануарларда да, сүт тағамдарында да болған екен. Ал сүт қалай ұйықтады екен? Оны қазір ұйқышылдық туралы ертегілер әлеміне көз жүгіртсек білетін боламыз.
- Ертегінің неше түрі бар?
- Олай болса, Оспанхан Әубәкіровтың «Сүт қалай ұйықтады?» ертегісімен танысамыз.
Дәптермен жұмыс. Күн жады, тақырып
Көркем жазу минуты: Ұйқы – дұшпан
Автор туралы түсінік беру
• Барлық білім – кітапта
А) Мұғалімнің оқуы
Ә) Мәнін ұғын, түйінде.
1 - топ - Бір күні сүтке не болыпты?
2 - топ - Сүттің аянышты халін тауып оқы.
3 - топ - Әже сүтті не істеді?
Б) 1 - топ - – Ақын ертегіде ненің әрекетін суреттеген? Қара сөзбен әңгімелеп бер.
2 - топ - Ертегідегі нақыл сөзді және сүттің әрекетін білдіретін тіркетерді тап.
3 - топ - Ертегідегі кейіпкерді тап. Ақынның айтайын деген ойы не?
Сергіту сәті.
- Ұйқышылдықтан, жалқаулықтан арылып, еңбекті сүюге шақырады екен. Маңдай тер төгіп, үлкен еңбекті қажет ететін кәсіптің бірі – мал кәсібімен айналысу. Біз мал сүтінен әр түрлі сүт өнімдерін аламыз. Ал енді малдың сүт өнімдері жайында ой қозғайық.
1 - топ - «Бес жолды өлең құрастыру» Сүт
2 - топ - «Сүт береді саған күш» мәтін құрау
3 - топ - Қандай сүт тағамдарын білесің? Топтастыр.
- Өте жақсы, сүт тағамдары туралы тағы да қосымша мәлімет алайық. Бейнеүзік көрсету.
- Міне, сүт тағамдарының көп еңбекпен келетінін көрдіңіздер. Бұл жерде жалқаулық жоқ. Еңбекпен келетін жұмыс екен.
Ал, енді сүтке байланысты қандай ырым - тыйымдарды білесіңдер?
(тыйым сөздер айту)
- Сонымен балалар, біз бүгін нені білдік?
- Енді ойымызды қорытайық.
«Тоқсан ауыз сөзде тобықтай түйін бар»
Мәтін кестесін толтыру
Формативті, суматифті бағалау
Кері байланыс парағын толтыру
Оспанхан Әубәкіров. «Сүт қалай ұйықтады?»
- Данагуль Советовна
- 16 ақпан 2016
- 3766
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Оспанхан Әубәкіров, сүт қалай ұйықтады, сабақ жоспары бастауыш сыныптарына
Ұқсас жаңалықтар:
Сүт туралы мақал-мәтелдер
Ана сүтін ақтамағанды Ешкім мақтамайды. Ернінде сүттің дәмі тұр....Аяз би ертегісіндегі кейіпкерлер бейнесі
Ертегі мазмұнымен танысу, өмірдегі қарапайым адамның зеректігі мен танымдылығы, ертегі кейіпкерлерінің бейнесін жан-жақты аша отырып, оқушыларды...Сүт қалай ұйықтады?
БҚО, Орал қаласы, №20 ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Мханова А.Н....Шибұт, Қылмойын, Қарынбас
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ертегі түрлері туралы білімдерін толықтыру. танымдық білім, білік дағдысын дамыту. Достыққа, еңбекті сүюге тәрбиелей...Сүт қалай ұйықтады?
Сабақтың мақсаты: Біліктілігі: Оқушылар мәтіндегі негізгі ойды, идеяны, ұғыну арқылы мысалдың мазмұнын меңгереді. Ой қозғалу стратегиясын пайдалана...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.