Сайтқа кіру Тіркелу

"Көшбасшы -2010"

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы
Алпамыс батыр атындағы №40 мектеп-гимназиясы
бастауыш сынып мұғалімі Бакирова Гулнара Усингирқызы

« Көшбасшы -2010 »

Сайыстың мақсаты:
а) білімділігі: оқушылардың білімдерін тиянақтау, білімге, ғылымға деген қызығушылығын арттыру.
ә) тәрбиелігі: рухани адамгершілікке
б) дамытушылығы: ой-өрісін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту

Сайыстың көрнекілігі: үнтаспа, интерактивті тақта, «Көшбасшы 2010» презентациясы
Сайыстың барысы:
1. Жалпы рет тест. (уақытпен есептеледі)
2. Пән таңдау (балл көрсеткіші ең жоғарғы оқушы таңдайды)
3. Балл таңдау (тағы да бірінші балл көрсеткіші ең жоғарғы оқушы таңдайды)

Сайысқа қатысқан оқушылар бір-бір партадан отырғызылады. Барлық оқушыларға бірдей уақытта, бірдей сұрақтармен тест таратылып, орындатылады.
Тест сұрақтары төрт пән бойынша беріледі.
(Ана тілі, қазақ тілі, математика, дүниетану)

І. Жалпы тест (уақыт есептеледі)
1. Сөйлемнің баяндауышын белгіле. Еңбек ерлікке жеткізеді.
а) Еңбек
ә) жеткізеді
б) ерлікке

2. Төрт дыбыстан құрылған тасымалданбайтын сөзді белгіле.
а) бала
ә) шала
б) бұлт

3. Жұрнағы бар сөзді тап.
а) домбыраны
ә) домбырамен
б) домбырашы

4. Хеопс пирамидасының биіктігі
а) 327 м.
ә) 147 м.
б) 247 м.

5. Қазақстан жер көлемі жөнінен дүниежүзі көлдерінің ішінде нешінші орын алады.
а) 9-орын
ә) 10-орын
б) 3-орын

6. Родос алыбының биіктігі
а) 127 м.
ә) 27 м.
б) 36 м.

7. Бақ – ұзатылған қыз,
Байлық – еритін мұз,
Бала – артта қалған із,
Өмірдің адамға ең жақсы сыйы –
Сыйласқан сіз бен біз
а) нақыл сөз
ә) өлең
б) шешендік сөз

8. Өнер алды – қызыл тіл
а) мақал
ә) мәтел
б) нақыл сөз

9. Теңдеуді шеш:839 – х=139
а) 908
ә) 700
б) 978

10. Санды жаз: бірінші кластың сегіз жүз бес бірлігінен тұратын:
а) 850
ә) 508
б) 805

11. Миллиметрмен өрнекте: 82 м73 мм= мм
а) 8273 мм
ә) 82730 мм
б) 82073 мм

Пән таңдау бойынша 5 сұрақтан беріледі. Сұрақтарға жылдам және бір ғана сөзбан жауап беру керек (интерактивті тақтадан тест слайдтары ұсынылады).
Математика
1. 7 м қанша см-ге тең?(700 см)
2. 2 сағатта қанша минут бар? (120)
3. Тік төртбұрыштың ауданы неге тең? (S=ab)
4. м2, см2, дм2 ненің өлшем бірліктері? (Аудан)
5. 6 жүздік, 3 ондық, 8 бірлік қандай санды құрайды? (638)
6. Бөлу амалын немен тексереді? (көбейтумен)
7. «2671+ а» қандай өрнек? (өрнек)
8. «37010+2010» қандай өрнек? (санды)
9. 2 ғасырда қанша жыл бар? (200 жыл)
10. Төрт қабырғасының ұзындығы бірдей фигура қалай аталады? (шаршы)
11. Ботаның салмағы 35 кг, ал қаздың салмағы 7 есе кем. Қаздың салмағы неше кг? (5кг)
12. Сұйық заттар немен өлшенеді? (литр)
13. 3 аптада қанша күн бар? (21)
14. Төртбұрыштың қанша қабырғасы бар? (4)
15. Қосу амалы немен тексеріледі? (алумен)
16. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 10см, ені 5см. Тіктөртбұрыштың периметрі неге тең?(30)
17. Жәшіктің көлемі неге тең? (V=abc)
18. 1 жылда неше күн бар? (365 күн)
19. 360 минутта қанша сағат бар? (6 сағат)
20. Текшенің қанша қыры бар? (12)

Дүниетану
1. Құрлық бетінің тегіс немесе сәл белесті алқаптарын не деп атайды? (жазық)
2. Судың жер бетін жырып, тілімдеуінен пайда болған жерді не деп атаймыз? (жыра)
3. Жер бетінің ерекше биік тұстарын не деп атаймыз? (тау)
4. Алматының түбінде орналасқан спорт кешенінің атауы? (Медеу)
5. Қатты тау жыныстарының бөлшектеліп ұсақталуын не деп атаймыз? (үгілу)
6. Тау басына жиналған мұзды не деп атаймыз? (мұздық)
7. Қызғылт түсті жұмсақ металл. (мыс)

8. Күміс сияқты жарқыраған, ақ түсті, өте жеңіл металл. (алюмин)
9. Сұрғылт түсті, өте ауыр және тапталғыш металл. (қорғасын)
10. Қатты, көбінесе қара түсті зат. (тас көмір)
11. Майлы, қоймалжың сұйық зат. (мұнай)
12. Мұнаймен қоса жер астынан алынатын жанғыш зат (газ)
13. Қарағанды кен орнын 1833ж. ашқан шопан кім? (Аппақ Байжанов)
14. Қарағанды көмірі нешінші жылдан бастап өндіріле бастады? (1856ж.)
15. Құрлыс материалдарын ата.(гранит, құмтас, әктас, ұлутас, саз, құм)
16. Су үш түрлі күйде болады? (мұз, су, бу)

17. Шипалы су шығатын жер, тынығу, сауықтыру орталығы. (Сарыағаш)
18. Тұщы судың бір көзі. (өзен)
19. Ауа қоспасындағы ең көп газды ата. (азот)
20. Жауын-шашын ең көп түсетін жерлер. (Арал теңізі мен Балқаш көлі)

Қазақ тілі
1. Мемлекеттік Тіліміз. (қазақ тілі)
2. Ұяң дауыссыздарды ата. (б,в,г,ғ,д,ж,з,)
3. Сөздегі дауыссыз дыбыстар бірыңғай жуан не бірыңғаі жіңішке болып келуін не дейміз? (буын үндестігі)
4. Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал ету, өзара үндесіліп айтылуын не дейміз? (дыбыс үндестігі)
5. Алдыңғы сөз соңғы сөзге бағына байланысқан екі не одан да көп сөздер тобын не дейміз? (сөз тіркесі)
6. Кім? Не? Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін не деп атаймыз? (бастауыш)
7. Бір ғана тиянақты ойды білдіретін дара сөйлемді не дейміз? (жай сөйлем)
8. Мен аялдамаға келсем Аян күтіп тұр екен. - қандай сөлем? (құрмалас сөйлем)
9. Қыздар терезе сүртті. – сөйлемнің қай түрі? (хабарлы)

10.Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – сөйлемнің қандай түрі?(сұраулы)
11. Сөйлемнің өзара мүшесі дегеніміз не? (жеке сөзден жасалған сөйлем мүшесі)
12. Сөйлемнің күрделі мүшесі дегеніміз не? (екі немесе одан да көп сөзден жасалған сөйлем мүшесі)
13. Бірыңғай мүшелер дегеніміз не? (сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздер)
14. Бірыңғай мүшелердің арасына қойылатын тыныс белгі. (үтір)
15. Бірккен сөздер дегеніміз не? (екі түбірден жасалған сөз)
16. Қос сөз дгеніміз не? (екі сөздің қосарлануы арқылы жасалған сөз)
17. Қос сөздің тыныс белгісін табыңыз. (дефис)
18. «Ит өлген жерде»? (алыста, қашықта)
19. Күрделі сөз дегеніміз не? (екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөз)

Ана тілі
1. ҚР туының түсі. (көгілдір)
2. Жаңбырмен жер көгерер,
Батамен ел көгерер. (мақал)
3. Қанатсыз құс қалқып барады,
Көзінен жасы тамып барады. (бұлт)
4. Қазақ халық ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан бір түрі. (аңыз әңгімелер)
5. Төрт түлік түрлері. (Қамбарата, Шопаната, Ойсыл Қара, Зеңгібаба)
6. Ата – бәйтерек, (Бала – жапырақ)
7. Көргенді жас, пәк бала,
Дастарханды аттама! (тыйым сөз)
8. Көппен көрген – Ұлы той. (мәтел)
9. «Жырдың балын татыңыз» жолдар кімнің сөзі?(Сүйінбай сөзі)
10. Халық батырдың алған жары асқан сұлу болса деп армандаған. Осы негізде шыққан жырдың бірі. (Қыз Жібек)
11. Жырдағы Алпамыс батырдың қарындасы. (Қарлығаш)
12. «Адал достық өмірлік нұсқа болады, арам достықтың өмірі қысқа болады» деген кімнің сөзі. (Әйтімбет шешен)
13. Жыр айтушы адамды қалай атайды? (жыршы)
14. Негізгі ой турасынан білдірмей тұспалдап, жанамалап айтылатын шығарманың түрін ата? (Мәтел)
15. Үш бәйтерек. (І.Жансүгіров, С.Сейфулин, Б.Майлин)
16. Абылай хан қай жылдары өмір сүрген? (1711-1781жж.)
17. Қабанбайдың ерлігін жырлаған жыршы. (Бұқар жырау)
18. «Сәуелі жұлдыз іздеген адам» әңгімесі кім туралы жазылған?(Ы.Алтынсарин)
19. «Көксегеннің көргендері», «Шоқан асулары», «Алтай аңызы», «Қырдың жас түлегі», т.б. көптеген шығармаларды кім жазған? (Сапарғали Бегалин)
20. ҚР-ның рәміздерін ата.(Ту, Елтаңба, Әнұран)

«Балдық жүйе бойынша» әр пәннің сұрақтары балл бойынша жасырынып тұрады. Ең жоғары балл жинаған оқушы таңдау жасауға ие болады.

10 балл бойынша:
Қазақ тілі
1. Тақырып дегеніміз не?(мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні)
2. Жай сөйлем дегеніміз не? (Бір ғана тиянақты ойды білдіретін дара сөйлем)
3. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?(Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлем)
4. «Төбе шашы тік тұрды» сөзінің мағнасы. (қорқу)

Ана тілі
1. Кенже Құрманғазының қоржынынан домбыраны суырып алды да, кімнің қолына ұстатты? (Динаның)
2. Бір нәрсе қанаты бар ұшпас биік,
Сонда да жүрмейді екен жерге тиіп.
Арасын жер мен көктің өрт алса да,
Кетпейді ешбір жері отқа күйіп. (Балық)
3. «... ақ киізге отырғызып көтеріп, ел басқарған сұлтандар әр жақтан дауыстай жамырап, оның даналығын, ақылгөйлігін, қолбасшылығын, ержүректігін т.б. қасиеттерін айтып тауыса алмайды» деген үзіндіде кім туралы айтылған? (Абылай)
4. Жоңғарлардың қазақ даласын басып кірудегі мақсаты.(қазақтың бар байлығын иемденіп, жерін жаулап алу)

Дүниетану
1. Ауаның температурасын өлшейтін аспап.(Термометр)
2. Көкжиек тұстары қандай құралмен анықталады? (Компас)
3. Каспийдің «тері алтынын» ата.(балық)
4. Суда ерімейтін заттар. (саз, құм)

Математика
1. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 120 мм, ені 40 мм, ауданын есепте (480мм2)
2. Жаяу адам сағтына 5 км жүрсе, 3 сағатта қанша км жүреді. (15 км)
3. Жолаушылар пойызы 3 сағатта 360 км жүрді. Ол қандай жылдамдықпен қозғалды? (120км/сағ)
4. 3210+а қандай өрнек? (әріпті өрнек)

20 балл бойынша:
Қазақ тілі
1. Күрделі етістікке мысал келтір: (жүріп келеді, т.б.)
2. Тұрлаулы мүшелерді атаңыз (бастауыш, баяндауыш)
3. Туынды сөз дегеніміз не? (Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалады)
4. Қазақстанда «Республика» күні қай күн? (16 желтоқсан)

Ана тілі
1. «Біз қазақ – мал баққан елміз» деген кімнің сөзі (Қаз дауысты Қазыбек)
2. Сәуелі жұлдыз іздеген адам кім? (Ы.Алтынсарин)
3. Жаяу Мұсаның (Мұса Байжанов) білім алуына көмектескен кім? (Шоқан)
4. Құрманғазының анасының аты кім?(Алқа)

Дүниетану
1. Қай жылдан бастап тың көтерілді? (1954ж.)
2. Жүрек адамның ағзасының қай жерінде орналасқан? (Сол жақ кеуде қуысы)
3. Ауа қызғанда көлемі қандай болады?(үлкейеді)
4. Жанғыш пайдалы қазбалар?(тас, көмір, мұнай, қоңыр көмір)

Математика
1. 4кг картоп 40 теңге тұрады. Бағасы осындай 40 кг картоп қанша тұрады?(400т)
2. Қабырғасы 5 дм, шаршының ауданын тап.(25 дм2)
3. Х*200=800, х белгісіз неге тең?(4)
4. 7 км 834 м-де қанша метр бар?(7834м)

30 балл бойынша:
Қазақ тілі
1. Көп мағына беретін сөздерді табыңыз.(қыс, қара, т.б.)
2. Үнді дауыссыз дыбыстарды ата.(л,м,н,ң,р,й,у)
3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымшаны не дейміз?(жұрнақ)
4. Қыстырма сөз дегеніміз не? (сөйлем мүшесі болмайтын, бірақ сөйлемде айтылған ойға түрліше көзқарасын білдіреді)

Ана тілі
1. «Әліпби», «Тіл құралы» еңбектерінің авторы кім?(А.Байтұрсынов)
2. Ұлы Отан соғысының батыр қыздарын ата.(Әлия, Мәншүк)
3. Күш біріктіріп, патша өкіметіне қарсы соғысқа аттанамыз. Өз жерімізде, халықтың бостандығы жолында күресіп өлген артық деген кімнің сөзі? (Амангелді батырдың)
4. «Қазақтың бұлбұлы» кім? (Күәш Байсейітова)

Дүниетану
1. Арал теңізіне құятын өзендерді ата.(Әмудария, Сырдария)
2. Жөке ағашы орманда қанша жыл өмір сүреді? (400 жыл)
3. Шалғын өсімдіктерін ата.(Шалғындық жоңышқа, қылтанақсыз арпабас, шалғындық атақанақ, жұпаргүл, күреқот, тышқанбұршақ)
4. Шалғындағы мал жемейтін улы өсімдіктерді ата (қорғасын, сарғалдақ)

Математика
1. Қосындының да мәні, көбейтіндінің де мәні 6-ға тең болатын тізбектес үш натурал санды тап(1, 2, 3)
2. 24024:6=? (4004)
3. 8м2-та неше см2 бар? (80000 см2)
4. Кубтың қыры 5 см. Оның көлемін тап? (125см3)

40 балл бойынша:

Қазақ тілі
1. Зат есімнің септік жалғаулары арқылы өзгеруін не дейміз?(зат есімнің септелуі)
2. Атау септігіндегі зат есімдер қандай сұрақтарға жауап береді?(кім?не?кімдер? нелер?)
3. Екі түрлі сөздің қосарлану арқылы жасалған қос сөздерді ата(ар-ұят, жоғары-төмен, қалт-құлт)
4. «Күн қарап тұр» сөзінің мағынасын қалай түсінеміз?

Ана тілі
1. Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы. (мақал)
2. Туған жерден жырақ жерде жүріп-ақ қазақ халқының атын әлемге танытқан, таэквондоөнерінде әлемде ең үздіктердің бірі.(Мұстафа Өзтүрік)
3. «Қызығыңды көріп еркін келемін» деген өлең жолдарын жазған ақын.(Қасым Аманжолов)
4. «Сол жылы күзде үздік оқитын Қажымұрат мектепке келмеді»- деген жолдар қай мәтіннен үзінді.(Дегелендегі жарылыс)

Дүниетану
1. Шалғын жерлерде тіршілік ететін жануарларды ата.(саршұнақ, көртышқан)
2. Ормансыз жазық алқапты не дейміз? (дала)
3. Далада өсетін өсімдіктерді ата.(боз, бетеге,жусан,қазжуа, ботагөз, мыңжапырақ)
4. Далада тіршілік ететін жануарларды ата.(сарышұнақ, тышқан, түлкі, қасқыр, т.б.)

Математика
1. Түйе бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі.
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге ойлап қой. (17)
2. Салтанат болса екіде,
Бақытжанда екіде.
Екеуін қоссаң шырағым.
Саматтың жасы шығады,
Саматтың жасы нешеде? (4)

3. Көгалда бірнеше қозы мен қаздар жайылып жүр. Олардың бастарының саны 25, ал аяқтарының саны 70. Қозылар нешеу, қаздар нешеу? (қозы 10, қаз 15)
4. Кеше Аружанның туған күні болды. Ертең бейсенбі болады. Аружанның туған күні аптаның қай күні болады? (сәрсенбі)
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×