Сайтқа кіру Тіркелу

Ұ дыбысы және әрпі

Ақмола облысы,
Зеренді ауданы, Қызылтаң орта мектебі
Мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі
Байсеитова Сауле Азнабаевна

Сабақтың тақырыбы: Ұ дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты:
а\Білімділік: Оқушыларды Ұ дыбысы және әрпімен таныстыру.
ә\Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын және ойлау қабілеттерін арттыру.
б\Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті: Ұ әрпінің жазылуын, оқылуын меңгерту.
Сабақтың әдісі - тәсілі: ой қозғау, сұрақ - жауап, түсіндіру.
Көрнекіліктері: суреттер, кеспе әріптер, ойыншықтар, буындар, слайд.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық:
Сәлем деймін күнге мен,
Сәлем деймін мен саған.
Сәлем деймін апайға,
Қонақтарға мың сәлем.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
- Қане, балалар біз өткен сабақты қандай дыбыспен таныстық: \Ж ж дыбысымен\
- Дұрыс айтасыңдар!
- Қане, өткен сабақты қаншалықты меңгергендеріңді білейік.
- Балалар «Бауырсақ» ертегісін білеміз бе? Ол ертегіде қандай кейіпкерлер бар? Сол кейіпкерлер бүгін бізге қонаққа келіпті. Олардың әрқайсысының өз тапсырмалары бар екен. Орындаймыз ба?

Қызығушылығын ояту. Ой қозғау.
1. Бауырсақтың тапсырмасы:«Ең, алғыр бала»дидактикалық ойыны. Бұл тапсырманы дұрыс әрі ұқыпты етіп орындасақ, әдемі бір гүлдің бейнесін құрап шығасыңдар. Гүлдің әр күлтешесінің астында суреттер берілген, сол суреттердің атауын атап, буынға бөліп күлтешені өз орнына орналастырасыңдар. Егер де, сендер берілген тапсырманы дұрыс, әрі қатесіз орындасаңдар гүлдің бейнесін құрайсыңдар.
- Жарайсыңдар, балалар!

ІІІ. Мағынаны тану. Жаңа сабақ:
Жұмбақ шешейік.
Ұя, ұлу, ұшақтың
Басын бастап беремін.
Құс, жұмыртқа, бұтақтың,
Ортасында келемін.(Ұя)

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×