Сайтқа кіру Тіркелу

Бердібек Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа”

Алматы облысы, Жамбыл ауданы,
Жаңақұрылыс ауылы, А. Қарсақбаев атындағы орта мектептің
Бастауыш сынып мұғалімі Турысова А.

Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа”
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 1. Қожа бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алуға қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Оқушыларды оқыта отырып, көркемдеп еркін сөйлеуге қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды үлкендерді құрметтеуге, тәртіпті болуға, жақсы мен жаманды ажыратуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, топтап тапсырма беру
Сабақтың көрнекілігі: Интер белсенді тақта, бәйге ойыны, суреттер, кинодан үзінді.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезең
Сабаққа психологиялық дайындық
Үлкенге де «сіз»
Кішіге де « сіз»
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз
Оқушыларды топқа бөліп отырғызу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау «Бәйге ойыны» арқылы бөлімді тиянақтау
1. Дүниеде жамандық неден? атты мәтінен үзінді айт.
2. Сабырсыз, арсыз, еріншек өлеңін жатқа айт.
3. Жолда мәтіндегі Абайдың әкесіне берген жауабы.
4. Бұл кім?
5. Шоқанның шын есімін ата.
6. Шешенің балаларын сүюі өлеңінен үзінді оқы.
Тарауды ұлы қайраткерлердің суреттерімен қорытындылау.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 1. Жаңа сабаққа даярлық.
Автор туралы қысқаша деректер беру
2. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты
Суреттер арқылы « Менің аттым Қожа» тақырыбын хабарлау
Мақсатымен таныстыру

IV. Жаңа сабақ
Кинодан үзінді көру.
Топ басшылары шығып, топтың аты жазылған қағазды оқиды.
1. Оқулықпен жұмыс
Әр топтың оқушылары тізбектеп оқиды.
2. Оқыған бөлімдеріне ат қою, тірек сызбалармен топтап көрсету, қорғау.
Сергіту сәті Интер белсенді тақтадан
Кім жылдам? ойыны
1. “Бір секундқа кідіріп, мұрнымды көкке шүйіріп, маңғаздана қалдым да, қолымды кеудеме қойып, тәжім еттім. Мұным балалардың құрметіне сыпайыгершілікпен қайтарылған жауап болды да шықты. Бұл кім?
2. Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап, сыпсыңдағыш. (Жантас)
3. Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың? (Анфиса Михайловна)
4. Жанар жаттаудан алған бағасының орысша атауы? (Пять)
Оқушылар Қожа туралы өз пікірлерін айтады.
Қожа - жақсы бала
---------------
Қожа - тентек бала
--------------

V. Түсінгендерін тексеру
1 - топ Қожа мен Жантасты бейнесі
2 - топ Әңгімеден Қожаның өздеріңе ұнағанын ішкі ойын оқы.
3 - топ Өзіңде Қожаның басында болған оқиға болды ма? Болса әңгімелеп жазып бер.

VI. Сабақты қорыту Мұғалім сөзі:
«Менің атым Қожа» повесі қарапайымдылыққа, нанымдылыққа туған. «Өтірік ештеңе қоспаймын» - деп уәде берген автор уәдесін орындайды да. Бұл повесінде жазушы балаларға бала болып сырын ашады.
Қожаның тентектігі тектен - тек емес, белгілі бір логикадан туындайды. Адам жанын түсіне, ұға бермейтін шолақ белсенділерге, екі жүзділерге қаны қайнайды. «Менің атым Қожа» повесі бойынша түсірілген киноны 28 елдің бүлдіршіндері тамашалапты. Әрине, бұл біздің әдебиетіміз бен кино өнері үшін үлкен жетістік.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Б,Соқпақбаев

Б,Соқпақбаев "менің атым-Қожа"

2. Сабақ мақсаты: а) Білімділік: Б. Соқпақбаевтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Жазушының «Менің атым - Қожа» повестіндегі өзіндік...
“Менің атым Қожа” повесінен үзінді

“Менің атым Қожа” повесінен үзінді

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байбосын Ф. Е....
Бердібек Соқпақбаев.

Бердібек Соқпақбаев. "Менің атым Қожа" повесі

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Даркенбаева Биби-Жар Бақбергенқызы...
Менің атым - Қожа

Менің атым - Қожа

Мақсаты: білімділік: повесть бойынша оқушылардың білімін тиянақтау, Қожа бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алуға үйрету. дамытушылық:...
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым- Қожа» повесі

Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым- Қожа» повесі

Онды орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Саржанова Күнімкүл Аманқосқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×