Сайтқа кіру Тіркелу

10 саны мен цифры

Сабақтың тақырыбы: 10 саны
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 10 саны және құрамымен таныстыру, 10 санын жазуды үйрету. 10 көлеміндегі қосу, азайту амалдарын орындау жолдарын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың оқу танымдық және ойын іс - әрекетін қатыстыру арқылы пәнге деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін, ой - өрісін дамыту. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын молайту, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Өзгені тыңдап, өз ойларын еркін айтуға тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру. Алға қойған мақсаттарына жетуге, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.
Типі: Жаңа білім меңгерту.
Түрі: танымдық сабақ
Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойландыру, ойын т. б.
Технологиясы: дамыта оқыту және сын тұрғысынан ойлау
Көрнекілігі: тапсырмалар, 10 саны, кесте, үлестірмелер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық бәріміз, арайлап атқан күнге.
Психологиялық дайындық.
Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын,
Оқысаң жалықтыра қоймайтұғын.
Ғылымдар патшасы боп дараланып,,
Математика қызыққа тоймайтұғын.
Сыныпты 3 топқа бөлемін. Әр топқа ат қою.
1 - топ: «Тапқырлар»
2 - топ «Ойшылдар»
3 - топ «Алғырлар»
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау. 9 санының құрамы.
1) 9 9 9 9 9 9
6 7 8 7 4 5
2) 9 * 4 + 4 8
9 * 5 +4 9 = 4 + 3 + 6 =
1. Кіріспе:
- Балалар, жылдың неше мезгілі бар?
- 4 жыл мезгілі бар.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі.
- Бұл кезде барлық баланың жақсы көретін қандай мейрамы келе жатыр?
- Жаңа жыл мерекесі.
- Жаңа жыл несімен қызықты?
- Аяз Ата, Ақшақар, шырша.
- Олай болса, математикадан алған білім - тірегімізге сүйене отырып ортадағы шыршаны безендірейік.
«Шырша безендіру» ойыны:
Шарты: шыршада сандар ілулі тұр. Мен өрнектер топқа таратып беремін Санға сәйкес өрнектің мәнін табасыңдар..
Бүгінгі сабағымызда біз де “Болашақ баспалдағымен”көтеріліп, білім шыңына шығу арқылы білімімізді көрсетейік. Егеменді еліміздің туын желбірету арқылы өз үлесімізді қосайық.
Міне, біз де «Болашақ баспалдағының» шыңы
Әр баспалдақтың тапсырмалары бар. Сол тапсырмаларға жауап беруіміз керек.
2. Қызығушылықты ояту
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Бесті беске қосқанда,
Болады екен он саусақ.
Оқушылар ойлана бастайды, болжалдайды. 10 саны туралы айтады.
3. Жаңа сабақты түсінді
ІІІ. Жаңа сабақ: 10 саны және цифры. Дециметр.
Жаңа сабаққа дайындық ретінде ауызша жаттығулар орындау.
3см * 3см – 1 см 5см * 5см + 1см 2см * 2см - 1см
7см * 7см – 2см 6см * 6см + 2см 8см * 8см – 2см
9см * 9см – 3см 4см * 4см + 3см 6см * 6см – 3см

Кестедегі суретті пайдаланып 9 бен 1 - дің қосындысы сандар қатарында 9 - дан кейін тұратын сан, ал оны жазу үшін жаңа цифр алынбайды, бірақ ол белгілі екі цифр 1 және 0 арқылы белгіленетіні айтылып, жазылып көрсетіледі: 9 + 1 = 10
Осы жерде математикада барлық сан белгілі
1, 2, 3,, 4, 5, 6, 7, 8, 9 цифрлары арқылы белгіленетіні,
10 саны сияқты барлық басқа сандар да осы цифрлармен жазылатынын айту.
Оқушылар алдарындағы берілген жолақшаны өлшейді. Оның 10 см. екеніне көз жеткізу, 10 см. математикада дециметр деп аталатыны туралы айтып, дециметр ұзындықтың жаңа өлшеуіші туралы түсінік беру.
ІІІ. Мағынаны тану. 10 саны
Оқулықпен жұмыс
1 - ден 10 - ға дейін тура және кері санату.
10 санын жазып үйрету.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сандары қандай сандар?
10 саны неше таңбадан құралған?
Дұрыс, 10 саны екі таңбалы сан деп аталады.
Жазылуын түсіндіру.
Екі тор көзге жазылады, 1 оң жақ бөлікке, 0 сол жақ бөлікке жазамыз.
1 - баспалдақ
1. Ойлан, тап!
2. Біліміңді байқа! Салыстыр: 3>2 5 - 4=1
2 6+ 10 - 6 < 10 - 10 - 4 < 10 -
5 - баспалдақ
Семантикалық картаны қолдану.
теңдік теңсіздік өрнек
10 – 3 = 7
9 6
7 = 7
10 = 2 + 8
2 + 4 < 8

Қорыту:
Балалар, міне «Білім шыңына» да жеттік. Өркениетті елдердің қатарына қосылуға бізде өз үлесімізді қостық деп айта аламыз. Көк туды желбіретейік. Берілген тапсырмаларды толығымен орындадық.

Ү. Бағалау. Жеңімпаз топты байқау. Әр оқушының жұмысын бағалап, мадақтау.
ҮІ. Үйге тапсырма №6, 89 - бет
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×