Қ. Әбдіқадыров Жиб - Жица күресі
Сабақтың тақырыбы: Жиб - Жица күресі
Сабақтың мақсаты:
Автор туралы түсінік беру. Қажымұқан Мұңайтпасов өмірі жайлы толық деректермен таныстыру, тіл байлығын дамыту, спортты сүюге баулу. Оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуге, өзара сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақ типі: Жаңа білімді игерту.
Сабақтың формасы: топтық, сыни тұрғысынан ойлауды қалыптастыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Амандасу
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Бар адамды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ.
- Сондықтан сыныбымыздың журналистерін шақырамыз
Қазбек Сая:
- Қайырлы таң, Қазақ елі!
Эфирде Қазақстан ұлттық телеарнасы. Бүгінгі жаңалықты жүргізуші,
Мен журналист Қазбек Сая.
- Кеше Қызылорда қаласында №271 орта мектепте сабақ өтілді. Тақырып кім туралы, не жайлы екенін, оқушылар қалай меңгергенін толығырақ әріптесім Спандияр Дамирдің репортажында.
- Қазбек Сая: Дамир
Дамир:
- Қайырлы таң, Қызылорда! Мен №271 орта мектебінде тұрмын. Кеше Ахмет Әуезовтың шығармасынан «Жас Мұхтар»тақырыбында сабақ өтілді. Мәтін 4 топқа бөлініп, бөліктерге тақырып қойылды. Әр бөлік топта талқыланып, көш басшысы сыныпта түсіндірді. Үйге берілген тапсырма мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру.
Топқа қойылатын сұрақтар:
1. Мұхтар Әуезов кім? Мен М. Әуезов туралы не білдім?
2. М. Әуезов бала кезінен бастап нені оқып үйренеді?
3. Абай қарасөзі бойынша естіген нәрсені ұмытпас үшін не істеу керек деді?
4. Атасы қандай жырлар мен ертегілер айтып берді?
- Сіздермен болған мен тілші Спандияр Дамир.
- Мұғалім: рахмет Дамир
Біздің сыныбымыздың үздік оқушысы әрі тілшіміз Дамирдің арқасында үй жұмысының қалай меңгергенін білдік.
- Сонмен М. Әуезов кім?
Мұхтар
- Сая
- Ендігі кезек спорт жаңалықтары: Әріптесім тілші Жылқайдаров Ерасыл баяндайды.
- Спорт жаңалықтары (слайдта Г. Г Головкин жеңісі көрсетіледі)
Ерасыл:
- Головкиннің жеңісінен кейін 4 сынып оқушыларының спортқа қызығушылығы артты. Сөйтіп бірнеше оқушы спорт тарихына үңілген екен. Кейбіреуіне тоқталайық.
Спорт парақшаларын ақтара отырып жиналған деректер бойынша Қазақтың бес алыбы. (слайд )
Бұланбай палуан(1747 - 1845) – Арай
Қасымхан палуан ()- Жансая
Балуан шолақ (1864 - 1919)- Айсұлу
Қазақбай қажы палуан.() – Дильназ
Қажымұқан палуан 1841 - 1948
- Ерасыл: Қазақтың бесінші алыбы жайлы Елекенова Бақыт Махмутханқызының репортажында
Ерасыл: Тыңдағандарыңызға рахмет. Сіздермен болған мен тілші Жылқайдаров Ерасыл
- Мен: Рахмет Ерасыл
Жоғарғыдағы алыптардың барлығы күресіп елді, халықты өзіне қаратқан палуандар.
- Балалар спорттың қандай түрлері бар?
Ықтимал жауаптар:
- Осы спорт өнерін өзіне бағындырған жұлдыздардан кімдерді білесіңдер?
(спорт жұлдыздарын, яғни әлем чемпиондарын атау )
Ықтимал жауаптар:
Геннадий Головкин 8. 04. 82 Қарағанды – кәсіби бокс әлем чемпионы 74 кг
Қазақстаннан шыққан Қызылордалық Илья Ильин ауыр атлетші әлемнің төрт дүркін чемпионы салмағы 94кг - 234 кг бағындырған рекорд жасады.
Василий Жиров 81 кг - әлем чемпионы бокс
Юрий Мельниченко – әлем чемпионы греко - рим
Ермахан Ыбырайов - бокс
Бекзат Саттарханов – бокс қайтыс болған
Бақтияр Артаев - бокс
Бақыт Сәрсекбаев - бокс
Серік Сәпиев - бокс
Күрестің қандай түрлері бар.
Ықтимал жауаптар:
Қазақша күрес
Еркін күрес
Грек - рим күресі
Дзюдо
Суммо
Самбо
Ережесіз күрес т. б
Жиб - жица
- Балалар, «Палуан» деген сөзді айтқанда ойларыңызға не түседі, оның мағынасын қалай түсінер едіңдер?
Ықтимал жауаптар немесе сөздер:
1. заңғар күш иесі
2. Батылдық, алғырлық,
3. Қайратты, күшті
4. Отанын, жерін қорғаушы
5. Мықты, қайсар
6. Өжет, табанды
7. Ер, батыр
8. Алып күш
9. Күш атасы
10. Ерлік
Осы аталған атаулар бойынша әр топ өздері топтың атын анықтап, жазады.
І топ Батыл
ІІ топ Қайсар
ІІІ топ Батыр
ІҮ топ Күш атасы
ІІІ. Мағынаны тану: (тақтада Қажымұқан Мұңайтпасов пен Қалмақан Әбдіқадыровтың суреті)
Қалмақан Әбдіқадыровтың «Жиб - жица» әңгімесі:
1 - топ:
- Автор туралы мәліметті тірек сызба арқылы айту
Әбдіқадыров Қалмақан (15. 4. 1901, қазіргі Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кенті — 30. 4. 1964, сонда) — ақын, жазушы, аудармашы. Алғашқы “Сырдария” деген өлеңі “Еңбекші қазақ” газетінде жарияланған (1925). Тұңғыш өлеңдер жинағы “Жалшы” деген атпен 1928 ж. жарық көрді[
Әбдіқадыров аударма саласында да жемісті еңбек етті. Ол Шығыс әдебиетінің классиктері Әбілқасым Фирдоуси, Әлішер Науаи өлеңдерін (1948), қырғыз А. Тоқомбаев, орыс жазушысы В. М. Кожевников шығармаларын аударған. Ол тікелей парсы тілінен тәржімалаған “Мың бір түннің” 4 кітабы үш рет — 1949, 1955, 1962 ж. қайта басылды. Әбдіқадыров аудармасы әлемдік әдебиеттің алтын қазынасына жататын осы шығарманың ең үздік нұсқаларының бірі болып табылады. Жазушы жауынгерлік Қызыл Жұлдыз орденімен, марапатталған.
2 - топ:
- Тірек сызба арқылы Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірбаянымен танысу.
Қажымұқан Мұңайтпасұлы (1886 - 1948 жж.) — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы. Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды.
Тарихи деректерге сүйенсек, ол 1886 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Қараөткел ауылында дүниеге келген.
Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы — 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады.
Ол 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Ленин туы колхозында қайтыс болды. Темірлан деген ауылда, қабырының басына ескерткіш орнатылған.
3 - топ:
- Жиб - Жица күресі
Жапонның Жиб - жица күресіне ұқсас қазір «Ережесіз күрес» деген спорт түрі бар. Бұл күреске шыққандар аяққа - қолын бірдей жұмсап күреседі. Бір - бірінің денесіне зақым келтірсе де жазаланбайды.
4 - топ:
- Ақпараттық (интернеттен) Қажымұқанның ерекше белгілерін табу.
V. Мәтінмен жұмыс:
- Мәтінді оқу.
- Жоспар құру
1 - топ: Қажымұқанның Жапон палуаны Сар - Кек – Ки - мен кездесуі.
2 - топ: Палуандар арасындағы сайыс
3 - топ: Қажымұқанның жеңісі.
- «Аквариум» әдісімен әр топтан өз ұсыныстары бойынша оқушылар тақтаға шығады. Мысалы, мәтіннің 1 - бөлімі бойынша бір топтан, 2 - бөлімі бойынша келесі топтан шығады. Олар мазмұнын баяндайды. Осы әдіс бойынша мәтін мазмұнымен барлық сынып оқушылары танысады.
4 - топ: Қорытындылау
«Пирамидалық оқиға» стратегиясы қолданылады
1. Оқиға кейіпкерлерінің атауын беретін (адам, аң, өсімдік т. б ) 1 - сөз
2. Кейіпкердің сырт бейнесін, мінезін, түрін анықтайтын 2 - сөз
3. Оқиғаның болған орнын анықтайтын 3 - сөз
4. Оқиғаның өтуін түсіндіретін 4 - сөзден тұратын сөйлем
5. Оқиғаның шығу себебі 5 - сөзден тұратын сөйлем
6. Әрі қарай не болды? 6 - сөзден тұратын сөйлем
7. Оқиға қалай аяқталды? 7 - сөзден тұратын сөйлем
Видеоролик Қажымұқан
1 - топ. Әңгімені кешенді талдау.
Авторы:
Тақырыбы:
Жанр түрі:
Идеясы:
Әңгіменің тәрбиелік мәні:
2 - топ «Бес жолды өлең» әдісі
Нұсқаулық:
1. Тақырыпты суреттейтін сөз. Зат есім болуы тиіс.
2. Тақырыпты суреттейтін екі сын есім.
3. Іс - әрекетті көрсететін үш сөз.
4. Төрт сөзден тұратын мағыналы сөйлем.
5. Соңғы сөз синоним болуы керек.
3 - топ: Шығарма кестесі
Авторы:
Тақырыбы:
Кейіпкерлері:
Басталуы:
Аяқталуы:
Ұнады ма?
Несімен?
4 - топ: Венн диаграммасы мінездеме беру
Қажымұқан
Сар - Кек - Ки Екеуі де палуан
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Қорытынды
1 - топ
Бүгін кім жайлы білдік?
Қ – қайратты т. б
А - ақылды
Ж - жомарт
Ы - ырыс
М - мықты
Ұ - ұқыпты
Қ - қайсар
А - айлалы
Н - намысшыл
2 - топ
Графикалық талдау
Мен Қажымұқан атамызға ризамын себебі, Қазақстанды әлемге танытты т. б
3 - топ
Мақалдың жалғасын табу
Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
Батыр туса ел ырысы,
Жаңбыр жауса жер ырысы.
Сарымай сасымас,
Батыр саспас.
Болат қайнауда шынығады,
Батыр майданда шынығады.
Күшті кісі алып та жығады,
Шалып та жығады.
4 - топ
Тілек ағашы...
Қажымұқан сияқты тағы қандай палуандарды білесің?
- Қазір қандай палуан сайыстары өтіп жүр?
- Барыс палуандар сайысы өтеді.
Әңгімені оқу, түсінік айту.
Шерхан Мұртаза. Тұрар Рұсқұлов туралы іздену
- Рахмет. Сіздермен болған мен Бақыт Махмутханқызы және 4 «Б»сынып оқушылары
Әрбір арайлап атқан күндеріңізге сәттілік тілеймін!
Жиб-жица күресі
- bakit.2017
- 14 қаңтар 2016
- 6434
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жиб-жица күресі, Қажымұқан Мұңайтпасов туралы
Ұқсас жаңалықтар:
Жиб - Жица күресі
Сабақтың мақсаты: 1. Автор туралы түсінік беру. Қажымұқан Мұңайтпасов өмірі жайлы толық деректермен таныстыру. 2. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау...Қалмақан Әбдіқадыров "Қажымұқан" хикаяты
Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмір жолы, жетістіктері туралы әңгімелеу...Ибраимов Ермахан Сағиұлы
Ибраимов Ермахан Сағиұлы. 1972 жылдың 1 - қаңтарында Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданында (бұрынғы Луговой) дүниеге келген....Қажымұқан – өнер иесі
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы Жақаева Асемгүл Есқабылқызы...Менің сүйікті спортшым
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, №1 Затобол орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Б. Ә. Омарова...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.