Ақмола облысы, Бурабай ауданы,
Ұрымқай орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Ахметова Зүлфия Аманжолқызы
Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Қала мен ауыл Ауыл
Сабақтың мақсаты:
Қала мен ауыл туралы, осы елді-мекендердің бір - біріне ұқсастығы мен айырмашылығы, қала мен ауылдағы адамдардың қандай қызметпен шұғылданатыны туралы түсінік беру. Сөйлеу тілін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорын дамыту.
Еңбексүйгіштікке, тиянақты болуға тәрбиелеу Ауыл, ондағы шаруашылықтар жайында түсінік беру. Ауылдың ерекшелігін, ондағы еңбек түрлерінің қаладан өзгеше екенін ұғындыру.
Сөйлеу тілін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорын дамыту.
Еңбексүйгіштікке, тиянақты болуға тәрбиелеу
Қолданылатын әдіс - тәсілдер:
«Топтастыру», «ВЕНН сызбасы», «Бес жолды өлең» стратегиялары. ой қозғау, түсіндіру, шығармашылық жұмыс, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: суреттер, парақшалар, мақал - мәтелдер.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі, бейнелеу.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру өткен сабақтың мазмұнын сұрау. Өздерінің жазғанын оқыту.
ІІІ. Жаңа сабақ
Қызығушылығын арттыру.
1. Балалар, қала мен ауылдың ортақ белгілерін тауып көрелік. Алдын - ала жазылып қойған парақшалардағы сөздерді үстел үстіне тастаймын. Оқушылар өздері таңдап тақтаға іле отырып мынадай сызба құрастырады.
1.«Ауыл іші – өнер кеніші» деп не үшін айтқан? Сұраққа жауап алу.
2. Ауыл байлығы жайында түсінік. Ауылдағы негізгі байлық — Жер - ана. Құнарлы топыраққа не тастасаң да өнім береді. «Жер де сенің бір анаң» деп бекер айтпаған.
Мағынаны тану
Қала мен ауыл адамдары қалай еңбектенеді. Қай еңбек түрін ауылдық, ал қайсысын қалалық деп атайды? Қандай өнімдер өндіріледі? Қала мен ауылдағы құрылымдардың айырмашылығы неде?
Сергіту сәті.
Ұзын құлақ, сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы - қырлы жерлермен,
Ытқып - ытқып жүгірді.
Оқулық бойынша жұмыс.
1. Мәтіннің 1 - бөлімін оқу.
- Сендер қала өмірі туралы не білдіңдер? (Оқулықты пайдалануға болады)
2. Мәтіннің 2 - бөлімін оқу. Ауыл өмірі туралы не білдіңдер?
3. Ойын «Не ортақ?»
Қалада да, ауылда да кездесетін заттарды табу. (Суреттер жиынтығы). Оқулықпен жұмыс.
К. Нығметованың әңгімесін оқыту. Мәтін желісі бойынша болашақта өз ауылдарына көркею үшін қандай үлес қосар едіңдер?
Өзің болашақта қандай шаруашылық түрін ұйымдастырар едің?
Ол үшін не керек? Өз ойларын әңгімелету.
Сабақты қорыту. Қаланың келбеті қандай? Ауыл ше? Олардың бір - бірінен қандай айырмашылығы бар?
Венн сызбасы арқылы ауыл мен қаланы салыстыру.
Екі топқа берілетін тапсырма:
1топ «ауыл» сөзіне, 2 топ «қала» сөзіне бес жолды өлең құрастыру. Мысалы:
Бағалау.
Үйге: «Қала мен ауыл» мәтінін оқу. «Мен тұратын қала (ауыл)» тақырыбына әңгіме жаз.
Сабақты қорыту.
«Менің ауылым» тақырыбына эссе жазу. Әр оқушыға жазған эсселерін оқыту.
Бағалау.
Үйге тапсырма: «Ауыл» тақырыбын мәнерлеп, түсініп оқу. Ауыл көрінісіне сурет салу.
Дүниетану 3 сынып
- желтоқсан
- 10 желтоқсан 2015
- 11276
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қала мен ауыл туралы, дүние тану пәні
Ұқсас жаңалықтар:
Ауылдағы еңбек
Мақсаты: Тақырып бойынша қарапайым сұрақтарға жауап беруге баулу. Грамматикалық тақырыпты әртүрлі тапсырмалар арқылы қайталау. Байланыстырып сөйлеу...Ауыл шаруашылығының жаңаша көрінісі
Ақтөбе қаласы №32 мектеп - гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Элеонора Дузжасаровна...Қаладағы және ауылдағы көлік түрлері
Ақтөбе қаласы №40 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Күзенбаева Гүлжанар Дүйсенбайқызы...Ауылдағы тәрбие көзі.
Сабақтың тақырыбы: Ауылдағы тәрбие көзі...Менің апам - дәрігер
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебінің Бастауыш класының мұғалімі Макуова Нұршат Аманқосқызы Пәні: Дүниетану Тақырыбы: «Менің апам - дәрігер»...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.