Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақтың хас батыры - Қарасай

Ақмола облысы, Бурабай ауданы,
Ұрымқай орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Ахметова Зүлфия Аманжолқызы

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың хас батыры -- Қарасай.
Жалпы мақсаты:
Қазақтың хас батыры – Қарасай, оның ерлігі жайында түсінік беру.
Ой - өрісін, сөйлеу мәнерін, сөздік қорын, ойын жинақтап айту қабілеттерін дамыту.
Батыр, ержүрек болуға, елін әрқашан қорғауға, салт - дәстүрді сақтауға тәрбиелеу.
Міндеттер:
Өздігінен жұмыс істей отырып, өткенді қайталау, білімін тиянақтау Ой - өрісін, сөйлеу тілін, сөздік қорын, мазмұнын толық, жинақтап айту қабілеттерін дамыту
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері
1. Мұғалім оқуға бағыттап отыру;
2. Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау;
Сабақта туындаған негізгі идеялар 1. Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне сүйену;
2. Тарихпен ұштастыра білу.
Тапсырмалар  Шығармашылық жұмыс
Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер мен оқушылар іс - әрекеті.
Ұйымдастыру кезеңі: Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру.

СТО сұрақтары Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс - әрекеті
Сабақтың маңыздылығы не?
- оқушылар не алады?
- бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
- өмірден алған тәжірибесінің әсері?
- сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар? Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Өткен тақырып мазмұнын сұрау. Қазақ батырларының аттарын, хандарын атап шығу.

Қызығушылықтарын оятуға дайындық кезеңі

- оқушыларды ой қозғау арқылы тақтаға суреттер іліп ненің суреттері, не туралы екнің шешкізу, тақырыпқа әкелу
- тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу
Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер
- еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?
- өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады? - Қандай қарулар пайдаланды?
- Не себепті қолбасшылар жекпе - жекке батырлар әзірледі?
- Тарихи кинолар көрдің бе?
Жоңғарлар өздері келіп соғыс ашты ма?
- Қазақ неге басқа мемлекеттің бодандығына келісім берген?
Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат)
- оқушыларды белсене қатыстыру
- стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жасай білу, баяндау және қызу ой талқысын жасай білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру)
- оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау, қарым - қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу
ІІ. Мағынаны тану
Қарасай деген сөзді естігендерің бар ма? Қарасай деп аудан атын неге қойған?
Қарасай — Есім ханның тұсында жоңғарлармен ұрыста көзге түскен батырлардың бірі.
Ол кезде батыр 17 жаста екен. Алғашқы ұрыста – ақ ойраттың екі тайшысы Қарақал мен Тойлыны қолға түсіреді. Хан алдына әкеліп, бастарын жерге игізеді. Қазақ жеріне көз тіккен, қазақ ханына қарсы шыққан жаудың бәрі осылай маңдайларын жерге ұратын болады. Есім хан өзі батасын берген екен. Қарасайдың атақ - даңқы елге тарап кетеді.
Дөкір атты жоңғардың батыры айламен Қарасайды қолға түсірмек болады. Жақсығұл мерген көмектесіп, аман қалады. Дөкірді қолымен – ақ буындыра салды. Қалмақ батыры Олыхты да жеңген.
Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқу. Картадан Тобыл өзенін табу.

Толғаныс (рефлексия)
- сабақта үйренгендерін бекіту, қолдану жолдарын беру
- жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу
жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру ІІІ. Ой қорытынды.
Дәптермен жұмыс. Күн ретін, ауа райын жазу. Қарасайға 3 - 4 сөйлемнен тұратын мінездеме жазу.

Қорытындылау.
- Батыр қай ханның тұсында соғысқа қатысқан?
- Батырдың жойқын күші неден көрінеді?
- Ол қалмақтың қандай батырларын жеңген еді?
- Қарасай қанша жасында көзге түсе бастады?
- Бүгінгі күні Қарасай батырға көрсетілген атақ құрмет туралы білесің бе?

Бағалау түрлері
- оқушының өзін - өзі бағалауы;
мұғалімнің бағалауы;
- жалпы бағалау;
Формативті бағалау арқылы балаларды мақтау, мадақтау.
Әртүрлі смайликтермен мадақтау.
Мұғалімнің жалпы бағасын қою.
Сабақты аяқтау түрлері
- бір пікірге келу...
- өз пікірін дәлелдеу...
- үйде жалғастыру...
Үй тапсырмасы:
162 - 164 - беттерді оқу, мазмұны. Қарасай батыр туралы мақалалар жинақтау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×