Г. Набиева
Сабақтың тақырыбы 8 санының құрамы
Мақсаты 8 санының құрамын ұғыну
Күтілетін нәтиже 1. Оқушыларда 8 саны, оның шығуы, құрамы туралы түсінік қалыптасады.
2. Оқушылардың танымдылық қабілеті, ойлау деңгейі артады.
3. Тапқырлыққа, шапшаңдыққа үйренеді.
Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық
Бір, екі, үш
Сынып іші тып - тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз. Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Жұмбақ
Бір шеңберді бір шеңбер
Көтеріп тұр білсеңдер. (8)
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Жаңа сабақты бастамас бұрын бір ерекше құс туралы ертегі тыңдайық.
Ерте, ерте, ерде бір алып бәйтеректің басына киелі құс самұрық ұя салыпты. Ол жылына бір рет қана жұмыртқалайды екен. Оның әр жылғы жұмыртқасын жауыз айдаһар жұтып қоя беріпті. Міне сол айдаһар самұрық құстың жұмыртқасын жұтуға келе жатыр. Балалар, жұмыртқаны айдаһарға жегіземіз бе, әлде құтқаруға көмектесеміз бе?
Олай болса, айдаһарға қарсы тұру үшін бізге ержүрек батыр керек. Ол Ертөстік. Ертөстіктің ерекшелігі күн өткен сайын емес, сағат сайын өсетіндігі. Балалар, Ертөстік тезірек өсіп ер жету үшін біз 1 - тапсырманы орындауымыз керек.
( 1 - тапсырма орындалады.)
Міне, біздің көмегімізбен Ертөстік үлкен жігіт болып ер жетті. Оған енді жүйрік тұлпар керек. Тұлпарын ұстау үшін, балалар, оқулықтағы тапсырмаларды орындауымыз керек.
Жұмбақ
Жоқ өзінде бас та, қас та,
Мойын да,
Ұзындығы жазылып тұр бойында.
(сызғыш)
2 - есеп орындалады. Карточкалармен жұмыс жүргізіледі.
Енді Ертөстікке жылдам хабар жеткізу үшін бізге самал желмен жарысатын Желаяқтың көмегі керек. Желаяқтың келуі үшін дәптерлерімізді ашып, дәптермен жұмыс жүргіземіз.
(Дәптермен жұмыс жүргізіледі.)
Азулы айдаһарды жеңу үшін Ертөстікке Таусоғардың көмегі керек, балалар. Таусоғарды шақыру үшін мынадай сұрақтарға жауап беруіміз керек.
Шырша түбінде гүл, ал аққайың түбінде саңырауқұлақ өспейді. Шырша түбінде не өседі? Аққайың түбінде ше?
Ұзын белбеуді тең үш бөлікке бөлу үшін қанша рет қию керек?
8 адам кезекте тұр. Кезектің басынан санағанда Азамат үшінші тұр, ал соңынан бастап санаса Азамат нешінші тұр?
Тақта алдында үш бала тұр: Ерлан, Бекзат, Асылбек. Ортада тұрған Бекзатты орнынан қозғамай соңына қалай апаруға болады?
Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда оған үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды?
Аузынан от шашқан айдаһарды жеңу үшін Ертөстікке енді бір ұртына бір көлдің суы сиятын Көлтауысардың көмегі керек. Көлтауысарды шақыру үшін біз оқулықтағы жасыл қоршаумен қоршалған шығармашылық тапсырманы орындауымыз керек.
( Шығармашылық тапсырма орындалады.)
Міне, балалар, сендер тапсырмаларды дұрыс орындағандарың үшін ұшқыр тұлпар, Көлтауысар, таусоғар, Желаяқ Ертөстікке көмектесті. Сөйтіп Ертөстік айдаһардан самұрық құстың жұмыртқасын қорғап қалды. Самұрық құс жауынан құтылып, көкке еркін қанат қақты. Көмектеріңіз үшін сендерге самұрық құстың алғысы шексіз.
Сергіту сәті Интер белсенді тақта арқылы бейне баян көрсетіледі.
Ой толғаныс Шығармашылық тапсырма:
Біз бүгінгі сабақта не істеп үйрендік? Нені санадық?
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Кері байланыс
8 санының құрамы
- guljanat nabieva
- 8 желтоқсан 2015
- 2071
- 0
- 0
Ілмек сөздер: 8 санының құрамы, жұмбақ матемаикалық, 8 саны және цифры
Ұқсас жаңалықтар:
Қайталау. Теңдей (тең бөліктерге) бөлуге берілген есеп
1) Мазмұнына байланысты: Теңдеу шешу тәсілін меңгереді. Теңдеу шешу - теңдеуді дұрыс сандық теңдеуге айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу...Сыр сандық білімдарларға
Қызғылықты математикалық тапсырмаларды дұрыс және жылдам шығаруға баулу. Балалардың білімін ойын арқылы анықтау жолдары, қарапайым математиканы...10 санының құрамы
10 санының құрамы жайлы білімдерін одан әрі кеңейту. Сандарды салыстыруға, 10 санының құрамын жіктеп айта білуге үйрету. 1 - 10 көлеміндегі сандарды...8 санының құрамы
Мақсаты: 1. Оқушыларды 8 саны, оның шығуы, құрамы туралы түсінікті қалыптастыру. 2. Оқушылардың танымдылық қабілетін, ойлау деңгейін арттыру....Ертөстік бізде қонақта
Атырау қаласы, Томарлы селосы, «Шағала» балабақшасының мектепалды даярлық топ тәрбиешісі Куанышева Г.Х. Тақырыбы: Ертөстік бізде қонақта....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.