Тіл дамуы кемшіліктерін түзеу бойынша топтық сабақтың ақпараттық картасы
Сабақтың тақырыбы: Ойыншықтар. А - О дыбыстары
Топтың сөйлеу тіл қорытындысы: СТЖД орташа деңгейі
Мақсаты: ойыншықтар туралы түсініктерін жетілдіру және кеңейту
Білімділік: ойыншықтар туралы білімдерін кеңейту, олардың қызметін түсіндіру. А - О ажырата білуге үйрету. Жекеше, тәуелдік жалғауларын қолдана білуге үйрету.
Түзетушілік – дамытушылық: жай сөйлем құрау дағдыларын және дыбыстарды естіп, ажыратуын дамыту. Фонематикалық естуін, танымдық процестерін дамыту:
Тәрбиелік: сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: ойыншықтардың заттық суреттері
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Ұйымдастыру кезеңі
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінде қандай белгілері бар?
Сұрақтарға жауап береді.
2. Жұмбақ шешу
- 1. Аяғы бар жүрмейді
Аузы бар күлмейді
Айнымайды бөпемнен
Тек сөйлеуді білмейді.
- қуыршақ
- 2. Суға салсаң батпайды,
Түскен жерде жатпайды
- доп
ІІ Негізгі кезең
1. Жаңа тақырыпты хабарлау
- Қуыршақ, доп олар нелер?
- Ойыншықтар
- Тағы қандай ойыншықтарды білесіңдер?
- Аю, пирамида, машина, т. с. с
- Ал сендер ойыншықтар қалай жасалатындығын білесіңдер ме?
Ойыншықтарды әртүрлі материалдардан (ағаш, пластмасса, металл) арнайы цехтарда жасап шығарады, сосын оны суретшілер немесе машина түстерге бояйды.
- Қандай ойыншықтарды білеміз?
- Барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?
Сұрақтарға өздігімен жауап береді.
2. Лексика – грамматикалық құрылымдарын, байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру
- «Жекеше және көпше» ойыны
Ойыншық атауларын көпше түрге айналдыру ұсынылады.
Оқушылар сөздерді көпше түрде айтады:
- Доптар
- Қуыршақтар
- Машиналар
- Аюлар
- Пирамидалар
- Неден жасалған? сұрағына жауап беру
- Пирамида ағаштан жасалған;
- Доп резинадан жасалған, т. с. с
- «Қандай?» ойыны
Ойыншықтарды сипаттайды
Оқушылар тәуелдейді:
- Менің қуыршағым әдемі
- Сенің аюын жұмсақ
- Оның добы үлкен т. б
3. Сергіту сәті
Саусақ жаттығуын орындайды
- Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым
Бiр орнымда қозғалып,
Кезек басып тұрамын.
Жоғары, төмен қарайық.
Орнымызды табайық.
4. Дыбыспен жұмыс
- Аю сөзінде бірінші қай дыбыс естіледі?
- А дыбысы
- От сөзінде бірінші қай дыбыс естіледі?
- О дыбысы
- А дыбысы қандай дыбыс?
- Дауысты дыбыс
- Оны қалай айтамыз?
- Созылып, әндетіп айтамыз
- О дыбысы қандай дыбыс?
- Дауысты дыбыс
- Оны қалай айтамыз?
- Созылып, әндетіп айтамыз
- Қандай текшемен белгілейміз?
- Қызыл текшемен белгілейміз
- Екі дыбыс та дауысты дыбыс екен, екеуі де жуан айтылады. Сондықтан жуан дауысты дыбыстар.
5. Фонематикалық қабылдауын дамыту
«Мұқият тыңда» ойыны
- Буындар қатарынан А дыбысын естіген кезде А әрпін көтер, ал О дыбысын естіген кезде О әрпін көтер.
Оқушылар а дыбысын естіген кезде а әрпін, о дыбысын естіген кезде о әрпін көтереді.
6. Дыбыстық талдау
- Суреттерді атап, А немесе О дыбысының орнын анықтау
- Оқушылар сөздегі А немесе О дыбысын қай жерде естілетіндігін анықтайды.
7. Дәптермен жұмыс
- О әрпін дәптерге жазу
Дәптерге әріпті өздері жазады
ІІІ Қорытынды
1. Сабақтың қорытындысы
- Біз бүгін не жайлы айттық?
- Ойыншықтарға нелер жатады?
- Қай дыбыстар туралы айттық?
- Олар қандай дыбыстар, қандай текшемен белгілейміз?
Сұрақтарға жауап береді
2. Оқушылардың бағалау
Оқушыларды мадақтау
Ойыншықтар. А - О дыбыстары
- akbusi
- 6 желтоқсан 2015
- 5272
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мұғалім логопедтерге сабақ жоспары, арнайы түзету мектеп интернаты логопедтеріне
Ұқсас жаңалықтар:
Ү дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Ү дыбысы мен әрпін таныту. Ол арқылы берілген сөздерді оқуға үйрету және оның жіңішке дауысты дыбыс екенін айту. Ү...Ұ дыбысы мен әрпі
1. Ұ дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген оқу мен жазуды үйрету, Ұ дыбысы келетін жаңа сөздерді үйрету арқылы оқушылардың білімін, тілін...Ұ дыбысы мен әрпі
Степногорск қаласы, №1 Ақсу орта мектебінің бастауыш сынып мұғалім Шапейқызы Жайнағалам..."Ү" дыбысы мен әрпі
Білімділік: Ү дыбысы мен әрпін таныту. Ол арқылы берілген сөздерді оқуға үйрету және оның жіңішке дауысты дыбыс екенін айту. Ү әрпінің баспа және...И дыбысы мен әрпі
Пәні: Әліппе Сыныбы: 1 Сынып жетекшісі: Базарбаева Мөлдір Талғатқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.