Сайтқа кіру Тіркелу

Ф дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Ф дыбысы мен әрпін таныту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Балаларға әріпті таныту; сөздерді тұтастай оқып, мәтіннің мазмұнын талдауға үйрету
Дамытушылық: Сөздік қорларын молайту, алған білімдерін қалыптастыру
Тәрбиелік: Елін мақтан етуге, сүюге тәрбиелеу
Көрнекті құралдар: суреттер, слайд, дауыссыз, дауысты дыбыстар үйшігі, аудио музыка.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: көрнекілік. сұрақ - жауап, әңгімелеу. Сабақ барысы:

Ұйымдастыру: Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық:
- Бүгінгі күн қандай тамаша!
- Армысың, жаңа күн!
- Армысыңдар, достарым!
- Армысыздар, ұстаздар!

Үй тапсырмасын тексеру:
Балалар, мен сендерге ұйқас өлең оқимын. Сендер сол өлең сөздерінен тек қана в дыбысынан басталатын сөздерді айтасыңдар.
Үй алдында Ваня ағай
Велосипед майлады.
Вова шығып далаға
Вагон сүйреп ойнады.
Кітапта Вокзал мәтінін оқу, сұрақтарға жауап беру.
Кіріспе жұмыс: Мозайка арқылы жаңа әріпке байланысты суреттерді құрастыру. (фотоаппарат, факс, фотограф, ферма, фирма, фабрика, телефон)

Жұмбақ шешу
Бір құлағы сөйлесе,
Бір құлағы тыңдайды.
Білсең айтшы ендеше,
Жұрт не дейді мұндайды?
/телефон/

Кітаппен жұмыс.
Телефон түрлерімен таныстыру.
Су астында да суретке түсіруге арналған фотоаппаратын көрсету.
Телефон сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Кітаптағы жаңа сөздерді оқу. Өлеңдерді оқу.
Қызығушылықты ояту. Ой қозғау.
Фабрика сөзі. Кондитер фабрикасы. Шоколад бізге қалай келеді. Слайд көрсету.

Дәптермен жұмыс.
1. ауада жазу
2. дәптерге жазу.
Сергіту сәті:
Жаңа сабақ: Қос мықынын тіреніп
Тұрады ылғи шіреніп.
Ф дауыссыз дыбыс Сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі.
Ф Ф Ф
Сиқырлы кітаптан жаңа сөздерді қайталаймыз.

Сергіту сәті
Шаңғыменен сырғанап
Боран болып уілдейміз.
Қар болып жапалақтап
Еппен жерге қонамыз.
Дәптермен жұмыс:
Түсіп қалған әріптерді орнына қойып жазамыз.
фут.. ол, фер.. а, теле.. он, фи.... ма.

Сабақты бекіту:
Буындардан сөздер құрастырып тиісті суреттерге қою.

Қорытынды
Қандай әріппен таныстық?
Жаңа сөздерді сұрау.
Кондитер фабрикасынан сыйлықтар: шоколадтар таратып беру.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма. Күнделіктеріне жазылады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×