Атырау қаласы,
№11 Ы Алтынсарин атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Жұмағалиева Күлән Ғабдыжанқызы
Әліппе 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ё ё дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Ё, ё әрпі мен дыбысымен танысу, ё дыбыстық талдау. Ё, ё әрпі арқылы берілген сөздерді оқу, жазуға үйрену, Е е дыбысынан келетін сөзге дыбыстық талдау жасауға және Е е әрпінің баспа түрін дәптерге жазуға үйрету.
Сабақтың дамытушылығы: Ойлау, есте сақтау, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, өз ойын ашық айта білу қабілетін ашу.
Сабақтың тәрбиелігі: Сауатты оқуға, жазуға, дұрыс жауап беруге, ұқыптылыққа, көркем жазуға, ізденімпаздыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: Ё, ё әрпі, кеспе әріптер, суреттер, оқулық.
Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру Балалардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Психологиялық дайындық: Біз бақытты баламыз.
Ойнап, күліп аламыз.
Сауат ашу пәнінде
Оқып, жазу жазамыз.
Сынып іші тап – таза,
Бор да дайын, тақта да.
Ойымызды жинақтап,
Отырайық партаға.
а). Үй тапсырмасын тексеру.
- Өткен сабақта қандай әріптермен таныстық? В в, Ф ф
- В в, Ф ф дыбыстары қандай дыбыс? Дауыссыз
- Бағандағы сөздерді, оқушыларға бір – бірден оқыту.
Ва гон ав то бус ве ло си пед во лей бол
Вок зал трам вай ак ва ри ум ви та мин
Фер ма фо то те ле фон фут бол
Фир ма факс те ле граф әл – Фа ра би
Оқулықтан «Вокзал» мәтінін оқыту, мазмұнын айтқызу. Футбол. әл – Фараби» тақпақтарын жатқа айтқызу
ә). Үй тапсырманы пысықтау. В в, Ф ф дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі
Вагон ферма
Вокзал фирма
Автобус телефон
Велосипед телеграф
Аквариум фото
ІІІ. Жаңа сабақ. «Ойлан, тап» ойыны: а). Жұмбақ шешу.
Қысы – жазы бүр түсте. Ол не?
- Шырша
- Шырша сөзін орысша қалай айтамыз?
- Ёлка
- Ёлка деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіледі?
- Ё дыбысы. (Хормен айту)
- Ё дыбысы және әрпі туралы мағлұмат беру.
- Ё дыбысы дауысты дыбыс. Ол екі дыбыстан жасалған (й+о), орыс тілінен енген сөздерде кездеседі.
Мысалы: Монтер, шахтер, актер, т. б.
- Ёлка сөзіне дыбыстық талдау жасату.
Ёлка сөзі 2 буыннан тұрады. Ёл – ка 5 дыбыс, е екі (й+о) дыбыстан тұрады, бұл сөзде
4 әріп бар.
IV. Кітаппен жұмыс: Кімдердің Суретін көріп отырмыз. (І – сурет бойынша)
а). Монтер – үйімізге электр қуатының дұрыс келуін қадағалайтын адам.
ә). Шахтер – мамандық түрі
б). Бағандағы сөздерді оқиық Мон - тер, шах – тер.
в). Өлең тақырыбымен танысу С. Мәуленов – авторы туралы түсінік.
3. «Кім зейінді» ойыны.
- Балалар мен сендерге С. Мәуленов өлеңін оқып беремін. Сендер зейін қойып тыңдаңдар.
- Шахтер өлеңін оқып беру. С. Мәуленов.
Шахтерлерді ел біледі.
Оған сарай – жер асты.
Көмір қазып жүреді,
Қопарып ол тау - тасты.
Бала оқитын зәулім үй
Қалмау үшін суынып,
Көмірден тау үйеді,
Беру үшін жылылық.
- Өлең кім туралы?
- Өлеңде бүгінгі өткен дыбысымыз бар ма?
Ё әрпімен (баспа, жазба түрімен) танысу, дыбыстық талдау.
Ё – дауысты дыбыс
Жуан дауысты
Тіл алды
Қысаң
Еріндік дауысты дыбыс
Сергіту сәті.
Биік болып өсеміз,
Ёлкалардай жайқалып,
Табиғатты сүйеміз.
Шетімізден шеберміз,
Денемізді бос ұстап,
Билеп - билеп аламыз.
V. Дәптермен жұмыс. а). Сөздік жұмысы.
Шахтёр, монтёр сөздерінің мағынасын түсіндіру. Осы сөздерге талдау жасату.
ә). Дәптердегі берілген буындарды, сөздерді оқыту.
ә). Жазу жұмысы. Ё ё әрпін бастырып жазу.
б). «Сөйлем құра» тапсырмасын орындату.
Мысалы: Машинаны шофер жүргізеді. т. б.
в). «Кім біледі?» ойыны. Актер, монтер, элеватор сөздеріне талдау жасап, шартты белгімен жазу.
г). «Мен бастаймын, сен аяқта» ойыны. Шарты: «Мен шахтер деймін, Балалар «Шахтер көмір қазады, «Элеватор», «Элеватор астық сақтайтын ғимарат деп жауап береді.»
10. Қорытындылау.
- Біз бүгінгі қандай әріппен таныстық?
- Е е дыбысы қандай дыбыс?
- Сабаққа қатысып белсенділік көрсетіп отырған балаларды мадақтау
Ё дыбысы және әрпі
- Күлән Жұмағалиева
- 25 қараша 2015
- 10676
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ё дыбысы және әрпі, ё әрпі арқылы берілген сөздерді оқу
Ұқсас жаңалықтар:
Ю дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі. 1. Білімділігі. Ю дыбысын дұрыс атату, әріп таңбасымен таныстыру, Ю әрпі шет тілдерінен кіріктірілген дауысты...Ё дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Балаларды Ё ё дыбысы және әрпімен таныстыру. Сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. 2. Балалардың ойлау, есте сақтау...ё әрпі және дыбысы
«№ 2 Аманқарағай орта мектебі» ММ Туребекова Л. М....Ё ё дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Ё дыбысы мен әрпін меңгерту. Ё ё дыбысы бар сөздерді дұрыс айта білуге, сауатты жаза білуге үйрету...Ё дыбысы, әрпі
Ақтөбе қаласы,"Сымбат" жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Насумова Замзагуль Сагинбаевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.