Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Сенің отбасың
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға отбасы туралы ұғым беру. Отбасының мүшелерінің әрқайсысының өзінің орнын түсіндіру, отбасы қамқорлығымен қатар сол ортада өзінің де еңбек етуі, адамдармен қарым қатынасқа түсуі, әдепті сөздер мен өнегелі істер істеуі керектігін түсіндіру және үйрету
2. Оқушыларда адамгершілік қасиеттердің дамуына жағдай жасау, адамдардың арасындағы өзара қарым қатынастың маңызын түсінуіне мүмкіндік туғызу
3. Өзара сыйластыққа, біріне бірі қамқорлық жасай білуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу
Көрнекті құралдар: ЭО, карта
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: көрнекілік, талдау
Сабақ барысы:
Психологиялық тренинг: «Өз жұлдызыңды тап»
Жайланып отырамыз. Үш рет демалып, үш рет дем шығарамыз. (Музыка ойнап тұрады.)
Ал енді көз алдыңызға жұлдызды аспанды елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кішкентай, жарық және сығырайған. Біреулерге бұл бірнеше жұлдыздар, ал басқаларға сан жетпейтін, біресе жақындап, біресе алыстайтын жарық нүктелер.
Сол жұлдыздарға қарап өзіңе ең көріктісін таңдап ал. Мүмкін ол сіздің арманыңызға ұқсайды, әлде бақытты, қуанышты, шабытты балалық шағыңызды есіңізге түсірді ме? Тағы да жұлдызыңызға қарап оны ұстап көруге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз. Сіз міндетті түрде аласыз. Жұлдызыңызды ақырын ұстап алдыңызға қойыңыз. Жақсылап қарап, оның қандай екенін есте сақтап қалыңыз. Ақырындап көздеріңізді ашыңыздар.
Енді біздің жұлдыздарымыз өзінің шуағын шашып, достығымызды нығайтып отырады. Олар сіздерге білім жолында өмір бойы көмектеседі.
І Индуктор:
Балалар, қазір біз сендермен Әліппені еске түсірейік. Ол үшін маған сендердің көмектерің керек. Мені мұқият тыңдап сұраққа жауап бере қойыңдаршы
Әліпбидің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында.
Байқадың ба Б тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде түсінші?
А деген ол аналар ғой ардақты,
Ә деген ол әкелер ғой салмақты.
Б деген ол балалар ғой әдемі,
Алшақ кетпей сондықтан да расында,
Тұрады олар әліпбидің басында
ІІ Жеке құрастыру
Енді тағы қандай туыстық белгісін білдіретін сөздерді білесіңдер?
Балалар айтып тұрған сөздерді іліп отырамын
Отбасы → ана, әке, әже, ата, аға, апа, қарындас, іні, сіңлі.
Осы сөздердің бәрін бір сөзбен қалай айтамыз? Отбасы
Ендеше, бүгінгі сабағымыздың негізгі тақырыбы отбасы жайлы болады.
ІІІ Әлеуметтік құрастыру
І, ІІ, ІІІ, ІҮ топқа сөздер жазылған карточкалар таратылады.
Ата, әже Ана, Әке Апа, аға Іні, қарындас, сіңлі
Берілген отбасы мүшелерінің отбасындағы қызметтерін атаңдар.
Балалар өз ойларын ортаға салады
Әр баланың айтқан ойларынан соң тұжырым жасап отырамын.
Картамен жұмыс:
Қазақстан картасы ілінеді.
Бұл қанадай мемлекет?
Мемлекетті кім басқарады?
Елбасының қызметі қандай?
Ендеше балалар біздің отбасымызды басқаратын отағасы кім? - Әке
Салыстыру: Мына сөздерді пайдаланып, мақал шығарайық
Ошақ, аттан, от, бала, сынып, нан, баспалдақ, талап, қала, алды
Отан - отбасынан басталады.
Балалар, отбасы шағын мемлекет. Біздің сыныпта неше бала бар? Әр баланың өзінің отбасы бар. Біз бірімізге біріміз кім боламыз?- Отандастар
ІҮ Үзіліс
Пед ситуация:
Әжесі үйге келгенде Сәуле: «Әже, сен маған не әкелдің?» деп сұрайды. Ал Асқар әжесінің алдынан шығып, сырт киімін шешуге көмектеседі де: «Әже, денсаулығың қалай?» деп сұрайды.
Кімнің сұрағы дұрыс?
Балалар өз ойларын айтады.
Ү Рефлексия:
ЭО оқулықпен жұмыс жүргізіледі.
Хат оқу: Бірінші сынып оқушысы Маржаннан хат келіпті. Онда ол өз отбасы жайлы айтады.
Енді сендер де өз отбасыларың туралы айтып берулеріңді сұраймын. Үш бала айтады.
Онда біз бүгін қандай тақырыппен таныстық?
Отбасы қандай қарым қатынаста болу керек?
Балалар көздеріңді жұмып, манағы жұлдызымызды қайтадан орнына қояйық. Бір, екі, үш. Көзімізді ашып, мені мұқият тыңдаймыз.
Бүгінгі сабақта көрсеткен көмектерің үшін рахмет айтып, мынадай баға қойғым келеді. Балалар бағаланады
Сенің отбасың
- t.gaini
- 24 қараша 2015
- 4943
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Отбасының мүшелері, менің отбасым, сыйластық, адамгершілік туралы
Ұқсас жаңалықтар:
Ата-анамен жұмыс "Отбасы бақыты" тренинг
Тренингтің мақсаты: Отбасындағы ата - ана мен баланың өзіндік орны, отбасындағы өзара қарым - қатынас стильінің дамуына отбасының ықпалы, отбасы...Менің отбасым
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қайыңды ауылы, «Шапағат» балабақшасының тәрбиешісі Шарафиева Динара Равхатовна...Отбасы. Сенің отбасың
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Орынбасарова Нұргүл...Қоғам. Отбасы. Отбасы мүшелері
Қызылорда облысы, №8 облыстық арнаулы санаториялық мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі: Өмірзақова Роза Жақсылыққызы...Ынтымағы жарасқан отбасы
Пән: Көркем әдебиет Сынып: МАД тобы Мерзімі: 16 – қараша Мұғалім: Жиенбаева Л.Ш....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.