Әдебиеттік оқу.
Тақырыбы: Сағи Жиенбаев. «Ұшып келем»
Мақсаты: Оқушыны Сағи Жиенбаевтың «Ұшып келем» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, кәсіби бағдар беру, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын, қиялдай, құрметтей, әсерлей білу қабілетін дамыту. Туған жерді қадірлеуге тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, слайд, бейнефильм, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!- деп ақын Қадыр Мырзалиев жырлағандай әдебиеттік оқу сабағын бастаймыз.
Топтарға бөлу.
- Жерге ең жақын жұлдыз не?(Күн)
- Жер серігі не? (Ай)
- Жерді қоршаған бүкіл дүние қалай аталады? (Ғарыш)
ІІ. Өткенді қайталау. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Қайталау – білім анасы. «Күн жүйесі» ойыны.
Әр топтан 1оқушы шығып, таңдаған түстегі жұлдызшаларды алып, жауап береді.
- Лирика дегеніміз не?
- Портрет дегеніміз не?
- Поэзия дегеніміз не?
- Сатира дегеніміз не?
- «Алматы – бас қалам
Жас қала – Астанам» өлеңінің авторы?
- Кейіптеу дегеніміз не?
Өлеңді жатқа айту.
- Үй жұмысына не берілді?
- Жарасқан Әбдірашевтің «Алматы - бас қалам,
Жас қала - Астанам» өлеңін жатқа айту.
(әр топтан 1 оқушыдан шығып айтады)
2. «Кластер» құру.
Балалар, Алматы мен Астана еліміздің бас қалалары. Ал біз қай өңірде тұрамыз. Осы өзіміз тұратын өлкенің орталығы қай қала, өз қаламыз қалай аталады. Осы 3 қаланың атына кластер құрастырайық.
«Күн»тобы: Алматы «Ай»тобы: Астана «Ғарыш» тобы: Жаңаөзен
- Балалар, еліміздің Алматы, Астана және де басқа ірі қалаларына біз жанұямызбен қыдырып, лагерьге демалуға барғанда қандай көлік түрлермен жетеміз? Соның ішінде ең тез жүретін көлік не?(Ұшақ) Ал ұшақты кім басқарады?(Ұшқыш). Олай болса. ұшқыштың көңілін, туған жерге деген сезімін білдіретін керемет өлеңмен танысқалы тұрмыз. Өлеңнің авторы Сағи Жиенбаев. «Ұшып келем» өлеңі. Біз осы уақытқа дейін Сағи Жиенбаевтың өмірімен, шығармаларымен таныстық, қазір осы білімдерімізді көрсетейік.
ҮІ. Жаңа сабақ. Автор туралы мәлімет.
Сағи Жиенбаев 1934 жылы 15 мамырда Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы Оймауыт деген ауылда дүниеге келген. 1955 жылы Қызылорда қаласындағы педагогикалық институтты бітіргеннен кейін, Жезқазған руднигінде мұғалім болып қызмет істеген. Оның аудармасында Байронның, Пушкиннің, Лермонтовтың, Гамзатовтың және басқа әлем әдебиетінің классиктерінің өлмес туындылары қазақ тілінде тамаша сөйледі. Сағи Жиенбаев - талантты ақын. Оның «Қарлығаш», «Сыйлық», «Менің көршім», т. б. өлеңдер жинағы жарық көрген.
Бүгінгі сабағымызда Сағи Жиенбаевтың«Ұшып келем» өлеңін оқи отырып, ақынның самғап ұшқан арманымен танысамыз.
Сағи Жиенбаевтің қандай өлеңдерімен таныстық?( «Ботақан», «Қошақан», «Бұзауқан», «Әлия» т. б.)
Ақынның тақырып ауқымы кең. Халықтың жүрегінен орын алған «Ауыл қарттары», туған жеріне, жыл мезгіліне, достарына, соғыс батырларына арнап өлеңдер жазған. Осы Сағи Жиенбаевтың өлеңдеріне поэзия минутын өткізіп, бір сәт өлеңдерін еске түсірейік.
«Поэзия минуты» Әр топ оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
«Күн» тобы. Жыл мезгіліне арналған өлеңдер.
Көктем еді бір жаңбыр құйып өткен,
Дария мұзын бір толқын тіліп өткен...
Жағалаудан шалғынның иісі аңқып,
Жарқыраған көктемнің күні көктен.
«Ай» тобы. Туған жеріне арналған өлеңдер.
Таң атса да қиырдан қылаң беріп,
Күн батса да қып - қызыл қыран болып,
Оймауытым, мөп - мөлдір аспан құсап,
Күндіз - түні мен сені тұрам көріп!
«Ғарыш» тобы. Соғыс батырларына арналған өлеңдер.
Әлия
Даламыздың даңқысың,
Балауса гүл – балғын қыз.
Жанын қиып халқы үшін,
Жанып түскен ақ жұлдыз.
Мәңгі жасап жерде енді,
Биік бол деп таулардан,
Сенің балғын бейнеңді
Жасап қойдық мәрмәрдан.
Бірге соқсын дүрсілдеп,
Туған жермен жүрегің.
Ауасында жүрсің сен -
Әнге қосып жүр елің.
- Қазақтың дара ақыны Сағи Жиенбаев тірі болғанда 80 жасқа келетін еді. Ендігі жерде өлмейтін өлең қалдырған ақын жыры жас ұрпақпен ұзақ жасай береді.
ҮІІ. Жаңа білімді меңгерту: 1. Оқулықпен жұмыс:
- мәнерлеп оқу,
- іштей оқу,
- тізбектеп оқу,
- ызыңдап оқу,
- түсініп оқу.
- Өлеңде кім туралы жазылған?
- Ұшқыш көкте жүріп неге қызығады?
- Өлеңді оқығанда қандай сезіммен оқыдың?
(қуаныш, мақтаныш, шаттық, сүйіспеншілік, сағыныш, патриоттық)
2. Өлең құрылысына тоқталу. Слайд.
- Өлең неше шумақтан және неше тармақтан құралған?
- Өлеңдегі сегіз тармақты бірінші шумақтың ұйқасу үлгілерін көрсет. Не байқадың?
Проблемалық жағдай.
- Ұшақ қалай пайда болған? Не айта аласыңдар?
- Ұшқыш болу әрбір баланың арманы деп ойлаймын, себебі балалық шағында ұшқыш болсам, деген арманмен өскен азаматтар бар. Ол кім екен? (Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев, Н. Назарбаев) Бала кезінен Нұрсұлтан Әбішұлы ұшқыш болуды армандаған екен. Мектепті бітірген шағында Киевтегі азаматтық авиация институтына оқуға түсуге мүмкіндік алады. Алайда, тағдыр оны мүлдем басқа арнаға бұрады...
Қазақфильм студиясында режиссер Рүстем Әбдірашевтің ҚР Президентінің балалық шағы жайында 2011 жылы түсірген көркем туындысынан үзінді қарай отырып, біз де бір сәт армандап болашақ мамандықтарымызды көз алдымызға елестетейік.
- Енді балалар, осы кинодан алған, өз армандарыңнан алған әсермен «Ұшып келем»өлеңін оқиық. Өлеңді оқыдық, сергідік, енді балалар осы өлеңде сендерге түсінуге қиын сөздер болып отыр. Яғни, сөздікпен жұмыс жасайық.
3. Сөздік жұмысы. Слайд.
Өңір – атырап, аймақ, өлке.
Асу - асу белдерім – таудың қырқасы, аласа асуы.
Ғалам - бүкіл жер жүзі, әлем.
Жанар – көз, көздің нұры, қарашық.
- Балалар, біз қандай үлкен бөліммен жұмыс жасап отырмыз? (Туған елім - тұғырым)
- Өлеңнен туған жерге деген ыстық сезімді білдіретін өлең шумақтарын тауып оқы.
- Өлеңнен туған жерге деген ыстық сезімді бейнелейтін сөздерді тауып оқы.(асу - асу белдерім, асқар – ала тауларым, құдіретті күшімен)
- Балалар, өлең сендерге ұнады ма?. Ал осы өлеңді маған өз тілдеріңмен қалай түсіндіріп жеткізер едіңдер.
4. Өлеңді қара сөзге айналдыру.
Топтарда жұмыс жасаймыз, тапсырмаларыңыз.
«Күн» тобы. 1 - шумақ
«Ай» тобы. 2 - шумақ
«Ғарыш» тобы. 3 - шумақ
5. «Ғажайып әлем»Слайд.
- Өлең қандай жолмен аяқталып тұр. Балалар, өлең менің ойымша аспан әлеміне қызығушылықтан туған өлең. Аспан әлемі кім - кімді де қызықтырады
Сендер де жазда түнгі аспанға қызыға қарайсыңдар ма?
Адамзат ерте кезден аспан әлеміне қызығып, оны зерттеген, оған нені пайдаланған.(ит туралы мағлұмат беру.) Тек 20 - ғасырдың 60 - жылдары ғана аспан әлеміне жол ашылып, адамдар ғарышқа ұшты. 1961 жылдың 12 - сәуірі тарихи күн. Адамзаттың аспан әлемін игерген күні болып тарихқа енді. Сендер байқампаз көп оқитын балалар болсаңдар, мына тапсырмаларға жауап бере алады деп ойлаймын.
«Күн» тобы: Әлемдегі атақты ғарыш мекені қай елде, ата.
«Ай» тобы: Алғаш рет ғарышқа ұшқан кім?
«Ғарыш» тобы: Қазақ ғарышкерлерінің аттарын ата. Әйел ғарышкер туралы не білесің?
6.«Планеталармен танысу» көрінісі.
Слайдтан планеталардың суретін көрсетіп, қысқаша түсінік беру.
Аспан әлемін зерттеу арқылы адамзат мынадай планеталарды ашқан екен:
1. Меркурий – Күнге ең жақын орналасқан планета.
2. Шолпан – ең ашық планета. Шолпанда көп сөнбеген жанартаулар мен қайнаған теңіздер бар.
3. Марс – Күннен кейінгі төртінші планета. Оны қызық планета деп атайды, себебі оның құрамы қызыл тастардан тұрады.
4. Жер – Ғалымдардың пікірінше, бұл Күн жүйесіндегі су мен өмір бар жалғыз планета.
5. Юпитер – Күн жүйесіндегі ең үлкен планета. Оның көлемі Жермен салыстырғанда 1300 есе үлкен.
6. Сатурн планетасының жарқырауық сақиналары бар. Олар көптеген тастардың жарқын шақтарынан, мұздан және шаңнан тұрады, ал Сатурнның беткі қабаты қатты емес.
7. Уран тоғыз сақинамен қоршалған. Ол жерде қараңғы және суық, себебі ол Күннен алыс орналасқан.
8. Нептун көгілдір түстес жарқырайды. Оның беткі қабатында қатты желдер соғады. Күн жүйесінің бұл планетасы Күннен өте алыс орналасқан.
7. Тапқырлық тапсырмасы.
Әр топқа сөз таптарына байланысты тапсырма беру.
«Күн» тобы: Өлеңнен атау септігіндегі зат есімді тап.
(аспан, белдерім, тауларым, көлдерім, көз, жұлдыз, сәт, ғалам, адам, от)
«Ай» тобы: Сын есімді тап.(мөлдір, асу - асу, асқар - ала, биік, құдіретті, аппақ - аппақ)
«Ғарыш» тобы: Етістікті тап.(ұшып келем, жүріп, ұшқан, ұшсам, келе жатыр, ұшып, келемін, зымырап, жарқырайды, болып көрінемін, жанған, көрінеді)
8. «Синквейн» әдісі. «Еркін жазу» әдісі.
«Күн» тобы: Ғарышкерлер туралы 5 жол өлең жазу.
«Ай» тобы: «Мен ғарышкер боламын» шағын әңгіме жазу.
«Ғарыш» тобы: «Ғарыш әлемі» шағын эссе жазу.
ҮІІІ. Қорытынды.- Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік?.
«Пирамида» стратегиясымен өлеңнің мазмұнын қысқаша сипаттау.
1. Кейіпкерлер (аты)
2. Сипаттау (екі сөз)
3. Оқиға орнын сипаттау (үш сөз)
4. Оқиғаға әкелетін проблема (төрт сөз)
5. Оқиға(бес сөз)
6. Оқиғаны шешу жолдары (алты сөз)
7. Осы проблеманың шешілуі.
1. Ұшқыш - ғарышкер
2. Ұшып келеді
3. Мөлдір аспан төріңді
4. Көкте жүріп қызығамын жердегі
5. Анау туған жердің құдіретті күшімен
6. Осы бір сәт жарқырайды жанар да
7. Жердегі адам, жерде жанған алау от
Жұлдыз болып, көрінеді маған да!
Туған жер, туған өлке жайлы мақал – мәтелдер айту. (Туған жердің түтіні де тәтті. Өз еліңнің иті де қадірлі. Туған жерің түсіңе кіреді. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық. Отан оттан да ыстық.)
ІХ. Үйге тапсырма: 1. Өлеңді жаттау. 2. Туған жер, туған өлке туралы4 - 5 мақал жазып, жаттап келу.
Х. Бағалау.
№ 7 орта мектеп
Өткізген: Күншығарова Сәния
Сағи Жиенбаев "Ұшып келем" 4-сынып
- san07
- 10 қараша 2015
- 9021
- 0
- 0
Ілмек сөздер: бастауыш сынып, әдебиеттік оқу 4-сынып, Сағи Жиенбаев
Ұқсас жаңалықтар:
12 - сәуір ғарышкерлер күні
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Отанына деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, қазақ тілінде таза сөйлеуге, сөздің мағынасын түсініп тапсырманы дұрыс...Ғарышқа жол ашу
Білімділігі: Ғарышты игеру деген ұғымымен танысу. ҚР ғарышкерлерімен, Байқоңыр айлағымен таныстыру. Оқушы бойына зерттеушілік жұмыстарға деген...Ғарышқа ұшу, ғарышты игеру
Тақырыбы: «Ғарышқа ұшу, ғарышты игеру.» Мақсаты: а) ғарыш, ғарышты игеру деген ұғымдармен таныстыру. Әлемдегі тұңғыш ғарышкер туралы, Қазақстанның...Тоқтар-тұңғыш ғарышкер
Білімділігі: Өлеңнің мазмұнын түсіне отырып, Байқоңыр ғарыш аймағы туралы түсінік беру. Дамытушылығы: Сөздік қорын, тіл байлығын дамытуға,...Алматы - бас қалам, Жас қала - Астанам!
Пәні: әдебиеттік оқу Тақырыбы: Жарасқан Әбдірашев. Алматы – бас қалам, Жас қала - Астанам Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.