Тақырып: Жуан және жіңішке дауыстылар
Сабақтың мақсаты:
1. Дыбыс, әріп, сөз, сөйлем туралы білімдерін пысықтай отырып, дауысты дыбыс түрлерін шығармашылық жұмыстар орындау арқылы меңгерту. Тірек - сызбаларға сүйене отырып, өз тілін дамытуға үйрету.
2. Салыстыру ой - өрістерін дамыту, ауызша сөздік қорларын арттыру, дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыру, өз бетінше, топтық және жұптық жұмыс жасауға және ізденуге баулу.
3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, мейірімділікке, сауатты жазуға және өз тілінде дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ - жауап, ой қозғау, топтау, сын тұрғысынан
ойлау және жазу.
Сабақтың көрнекілігі: сызба - суреттер, кестелер, оқулық, дәптер, үлестірмелі кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық
Сыныбымыз тап – таза,
Біз дайынбыз сабаққа.
Денемізді жинақтап
Отырайық партаға.
ә) Күн ретін жазу.
б) Көркем жазу. Е е Еңбек түбі – береке.
Бүгінгі сабақта еңбек арқылы өз білімдеріңді көрсете аласыңдар.
в) Сабақтың тақырыбын және мақсатын таныту.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Ертегі: «Әріптер елінде»
Ертеде барлық әріптер бірге өмір сүріпті. Олар барлығы бір түсті болған екен. Тату – тәтті өмір сүріпті. Бір күні қатты дауыл соғады. Желдің қатты соққаны соншалықты әріптердің барлығы жан - жаққа шашырап ұшыпты.
Бірнеше әріптер күннің үстіне қонып, күнге күйіп қып - қызыл болыпты.
• Бұл қандай дыбыс әріптері деп ойлайсыңдар?
Бұл – а, ә, е, ё, и, о, ө, ү, ұ, (у), ы, і, э, ю, я.
• Бұл дыбыс әріптері туралы не білесіңдер?
Дауысты дыбыс ережесін айтады.
Ал қалған әріптер бұлттың бетіне және ағашқа қоныпты.
• Бұл қандай дыбыс әріптері деп ойлайсыңдар?
Дауыссыз дыбыстар ережесін еске түсіреді.
Ағаштың бұталарына б, в, г, ғ, д, ж, з әріптері қонды. Ал к, қ, п, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ әріптері ағаштың діңіне барып қоныпты. Л, м, н, ң, р, й, у әріптері бұлтқа қонған екен.
• Бұл дыбыс әріптері туралы не айтасыңдар?
Дауыссыз дыбыс әріптері қатты мұңайып, көңілсіз болып жүреді. Өйткені, олар бір - біріне қосылып тұра алмады. Сол кезде дауысты дыбыс әріптері: «Оларды біз біріктірейік» деп көмекке келеді.
• Олар енді не істей алады?
ДЫБЫС СӨЗ СӨЙЛЕМ
ӘРІП
Тапсырма
ж, л, е, т, қ, о, а, с, н - желтоқсан
қ, ң, а, а, т, р - қаңтар
н, п, қ, а, а - ақпан
Дауысты дыбыстар: е, о, а.
«Күншуақ» кестесін тиісті сөздермен толықтыру қажет.
ІІІ. Мағынаны тану.
1) Оқулықпен жұмыс.
32 – жаттығу. Әр топтағы сөздерді дауысты дыбыс түріне қарай кестеге толтыру және берілген сөздерден сөйлем құрап жазу.
Сөздер Жуан Жіңішке
1. Өріске, жайылды, мал.
2. Шөп, қозы, жеді.
3. Ішті, құлын, су.
4. Тасқа, лақ, секірді.
Мал өріске жайылды. Қозы шөп жеді. Құлын су ішті. Лақ тасқа секірді.
• Сөйлемдерде нелер туралы айтылған?
СЕРГІТУ СӘТІ. Пұшайт - пұшайт – қолды екі жаққа созу;
Шөре – шөре - қолды алға қарай созу;
Құрау – құрау - қолды жоғары көтеру;
Аухау – аухау - қолды иыққа көтеру;
Көс – көс - қолды белге қойып, айналу.
«Көңілді түстер»: Қызыл – қызыл, қасқырдан тығыл.
Сары – сары, шашылды тары.
Қара – қара, шашыңды тара.
Көк – көк, суды төк.
Қоңыр – қоңыр, орныңа отыр.
2) Топтық жұмыс.
Мақсаты: берілген сөздердегі қателерді түзету.
ҚҰДҰҚ
БҮРШҮК
ҚЫРҰҚ
КӨРҮК
ҚҰЛҰН
ҰРШҰҚ
ШЫЖҰҚ
ТІЛКҮ
БҮГӨН
СҮЛГҮ
IV. Ой - толғаныс.
Жұптық жұмыс. ( Берілген дыбыстарға сәйкес екі буынды сөздерді жазу)
А, о Боран, қора, торғай, қора, жота, оймақ, тоқаш, моншақ, дорба, сорпа.
Ы, ұ Құлын, жұлдыз, жұмыс, құдық, бұғы, ұшқыш, ұрлық,
Ә, е Әсем, әже, сәуле, пәтер, әлем, дәптер, әтеш, әпке,
Ө, і Бөрік, көлік, көмір, көрші, өрік, төстік, көрік, өмір.
Ү, і Түлкі, сүлгі, жүзік, үйшік, күшік, күріш, күлкі, күміс
Ө, е Өзен, төсек, бөлме, көше, көйлек, көрпе, өлең, көрме, өрнек, өркеш, көке.
А, ұ Бұршақ, құлақ, ұшақ, бұтақ, сұрақ, бұзау, ұста, бұлақ, жұмбақ.
V. Сабақты қорытындылау. 4
Сұрақ – жауап:
• Дауысты дыбысты қалай білеміз?
• Дауысты дыбыс түрлерін ата.
• Жуан дауыстыларды ата. 4
• Жіңішке дауыстыларды ата.
«Кубизм» әдісімен сөз табу ойыны. Берілген әріптер – а, р, м, т, қ, е.
Мысалы: оқушы текше алған кезде өзі көрінген әріптен басталатын сөз айтады және сөздегі дауысты дыбыстың жуан не жіңішке екенін анықтайды.
Шешуі: «Рахмет» сөзі шығады.
VI. Үйге тапсырма.
36 – жаттығу (жазбаша).
VII. Бағалау
Жуан және жіңішке дауыстылар
- zhienalieva75
- 9 қараша 2015
- 17698
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жуан және жіңішке дауыстылар, дыбыс, әріп, сөз, сөйлем туралы
Ұқсас жаңалықтар:
Табиғатқа саяхат. Б б дыбысы мен әрпі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1. 2. 1. 2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу,...Ү дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Ү дыбысы мен әрпін таныту. Ол арқылы берілген сөздерді оқуға үйрету және оның жіңішке дауысты дыбыс екенін айту. Ү...Дауыссыз к мен г
Маңғыстау облысы, «Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» ММ - сі Ақкөзова Қарлығаш...Ұ дыбысы мен әрпі
1. Ұ дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген оқу мен жазуды үйрету, Ұ дыбысы келетін жаңа сөздерді үйрету арқылы оқушылардың білімін, тілін..."Ү" дыбысы мен әрпі
Білімділік: Ү дыбысы мен әрпін таныту. Ол арқылы берілген сөздерді оқуға үйрету және оның жіңішке дауысты дыбыс екенін айту. Ү әрпінің баспа және...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.