Атырау облысы, Жылыой ауданы,
Құлсары қаласы, №8жалпы орта білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Өмірова Ақбөпе Ізбасарқызы
Тақырыбы: Тіл білгірі сайысы
Мақсаты: Қазақ тілі өнерін, шешендік пен тапқырлықты, асыл сөздер мен мақал - мәтелдердің негізгі ойын түсініп, оны өмірде пайдалана білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, карточкалар, мультимедия.
Мұғалім сөзі:
Құрметті оқушылар, ұстаздар бүгінгі «Тіл білгірі» сайысына қош келдіңіздер Қазақстанның мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Қазақстан көпұлтты мемлекет. Көпұлтты мемлекет болу үшін мемлекеттік тіл қажет. Тіл - жеке адамның туындысы емес, қоғамның жемісі, қоғамның нәтижесі. Тіл - қоғамдағы адамдардың қарым - қатынас құралы. Сондықтан да тіл мәртебесін көтеріп, оны дамытатын біздің білімді шәкірттеріміз. Бүгінгі сайысымызды ана тіліміздің қанша - мықты көркем, әдемі тіл екенін дәлелдегіміз келсе, барлық сайыскерлер жақсылап ат салысайық дегім келеді. Барлығыңызға сәттілік тілей отырып сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.
Шарттары:
1. Таныстыру
2. Жүйрік болсаң шауып көр
3. Тапқыр болсаң тауып көр
4. Ұйқасын тап
5. Сөз тапқанға қолқа жоқ
Жүргізуші:
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына - дей келе сайыскерлерімізге сәт - сапар тілеп, әрі қарай өздерін таныстырсын.
Таныстыру бойынша әділқазылар бағасы.
Жүргізуші: Қазақ халқы - сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектермен өрнектеп, терең мағыналы сөздермен зерлеп келе жатқан халық. Ендеше келесі сайысымыз мақал - мәтелдер туралы болмақ.«Жүйрік болсаң шауып көр» деп аталады.
Мақал ішіндегі сөздер беріледі. Сол сөз бойынша мақалды құрастырып мағынасын түсіндіру.
1. Білім, ақыл (Білім тозбайды, ақыл азбайды)
2. Тіл, бас (Тіл тас жарады, тас жармас бас жарады)
3. Еңбек, қарын (Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей)
4. Батыр, қоян (Батырды намыс өлтіреді, Қоянды қамыс өлтіреді)
5. Алтын, көмір(Аз сөз - алтын, көп сөз - көмір)
6. Кітап, білім (Кітап білім - бұлағы, Білім өмір шырағы)
7. Жаңбыр, батыр(Жаңбыр жауса - жер ырысы, Батыр туса - ел ырысы)
8. Дос, ақыл (Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды)
Жүргізуші: Осы сайыстың әділ қазылар бағасын берсе.
Жүргізуші: Көп жасаған қария
Ақылы теңіз - дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, өзі нәр.
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты,
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күні бармақты - дегендей келесі кезете «Тапқыр болсаң тауып көр» деп аталады. Мұнда біз кейбір әдеби сөздердің тура мағынасын ашып түсіндіретін қарсы мәндес сөздерді дәл табуымыз керек.
Жігері құм болды. (Дәрменсіз күйге түсті.)
Төбе шашы тік тұру. (Қатты қорықты. )
Қой аузынан шөп алмау (Өте жуас.)
Ширегіне келмеді. (Теңесе алмады.)
Зағип (Соқыр.)
Пышақ үстінде. (Қолма - қол.)
Құралайды көзге атқан (Мерген.)
Сілесі қату (Шаршау.)
Қыршынынан қиылу (Жастай қайтыс болу.)
Қозы көш жер (2 – 3 шақырым жер.)
Сайыс қорытындысын әділ қазылар берсін.
Ж: Келесі кезекте сайысымыз «Ұйқасын тап»деп аталады. Өлеңнің соңғы жолы беріледі соған өлең ұйқастырып құрастырамыз.
Отан, ел туған жер туралы өлең шығару.
----------------------- сүйемін,
---------------------- өлеңім.
---------------------- асыр сап
---------------------- келемін.
Әділ қазылар өлеңнің бағасын берсін.
Ж: Тәртіп, талғам, тәрбие,
Үлкендерден аламыз.
Қанат байлап қияға
Тұлпар мініп шабамыз.
Ғылым, білім кімде көп,
Соған ұқсап бағамыз
Сағат санап өсуде,
Ақыл, ой мен санамыз,- дей отырып келесі тапсырмамыз тез әрі, нақты жауапты талап етеді. Қолдарыңызға берілген әріптерден басталатын етіп сұраққа жауап береміз. Яғни «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп аталады.
Сұрақтар.
1. Жазда каникулда қайда боласың?
2. Бүгін сабақта екі алдын не істейсің?
3. Апайың өзіңе ұнай ма?
4. Лотереядан миллион ұтып алсаң не істер едің?
6. Мектебің өзіңе ұнай ма?
7. Қай пәнді көбірек оқығың келеді?
8. Болашақта кім болғың келеді?
9. Әдепті бала - арлы балама?
10. Қардан балмұздақ жасауға болама?
11. Құлсары қаласы көшеді дегенге сенесің бе?
12. Өнер алды – қызыл тіл дегені дұрыс па?
13. Наурыз мерекесін қалай қарсы аласың?
14. Ұялы телефоның жоғалып қалды не істейсің?
15. Мұғалім болсаң не істер едің?
16. Бірден он бір оқығың келеме?
17. Президент болсаң не істер едің?
18. Машинаң болғанын қалайсың ба?
19. Сыйлық алғанды ұнатасың ба?
20. Достарың көп пе?
21. Қандай мультфильмдер ұнайды?
22. Білім не үшін керек?
23. Қалауын тапса қар жанама?
24. Болашақта Қазақстан қандай болады?
25. Ұшқыш болғың келеме?
Ж: Осымен «Тіл білгірі» сайысымызда өз мәресіне жетті. Сөз әділ қазыларда. Марапаттау, дипломдар табыс ету.
Ән: Ана тілін сүйеміз.
Қорытындылау.
Тіл білгірі сайысы
- akbope
- 7 қараша 2015
- 7731
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тіл білгірі сайысы, сайыс сабақтың жоспары, интеллектуалдық ойын, зияткерлік сайыс
Ұқсас жаңалықтар:
Ғылым, білім туралы мақал-мәтелдер
Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер, Залыммен жақын болсаң, басың кетер. Ғылым - теңіз, білім - қайық. Кітап - ғылым – тілсіз мұғалім....Тапқыр достар (зияткерлік ойыны)
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, №3 ЖОББҚМ Тасқалиева Гүлбар Кенжеғалиқызы...Сөз мерген
«Сөз мерген» сайысы...Қазақ тілінің білгірі
Қазақ тілінің білгірі Сайысты өткізудегі негізгі мақсатым: Мемлекеттік тілді жақсы меңгерген (класты) топты анықтау. Сайысқа үш кластан алынған 3...Cөз-мерген (сайыс)
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Белес ЖОБМ балабақшасының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Меңдіғазиева Ақсамал Мұратқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.