Жалпы орта білім беретін 1 орта мектебі КММ
бастауыш сынып мұғалімі Жандаулетова Кызғалдак Жангазыевна
Дүниетану пәні 1 - сынып
Сабақтың тақырыбы: «Қала»
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның ірі қалалары және жергілікті қала туралы мағлұмат беру, Мәтін мазмұнын аша отырып, қаладағы мәдени орындармен таныстыру.
ә): Топ алдында еркін сөйлеуге, өз ойларын қорытындылап айта білуге және танымдық қабілеттерін дамыту
б) Өз қаласына деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ояту. Адамгершілікке, өз қаласын көркейтуге үлес қосуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:(СТО) технологиясы, топтық
Сабатың әдісі: ой шақыру, топтастыру, сұрақ қою қайтадан сұрақ қою, әлемді шарлау, бес жолды өлең
Көрнекілігі: суреттер, сызбалар, «Менің сүйікті қалам» атты слайд
Міндеттері:
1. Мазмұнға байланысты міндеттер
Мәтіннің тақырыптық негізін тани алады.
2. Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты міндеттер:
- Мәтінмен жұмыс істей отырып талдау жасайды, өз қарасын білдіріп, пікір айтады.
3. Топтық жұмысқа байланысты міндеттер:
- бір - бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады, білгенін ортаға
салуға үйренеді
4. Бағалау (бағалау парағы)
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа даярлау
1. Қызығушылықты ояту
Біз қай қалада тұрамыз?
Жезқазған – мысты қала.
Қалада қандай мәдениет орындары бар?
Топтастыру стратегиясы
Қала
↓
Көлік түрлері
Зәулім үйлер
Театр
Мұражай
Саябақ
2. Мағынаны тану сатысы
а) Мұғалімнің мәтінді оқуы, түсіндіруі
Қалада халық көп шоғырланған. Үйлері көп қабатты. Оларға жылу мен су орталықтан жіберіледі. Қалада жоғарғы оқу орындары, театрлар, мұражайлар, саябақтар бар. Қаланың бір шетінен екінші шетіне көлік тұрақты қатынайды. Қазақстанның аса ірі қалалары: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Өскемен.
Сұрақ қою қайтадан сұрақ қою
1, 2 жұптасу арқылы сұрақ қою
- Сен қай қалада тұрасың?
- Саған қалада тқрған ұнайды ма?
- Қаладағы көлік түрлерін ата.?
- Қазақстанның аса ірі қалаларын ата.?
Сергіту сәті
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырасын даламыз,
Жайнай берсін қаламыз.
3. Ой толғаныс сатысы (әлемді шарлау)
І топ «Менің қалам» эссе жазу
ІІ топ «Біздің қала» сурет салу
ІІІ топ «Қаладағы мәдениет орындарының аттарын жаз»
Үйге тапсырма
Мәтінді оқу, мазмұндау
Қала туралы өлең шығару
Бағалау
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.