Тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі
Мақсаты:
Білімділігі: Зат есім олардың тәуелденуі туралы мағлұмат беру. Тәуелдік жалғауларының мағынасын байқату, олардың емлесін түсіндіру.
Дамытушылығы: Сөйлеу тілін, есте сақтауын, ойлауын, дамытуын өзіндік жұмыс, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру
Тәрбиелілігі: Өзгелермен қарым - қатынас жасауға адамгершілік қасиеттерге баулу, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке баулу.
Әдісі: сұрақ - жауап, ойын, шығармашылық тапсырмалар жазылған кестелер, слайттар.
Жүру барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Психологиялық дайындық:
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
- Жарайды, балалар, бүгінгі сабақта сіздерге сәттілік тілеймін.
Енді өздеріңіз айтқандай барлық істі атқаратын екі қолымыз дедіңдер. Сабақта берілген тапсырмаларды орындау үшін бізге көмекші зат керек пе?
- Иә, сонда ол заттың аты не?
- Қалам
- Осы сөзге сұрақ қояйық. Не?
- Бұл заттың атын білдіретін сөз, яғни Зат есім.
- Зат есім дегеніміз? Сұрақтары (оқушылар айтады)
- Осы сөзді мен былай өзгертіп жаздым.
Қалам - қаламым - қаламың - қаламыңыз - қаламы
- Сөздер қалай өзгерді. Сөздерге не жалғанды?
- Қосымша
- Қосымшалар қалай аталады: жұрнақ, жалғау.
- Сөзге қосымша жалғанды.
Егер қалам сөзіне жұрнақ жалғап туынды сөз жасасақ. Бұл зат есімнің туынды түрі.
Қаламгер туынды зат есім.
Қаламдар жалғау жалғағанда, қаламның көп екенін білдірді. Зат есім көптелді. Көптік жалғауы жалғанды. Сонда, қалам сөзіне неше рет жалғау жалғадым.
І - ым; ІІ - ың; ыңыз, ІІІ - ы
Осы сөздердің айтылуына көңіл бөлейік. (қалам - қаламым, қаламың, қаламы) яғни, олар біреуге меншіктеліп айтылып тұр.
Көпше түрде айтсақ.
Менің қаламым----------- Біздің қаламдарымыз
Сенің қаламың------------ Сендердің қаламдарыңыз
Сіздің қаламыңыз-------- Сіздердің қаламдарыңыз
Оның қаламы-------------- Олардың қаламдары
Яғни бұл сөздер тәуелденіп тұр. Зат есім тәуелденеді екен. Сөздерге тәуелдік жалғаулары жалғанып тұр.
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі
Заттың біреуге меншікті, тәуелді екенін білдіретін сөздерді зат есімнің тәуелденуі дейміз.
II. Оқулықпен жұмыс. 38 - жаттығу. Тақтамен жұмыс. 3сөйлемді үш топтан үш оқушы жазады. Сағатым, мысығым, қаламы.
Заттың біреуге тәуелді екенін білдіріп тұр.
IV. Топпен жұмыс. Сөздерді төмендегі үлгі бойынша жаз.
Ана, қол, қозы, етік.
Менің анам,--------- Біздің анамыз
Сенің анаң----------- Сендердің аналарың
Сіздің анаңыз------- Сіздердің аналарыңыз
Оның анасы--------- Олардың аналары
І топ. Қол
ІІ топ қозы
ІІІ топ етік
Сөздерге жалғанған қосымшаларды тауып астын сыз. Бұл жұрнақ па, жалғау ма? Бұл қосымшалар қандай мағынаны білдіріп тұр.
Әр топ өздері жалғаған қосымшасын айтады және қорытындылайды.
Заттың біреуге тән екенін білдіретін жалғауларды тәуелдік жалғаулар деп атайды. Тәуелдік жалғаулар үш жақта жекеше және көпше түрде айтылады.
І жақ ІІ жақ ІІІ жақ
Жекеше көпше Жекеше көпше Жекеше көпше
- м - мыз, - міз - ң - ыңыз, - ы - ы
- ым, - ымыз, - іміз - ың - іңіз - і - і
- ім - ңіз
V. Ауызша. 40 - жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап.
Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ желеді,
Аузы жоқ ұлиды.
Тәуелдік жалғауы жалғанған сөздерді тап, оларға сұрақ қой. Әр топ өздері қорытындылайды. Нешінші жақта айтылып тұрғанын айтады.
VI. Жатқа жазу. Өлеңді оқып, жатқа жазыңдар. Тәуелдеулі сөздерді тауып астын сыз. Қарамен жазылған
Түйем шықты өріске,
Боталары маймаңдап.
Қойым өрді қапталды,
Қозыларым салды ойнақ,
Сөздерді түбір мен қосымшаларға ажырат:
Боталары, қозыларым
VI. Сергіту сәті
Топпен жұмыс
Шығармашылық жұмыс. Берілген сөздерді тәуелдену ерекшелігіне қарай топтап жаз. Семантикалық карта
І жақ
Кімім? Нең? ІІ жақ
Кімнің? Нең? Кіміңіз?
Неңіз? ІІІ жақ
Кімі? Несі?
Добым
Дәптерің
Оқушыларыңыз
Оқушылары
Дәптері
Добың
Дәптеріңіз
Дәптерім
Оқушыларым
Оқушыларыңыз
Добыңыз
Оқушыларым
Оқушыларың
Добы
Топтық жұмыс.
І топ: Керісінше сөзжұмбақ. Сөзжұмбаққа сұрақтар жаз. Ол үшін соңында берілген түсіндірме сөздікті басшылыққа ал.
Тігінен:
1. Әшекей үшін пайдаланылатын түсі ақшыл бағалы тастың аты.
2. Түрлі түсті жіппен арқау салып, жалақтап тоқитын тақыр кілем, төсеніш
Көлденеңінен:
1. Пейіл, жақсы ниет, көңіл, ынта, зерде
2. Сәндік үшін әшекей алтын немесе күміс теңге таққан шашбау.
ІІ топ: «Бес жолды өлең»
Зат есім: Кітап
Сын есім: қандай?
Етістік. Не істейді?
Сөйлем:
Синоним:
ІІІ топ: «Қыс қызығы» туралы эссе.
Мәтіннен тәуелденген сөздерді тауып айту.
Қорытындылау.
Жекеше көпше
І ж - м, - ым, - ім - мыз,- міз, - ымыз, - іміз
ІІж - ң, - ың, - ің - ың, - ің
- ыңыз, - іңіз - ыңыз, - іңіз, - ңыз, - ңіз
ІІІж - ы, - і - ы, - і
Үй тапсырма: Тәуелденген сөздерге үш сөйлем жазу.
Бағалау.
Зат есімнің тәуелденуі
- sarieva
- 12 қазан 2015
- 43619
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Зат есімнің тәуелденуі, бастауыш сынып
Ұқсас жаңалықтар:
Тәуелдік жалғау – окончание принадлежности
Тәуелдік жалғау – окончание принадлежности...Сөз таптарын қайталау
Сөз таптары туралы білімдерін шыңдау, сөз таптары туралы ұғымдарын жетілдіру, сөздерге дұрыс сұрақ қою арқылы сөз таптарын шатастырмай ажырата білуге...Зат есімнің жіктелуі
Жіктік жалғауларды түсіндіру. Сөздердің жіктелу үлгісімен таныстыра отырып, мысалдар келтіру арқылы жаңа тақырыпты пысықтау. Жіктік жалғауының...Тест
Қазақ тілі 2 сынып...Зат есім
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, Карагулин 18, № 6 орта мектебі ММ Бастауыш мектептің мұғалімі Қожағұлова Гүлжаһан Қожағұлқызы Қазақ тілі пәні Сабақ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.