Маңғыстау облысы, Жаңаозен қаласы,
Қашаған Күржіманұлы атындағы
№8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Жүзбаева Баян
Математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға қосу және азайтуды тиімді әдістерін пайдалана отырып, есептер шығара білуге үйрету.
2. Оқушылардың логикалық қабілеттерін, есте сақтау, есептей білу дағдыларын дамыту.
3. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа
тәрбиелеу.
Типі: дәстүрлі
Түрі: іскерлік ойын сабағы.
Пән аралық байланыс: ана тілі, музыка, дүниетану
Әдіс - тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, көрсету,
Техникалық құрал: компьютер, интерактивті тақта,
Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық: (1 – слайд)
Үлкенге де сіз,
Кішігеде сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
- Балалар бүгін біздің сабағымызда көптеген қонақтар келіп отыр. Сол кісілермен амандасып қояйық.
Өткен сабақтарда алған білімдерімізді пысықтаймыз. (2 – слайд)
- Санды немен белгілейміз? (цифрмен)
- Цифрды біз не істейміз? (көреміз, жазамыз)
- Кесіндіні немен өлшейміз? (см)
- Жұп сандарды ата?
- Тақ сандарды ата?
- Қосудың компоненттерін ата?
- Азайтудың компоненттерін ата?
- Қосудың ауыстырымдылық қасиеті жайлы не білесің?
- Маратта бар 5 іні, Мұратта бар 5 іні қоссақ 5 пен 2-ні неше болды шешуі? (7)
- Олай, болса бүгінгі жаңа сабағымыз «7 санын қосу, азайту»3 - слайд
- Балалар сендер қазір неше жастасыңдар? (7)
7 артына 0 санын қойсақ қандай сан шығады? Ұлы Жеңіске 70 жыл.
Ерте замандардан бері Жер бетін мекендеп келе жатқан халықтардың көпшілігі жеті санында сиқырлы күш бар деп санаған. Оны кие тұтып, қастерлеген небір ұлттар да болды. Соның бірі – қазақ халқы. Біздің ата - бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным - түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін жеті санымен атап, ата заңдарына, салт - дәстүріне арқау етіп келген.
Онда «Сиқырлы сандыққа» назар аударайық. (4 – слайд)
Әже туралы айту. 5 - слайд
1 - сандық
Қазақ халқында және де басқа мұсылман халықтарында жұма күні ”Қасиетті күн” болып есептелінеді. Бұл күні әр отбасындағы әжелер, аналарымыз “жеті шелпек” пісіріп таратады. Шелпек алған адам “ қабыл болсын!”деп тілегін айтады. Шелпек таратқан адам “Әумин!” деп тілегін қабыл алады. Жұма күні қайтыс болған туыстарына арнап құран бағыштайды
7+1=8
7+2=9
7+3=10
1+7=8
2+7=9
3+7=10
6 - слайд
7 - 1=6
7 - 2=5
7 - 3=4
7 - 4=3
7 - 5=2
7 - 6=1
7 - 7=0
7 - 0=7
2 - сандық (7 – слайд)
1. Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт - санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты - жөнін білуге міндетті.. Олай болса жеті ата: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.
Кесінділерді өлшеп, қосындыларын және айырмаларын табамыз.
- Балалар көк кесіндіні өлшейміз 9 см. Қызыл кесінді 7 см. Екеуінің айырмасы неше. 9 - 7=2 - ге. Қызыл кесінді 2 см кем.
- Енді балалар жасыл кесінді мен қызыл кесінділердің ұзындықтарының қосындысымен салыстырамыз. Ал қызыл кесінді 7 см жасыл кесінді 3 см. Екеуінің қосындысы 10 - ға тең. Олай болатын болса жазамыз.
9см - 7см=2см
7см+3см=10см
2см< 10cм
3 - сандық. 8 - слайд
Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
7 санын қосу және азайту
- bibka
- 3 қазан 2015
- 2776
- 0
- 0
Ілмек сөздер: 7 санын қосу және азайту, ашық сабақ математика 1 сынып, 7 саны слайд
Ұқсас жаңалықтар:
7 санын қосу және азайту
Бастауыш сынып мұғалімі: Рахимбаева Р....7 санын қосу және азайту
ШҚО, Семей қаласы, «№ 22 ЖОББМ» КММ бастауыш сынып мұғалімі Мамырбекова Анар Серикказиновна...Екі таңбалы санды қосу және екі таңбалы саннан азайту
Ақтөбе обл, Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің мұғалімі Исеғали Жайдар...7 санын қосу және азайту
Атырау қаласы, №35 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Қадырбаева Гүлбарша Құбекенқызы...7 санының құрамы
Ақтөбе қаласы, №40 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Күзенбаева Гүлжанар Дүйсенбайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.