Сайтқа кіру Тіркелу

Етістік

Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол селосы,
Кулагино орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Бердіғалиева Толқын Беркімбайқызы

Қазақ тілі 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Етістік туралы алған білімдерін пысықтау, етістікті сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету
Дамытушылығы: сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: әр түрлі саналы түрде орындауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығулар орындау.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Әрбір адам?
Туысым, досым, бауырым.
Әрбір сабақ?
Ұғу, үйрену, ұлағат.
Әрбір ісің?
Тірек, тірлік, адамдық.
Әрбір сөзің?
Шындық, бірлік, адалдық.

Үй тапсырмасы.
«Кубизм» әдісі бойынша сұрақ - жауап.
1. Сөз таптарын дегеніміз не?
2. Зат есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?
3. Жалқы есім және жалпы есім дегеніміз не?
4. Зат есімнің жекеше және көпше түрі дегеніміз не?
5. Зат есімнің көпше түріне қандай қосымшалардың жалғануы арқылы жасалады? Бұл қосымшаларды қалай атаймыз?
6. Етістік дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді.

Сәйкестендіру
Оқулықпен жұмыс.
Оқулығымыздың 133 бетіндегі 365 жаттығу.
Өлеңді мәнерлеп оқып, көшіріп жаз. Етістіктерді тап.
366 жаттығу.
Не істеді? сұрағына жауап беретін сөздерді не істейді? сұрағына жауап беретіндей етіп өзгертіп жаз.
Көрді - көреді, боздады - боздайды, баптады - баптайды, емдеді - емдейді, ойнады - ойнайды, жазды - жазады.
Сергіту сәті.
367 жаттығу Сурет бойынша сөйлемдер құрастыру.
1 топ 2 топ 3топ

"Тез тауып, бөгелмей айт" ойыны.
(әртүрлі етістіктерді тіркеп, бөгелмей айту керек)
Жел. Күн. Найзағай. Қой. Қоңырау. Марат. Жаңбыр. Әжем. Кино. Құстар.
368 жаттығу.
Жұмбақты оқып, шешуін тап. Сөйлемдерді етістіксіз айтып көр. Етістіктің не үшін керек екенін салыстыру арқылы түсіндір.
Аққу.
Қорытынды.
«Ішінде, сыртында» ойыны.
Оқушылар сыртындағы шеңберге зат есім сөздерді, ішіндегі шеңберге
етістік сөздерді, орналастыру.
Ребусты шешу.
Етістік
Тірек сызбамен жұмыс.
Сонымен балалар етістік туралы қорытындылай келе, мынадай тірек сызбаға тоқталамыз.
Тақтаға кесте ілінеді. Оқушылар етістікке қатысты мәліметтерге қосу белгісін қояды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Негізгі және туынды зат есім

Негізгі және туынды зат есім

Сабақтың жабдығы: Кесте, тапсырмалар жазылған үлестірмелер Жалпы мақсаттар: Зат есімнің негізгі және туынды түрлерінің жасалу жолдарын,...
Сөз таптарының бірі етістік туралы мағлұмат беру

Сөз таптарының бірі етістік туралы мағлұмат беру

Тапсырмаларды орындау арқылы зат есімнің қимыл іс - әрекеті болатын сөздерді тауып, оған сұрақ қоя білуге үйрету....
Дара және күрделі етістіктер

Дара және күрделі етістіктер

Тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер. Мақсаты: Дара және күрделі етістіктер жайлы түсінік беру. Етістіктерді тауып оларды ажырата білуге үйрету....
Зат есім

Зат есім

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, Карагулин 18, № 6 орта мектебі ММ Бастауыш мектептің мұғалімі Қожағұлова Гүлжаһан Қожағұлқызы Қазақ тілі пәні Сабақ...
Сын есім

Сын есім

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы №9 орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Шамұратова Бибигул Ивановна Қазақ тілі пәні Сабақтың...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×